Өлең, жыр, ақындар

Тіл - достықтың айнасы

Тақырыбы: Тіл - достықтың айнасы

Мақсаты: Оқушыларға ана тілінің қадір - қасиетін ұғындыру, елін - жерін сүйетін, егеменді еліміздің ертеңі болар саналы, білімді, ұлтжанды азамат тәрбиелеу.
Гүлжахан: Қайырлы күн қадірменді ұстаздар, оқушылар, тіл жанашырлары! Қазақстан халықтарының тілдері мерекесі құтты болсын! (үш тілде).
Айдана: Добрый день дорогие учителя и ученики! Поздравляем вас с празником языка нородов Казахстана!
Good afternoon! My dear teachers and pupils Welcome our language Happy holidays
Гүлжахан: Табысқан соң дүние фәнименен,
Тал бесікте жатқанда сәби денем
Ана тілі бойыма сіңдің шым - шым
Даусыменен анамның әлдилеген.
Айдана: «Апа» - деппін анама бір күн күліп,
«Әке» - деппін әкемді сілкіндіріп.
Өз тілімде осылай алғаш рет,
Былдыр қаға бастаппын тіл сындырып.
Гүлжахан: Ана тілім бойдағы зор намысым,
Тор құрсаулар жолыңда болғаны шын
Бұзып бәрін бүгінге аман жеткен
Жырым - жырым жаралы жолбарысым.
Айдана:
Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Өз ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін адам жоқ.
Гүлжахан:
Тіл мәселесі – қашан да өткір, өзекті мәселе. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» дегендей біз ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран етіп, қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек.

Айдана: Қалды артта қиямет азапты күн,
Қазақстан – Отаным азат бүгін
Қасиетті тілімнен мың айналам
Сақтап келген қазақтың қазақтығын.
Айдана: Қазақ биі
Гүлжахан: Жаяйыншы, Жаратқан, сырымды алға,
Бәрін алсаң өзің біл, тілімді алма.
Тілім барда елім бар еркелеткен
Мен де бармын санатта тілім барда.

Айдана: Қайта туды қазағымның ай – күні,
Күннен – күнге асар ма екен айбыны?
Жетпіс жылда өтті талай кешуден,
Қатар көріп шаттық, табыс, қайғыны.
Гүлжахан: Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім.
Ән «Анамның тілі»
Айдана: Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақ тілін ғаламат.
Ана тіл - арым, иманым,
Аманат, саған, аманат.
Кезекті 7 - сынып оқушыларына береміз.
Гүлжахан: Халықаралық байланыста әлемдік деңгейде қолданылатын 6 тіл бар. Олар: ағылшын, француз, орыс, испан, қытай, араб тілдері. Жарқын болашаққа ұмтылған Қазақстан үшін бүгінгі жағдайда біздің көп тіл білуіміз қажет. Сондықтанда біз бүгінгі бағдарламамызды үш тілде бастап отырмыз. Бірақ Қадыр Мырзалиев ағамыз «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегендей өз тілімізді қастерлеп, құрметтеп өсу біздің парызымыз.
Айдана: Мектебіміздің үш тұғырлы тілді қатар алып жүрген білімді шәкірттеріне сөз кезегін береміз.
(Ағылшын, орыс тілінде өлең оқитындар, қазақ тілінде Эсмира, Айнел, Құрмантай, Гүлзат).
Эсмира: Сүйемін туған тілім – анам тілім,
Бесікте жатқанымда – ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін
Айнел: Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар,
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып – ақ алыңдар
Гүлжахан: Ел тарихы, жер тарихы – өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,
Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз.

Айдана: Тілім менің ғасырлардан аманат
Аманатқа адам болсын қолғанат.
Ар намысқа келтірмейік жаман ат.
Қазақ болып туылдың ба,
Ендеше,
Өз тіліңді өзгелерге бағалат.
Гүлжахан: Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Әр халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда.
Айдана: Тіл - халықтың жаны, сәні, адамды мұратқа жетелейтін – ана тілі мен ата дәстүрі. Олардың барлығы бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір сүруі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегенді саясатының арқасы екені даусыз. Сіздер Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің Қазақстанға деген ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігінің, қазақ ұлты мен тіліне деген құрметінің куәсі боласыздар. Ендеше сөзді тағы да достарымызға берейік.
Орыс (Гүлаз) Мен орыспын, сыйлаймын қазақ ұлтын,
Қастерлеймін тарихын, салт - дәстүрін.
Өйткені мен өркендеп осы жерде,
Топырағын қазақтың басып өстім.
Өзбек (Құрмантай) Мен өзбекпін, сүйемін қазақ жерін,
Қазақ жері - ол менің туған жерім.
Сағынамын шет шықсам қазағымның
Тау - тасын, өзен - суын, асқар белін
Ағылшын (Райхан ) Мен ағылшын, сүйемін қазақ тілін,
Қаймағы бұзылмаған ғажап тілің.
Қазақ тілі лайық деп білемін,
Болуға ортақ тілі халықтардың. (Өзбек сынып оқушылары өлеңдер оқиды) Орыс биі «Белая береза»
Гүлжахан: Тілмен ғана қызық менің тірлігім
Тату еткен ел мен елдің бірлігін.
Туған тілмен асқақ шығып ізгі үнім,
Туған тілде алып жүрміз біз білім.
Ендігі кезекті 6 - сынып оқушыларына береміз.
Қазақстан – алтын бесік Отаным (Слайд көрсетіледі, музыка ойнап тұрады).
Ерболат: Басымды иіп,
Тіземді бүгіп тұрып,
Ажарымда айдындай шуақ тұнып.
Отанымды сүйемін күліп тұрып,
Отанымды сүйемін жылап тұрып. Арайлым: Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,
Мұхтар, Абай сөйлеген дана тілім.
Таза сөйле, терең ұқ, көп - көп ізден,
Жоғары ұста мәңгілік тілдің пірін Гүлбақыт: Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде.
Сен болмасаң болар ертең күнім не?
Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен.
Қазақ болып қалу үшін түбінде.
Гүлбахар: Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.
Хамит: Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар
Бәйбек: Ана тілім туған тілім, бал тілім,
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім,
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.
Назерке: Қуан анам! Ұстазыңнан сүйініп,
Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп.
Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді
Пір тұтамын мен алдыңа иіліп.
Хормен: Бұл жанды тіл – менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Жыры - қуат, сөзі – ана уызындай,
Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!
Гүлжахан: «Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өз халқы үшін – ұлы», - деген Шыңғыс Айтматов. Сондықтан, әр адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей де білуге міндетті.
Айдана: Тәуелсіздік тірегінің бірі – тіл. Тіл – халқымыздың қазынасы, сан ғасырлар бойы жүріп өткен жолымыздың шежірсі. Былайғы жерде егемендігіміз баянды болсын десек, ұлттық рухымызға өріс тілесек, туған тілімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Гүлжахан: Тарихы бар дастанымдай ерліктің,
Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің.
Қазақстан – алтын бесік Отаным,
Ұлы ордасы татулық пен теңдіктің.
Айдана: Ел тарихы, жер тарихы – өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,
Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз.
Гүлжахан: Осымен тілдер күніне арналған мерекелік іс - шарамыз аяқталды. Әрқашан достығымыз көп болсын, көп тілді меңгеріп, еліміздің аяулы азаматы болып өсейік! Ендеше, тілі шұрайлы да оралымды ана тіліміздің мерейі үстем болсын!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз