Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
№7 «Алпамыс» бөбекжай балабақшасы КМҚК тәрбиеші
Асанова Сауле Турсуновна
«Достығымыз жарасқан балдырғанбыз»
(Ойын-сауық)
Балалар көңілді әуенмен залға кіреді. Екі жаққа бөлініп отырады.
Тәрбиеші:
Бейбітшілік өмірдің
Туы қолда толқыған.
Жадыраған көңілдің
Күйі керней ағылған.
Майдың жыры, май үні,
Аралай түс жер шарын.
Нұрыңды төк, май күні,
Ал құлашқа ел таңын!
- Балалар, көктемде әдемі көңілді мерекелер өте көп. Наурыз мерекесі, аналардың мерекесі, ал енді, 1 мамыр күні бізге достық мерекесі келе жатыр.
Айтыңдаршы, сендер тату-дос балаларсыңдар ма? Бірге ойнап, бірге жүресіңдер ме? Әрине, сендер тату-тәтті доссыңдар. Біздің балабақшамызда әр түрлі ұлттың балалары бар, бәрі тату өмір сүреді. Солай жер бетіндегі бар адамдар тату өмір сүру керек. Осы достық мерекесі достыққа шақырады. Сондықтан, біз бүгін осында жиналып отырмыз. Бүгін әр ұлттың ойынын ойнап, көңілді әндерді айтып, би билейік. Біздің көңілді бақытты өміріміз туралы бір ән шырқап жіберейік.
Балалар тақпақтары:
Жан біткендей жас тауға,
Шуақ ойнап арайлы.
Күн күлімдеп аспанда,
Мамыр әні тарайды.
Жайдары жаз түрге еніп,
Жадыратты жанымды.
Жер-дүние тербеліп,
Дала, қала құлпырды.
Болсын жер мен су да ортақ.
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ән: «Біз өмірдің гүліміз»
Тәрбиеші: Тамаша балалар!
Достық - біздің сиқырлы шеңберіміз,
Достық - біздің достарға сенгеніміз.
Достық – таңнан біреумен достасуың,
Достық - кеште достармен қоштасуың.
Достармен көңілді сәлемдесеміз!
(Қимыл қозғалыс арқылы сәлемдесу: Сәлем! Хеллоу, Привет!)
Көңілді жаттығуымызды айтайық.
Біз екеуміз ерте тұрдық керілдік (керіледі)
Балабақшаға бет алдық (аяқ басып)
Онда ойыншық жануарлар (секіреді)
Күтуде балаларды (аяқ басып)
Жаттығумен күн бастап (иіледі оңға,солға)
Би билеп әнімізді саламыз (би билейді)
Көрмесек бір бірімізді сағынамыз (отырып мұңаяды)
Балабақшам бәрібірде көңілді. (секіреді, қуанады)
Достарыммен тату тәтті жүремін. (қол шапалақтайды, құшақтасады)
Қоңырау соғылады.
Тәрбиеші: Балалар ненің дауысы естіледі. Барлықтарын отырыңдар. Бізге қонаққа Леопольд келді.
(Залға ән ырғағымен Леопольд кіреді.)
Мысық Леопольд пен тышқандардың көрінісі
Мысық Леопольд:
Сәлеметсіздер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, қонақтар. Мен сендерге мереке болатынын біліп тілек тілеуші жеті түрлі деген гүлді өсіріп алып келдім. (Қызыл бантик байланған қорап шығарады)
Мысық Леопольд:
Ой-ой-ой, мен үйде гүлдің қолдану тәсілін ұмытып кетіппін, тез барып алып келейін.
(Мысық кетіп қалады, тышқандар жүгіріп келеді.)
1-тышқан:
Леопольд, шық.
2-тышқан:
Қорқақ, шық.
1-тышқан:
Неге үндемейсің?
2-тышқан:
Ол бір жаққа кетіп қалды.
1-тышқан:
Ал, қорап ше?
2-тышқан:
Осында тұр.
1-тышқан:
Онда біз оған тосын сый жасап қоямыз. (Сары бантикпен байланған қорапты алып келіп, жанына қояды.) Қораптарды ауыстырып қоямыз, Леопольд ашады, ал онда « Бах!» (Қолдарын қағып күледі)
Аяқтепкіштің қоңырауы естіледі.
2-тышқан:
Қорапты ал, қашайық бұл жерден!
Леопольд шығып қолдану тәсілін оқиды.
Бұл жеті түрлі гүл, ол мейірімді-дос балаларға бақыт әкелетін гүл.
(Қорапты ашып гүлді алып шығады)
1-тышқан:
Бұл қалай болғаны, біз қорапты ауыстырып қойып едік қой?
2-тышқан:
«Бах» қайда?
1-тышқан:
Білмеймін, қане қарайықшы!
(Қорапты ашса, қорапта шар жарылады. Тышқандар қорқып құлайды)
Мысық Леопольд: Сендер солай менің балаларға деген сыйлықтарымды құртайын дедіңдер ме? Әне жазаларыңды алдыңдар. Ұялсаңдар етті?
Тышқандар: Кешірші бізді, Леопольд! Өтінем, кешірші!
Мысық Леопольд: Кешіреміз бе? Балалар!
Балалар: Кешіреміз!
Мысық Леопольд: Балалар, бәріміз тек достықта өмір сүрейік!
Ән: «Балабақшада»
Мысық Леопольд: Маған осындай әндер ұнайды. Ал енді маған үйге қайтуым керек. Мені игі істер күтуде. Адамдарға жақсылық жасау менің сүйікті ісім. Сендерге алып келген сыйлығымды тәрбиеші апайларына тастап кетем. Сау болыңдар балалар! Бәріміз тату тәтті өмір сүрейік.
(Мысық Леопольд шығып кетеді)
Тәрбиеші: Балалар гүлді ұстап тұрып, әркім өз арманын айтса осы гүлдің күлтелері арқылы орындалады дейді.Гүлдің күлтелерін алып алақандарына алып ұшырады. Және қонақтарға да ұсынады.
Тәрбиеші: Осымен біздің достық мерекесіне арналған ойын – сауығымыз аяқталды. Ал қазір біз, балалар қайтадан шеңберге тұрып бір-бірімізге жылы сөздер айтайық.
Балалар:
Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын елге ашқан.
Тілегіміз тыныштық,
Ашық болсын кең аспан.
Мықты болсын іргеміз,
Бәріміз де біргеміз.
- Ескен Елубаев
- Дмитрий Иванович Писарев
- Мишель де Монтень
- Платон
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі