Өлең, жыр, ақындар

Ертегілер бізде қонақта (Математикадан жыл бойғы білімдерін бекіту)

Оразалина Алмагул Бейсенбаевна
Сәтбаев қаласы  
№31 "Балапан" бөбекжай балабақшасы КМҚК

Сабақтың тақырыбы: Ертегілер бізде қонақта. (Математикадан жыл бойғы білімдерін бекіту)

Бағдарламаның мазмұны: Балаларды 1-ден 10-ға дейін ауызша санап, есептей білуге, сандар қатарын, сандарды тура және кері санауға, артық, кем, тең таңбалары арқылы сандарды салыстыра білуге үйрету. Балаларды өз бетінше ойлауға, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіте отырып, олардың ой- өрісін ойлау қаблеттерін дамыту. Санау туралы білімін математикалық жұмбақтар, түрлі ойындар арқылы жетілдіру.  Балалардың ойлау қабілетін, есте сақтау дағдысын дамыту.

Білімділігі: Сандардың құрамына байланысты алған білімдерін бекітіп, білім және білік-дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылығы: Баланың тілін, ой- өрісін, логикалық ойлау қабілетін, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

Тәрбиелілігі: Көзімен көргенін есіне ұстап сақтауға, шығармашылық еңбек ете білуге, алғырлыққа, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: қайталау

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс- тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада жасалған тапсырмалар.

Сабақ барысы:

 І. Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері:

Қол алысып қане біз,

Достасайық бәріміз.

Қайырлы күн жер Ана!

Қайырлы күн достарым

Сіздерді көргеніме қуаныштымын.

- Балалар, сендердің ертегіні жақсы көретіндеріңді білемін. Бүгінгі сабағымды мынадай ертегімен бастаймын.

-Сендер жыл басына таласқан хайуанаттар туралы ертегіні білесіңдер ме?

- Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

-Балалардың жауабы.  (сыйыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыр, доңыз, тышқан)

-Ендеше балалар «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі  бүгінгі  біздің сабағымызға қонаққа келіпті.

-Олар біздің сабақтарымызға өздерінің сендерге арнап тапсырмаларын ала келіпті.

-Ертегі кейіпкерлері жеке- жеке математика сабағынан тапсырма алып келген екен.

-Балалар сендер берілген тапсырманы орындасаңдар келесі ертегі кейіпкердің тапсырмасын аласыңдар.

-Егерде орындай алмасаңдар сендерге келесі тапсыр ма беріледі.

Кәне, тапсырмамен танысып көрелік.

1- тапсырма сыйыр жылы беріпті:

Тура және кері санауды білесіңдер ма?

Білсеңдер санап беріңдер.

 

2- тапсырма барыс жылы беріпті:

Сандардың көршісін білесіңдер ма?

Білсеңдер мына сандардың көршісін тауып беріңдер.

 

3- тапсырма қоян  жылы беріпті:

Математикалық жұмбақ сөз  есеп жасыра алатын балалар бар ма?

 

-Балалар енді біз математикалық жұмбақ есептер шешіп көреміз.

Нұрай Қ:

1. Бестен төртті алайық,

    Қанша қалды қарайық?

    Қарайық та санайық,

    Санайық та табайық.

5-4=1

Нұрай С:

2.Беспайда бар бес іні,

Естайда екі іні. 

Қоссақ бес пен екіні,

Қанша болар шешуі?

5+2=7

Камила Т:

3. Шығармақ боп кеше есеп,

Жиналғанды бес есек.

Үшеуі ұйықтап отырды,

Ынталысы неше есек?

5-3=2

4- тапсырманы  ұлу жылы беріпті:

Екі бірдей суретті салыстырып айырмашылықтарын атай аласыңдар ма?

5- тапсырманы жылан  жылы беріпті:

Шаршап қалдыңдар демалып сергіту сәтін жасаңдар. 2- тапсырма барыс жылы беріпті:

6- тапсырманы жылқы  жылы беріпті:

Суреттегі заттарды салыстырыңдар.

Қайсы көп- аз, үлкен- кіші атаңдар.

7- тапсырманы  қой  жылы беріпті:

Әр суретті сана және тиісті сандарды ата?

8- тапсырманы мешін  жылы беріпті:

Уақытты бағдарлау бір күннің өзі қанша уақытқа бөлінеді?

Уақытты бағдарлау.

- Бір күннің өзі қанша уақытқа бөлінеді?

 Балалардың  жауабы: Таңертен, түс, бесін, кеш, түн.

- Ендеше осы уақыттар туралы кім өлең оқып береді.

Дана Қ:

Ұйқымыздан тұрамыз,

Беті қолды жуамыз.

Әкемізге ереміз,

Бақшамызға келеміз,

Бұл қай кезде балалар? 

Алтынай:

Біз тәртіпті баламыз,

Сабақтыда оқимыз.

Серуенге шығамыз, қыдырамыз

Бұл қай кез?

Жансая:

Серуеннен қайтамыз,

Ұйықтаймыз.

Жеңіл тамак ішеміз,

Үйірмеге барамыз.

Бұл қай кез?                

Аян:

Күн батады қызарып,

Анамызды күтеміз.

Бұл қай кез?    

Мұхаммед:

Үйлерде шам жанады.

Демалады бар әлем.

Деп әлдилер ақ әжем-

Бұл қай кез? 

9- тапсырманы тауық  жылы беріпті:

Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?

Білетін геометриялық пішінмен топтағы заттарды салыстырып көріңдер.

Геометриялық пішіндер үш бұрыш, төрт бұрыш, тік төрт бұрыш, сопақша, дөңгелек.

Бөлмедегі заттарды салыстыру.

10- тапсырманы ит  жылы беріпті:

Жыл мезгілерін білесіңдер ма?

 Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

11- тапсырманы доңыз  жылы беріпті:

Есептер шығара аласыңдар ма?

12- тапсырманы тышқан  жылы беріпті:

Бір аптада неше күн бар?

Апта күндерін схема мен белгілей аласыңдар ма?

-Жеті күн бар.

Кім осы жеті күн туралы өлең біледі?

Расул:

1.Апта деген атайдың,              Төртіншісі- Бейсенбі.

Жеті бірдей ұлы бопты.            Бесіншісі- Жұма.

Біріншісі- Дүйсенбі.                  Алтыншысы- Сенбі.

Екіншісі- Сейсенбі.              Жетіншісі- Жексенбі.

Үшіншісі- Сәрсенбі.

Апта күндерін схемамен балалар қойып шығады.

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі сабақта «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісінің кейіпкерлерінің берілген тапсырмаларын орындап шықтық. Бүгінгі сабаққа барлығың жақсы қатысып, қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер.

- Кәне кім қорытындылап айтып береді бүгінгі сабақта біз не үйрендік?

Қоштасу шеңбері:

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау- саламат болайық.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер