Майкенова Мадина Кабылкаримовна
Бұқар жырау ауданы, Байқадам орта мектебі КММ
Күні: 21.11
Тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу арқылы теориялық ойлауын, функционалдық сауаттылығын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ - жауап, ой қозғау.
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар,интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық, шаттық шеңбері, топқа бөлу.
Оқушыларды асық арқылы 2 топқа бөліп отырғызу.
1- топ- домбыра
2- топ –сырнай.
Ережемен таныстыру:
1. Тыныштық сақтау.
2. Бір-бірін тыңдау.
3. Қол соғу.
4. Ойын ашық айту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
65-жаттығу сурет бойынша әңгіме құрау,тұрлаулы мүшелерді табу.
ІІІ. Қызығушылығын ояту.
ІҮ.Жаңа сабақ
1. Жеке жұмыс: 67-жаттығу
Тапсырма: Тұрлаулы мүшелерді тап
Әсия гүлді ұнатады.Әдемі гүл өсті.Біз ұшаққа міндік.Ұшақ әуежайға қонды.Жарастың бригадасы жұмысқа кірісті.
2.Жұппен жұмыс.
Тапсырма: Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой(қарындашпен төбесіне жаз),ирек сызықпен сыз.
66-жаттығуды слайдпен көрсету,екі бағандағы сөйлемдер салыстырылып оқытылады.
Жадыра келді. Қоңырау соғылды. Мал өседі. |
Жадыра қалаға келді. Қоңырау қайта- қайта соғылды. Мал төлден өседі. |
Сөйлемдердегі сөйлем мүшелеріне назар аудартылады. Қандай айырмашылық байқағандары айтқызылады:
- Бағанның сол жағындағы сөйлемдер - тұрлаулы мүшелерден құралған. Олар өздігінен сөйлем жасайды. Бағанның оң жағында осы сөйлемдерге сөздер қосылған, олар сөйлем жасауға көмектесіп тұр. Бұл сөздер өздігінен сөйлем жасай алмайды.
- Олай болса,өздігінен сөйлем жасай алмайтын, тек сөйлем жасауға көмегі бар мүшелерді тұрлаусыз мүшелер дейміз.
- Сонымен, тұрлаусыз мүше туралы ойымызды жинақтайық. Ассоциация құрайық:
Сөйлемде кездесетін қандай мүшелерді білесіңдер?
Тұрлаулы мүшелерге қандай сөйлем мүшелері жатады?
68-жаттығудағы жаңылтпашты оқу, жаттау, жазу.
Ала қарға қарға қонды,
Қара қарға жарға қонды.
Бастауыштың астын – бір рет, баяндауыштың астын – екі рет, тұрлаусыз мүшелердің астын – ирек сызықпен сызу.
Сергіту сәті
Интерактивті тақтадан "Қара жорға биін" билету
Дәптермен жұмыс: Бірінші топ гүл туралы, ал екінші топ көбелек туралы 3-4 сөйлемнен тұратын әңгіме құрайды.Тұрлаусыз мүшелерді атайады . (ауызша)
Ү. Постермен жұмыс:
Бірінші топ: Постер таратылады, көбелек сөзі тұрлаусыз мүше болатындай сөйлем құрайды. ( Гүл көбелекке шырын береді.)
Екінші топ: гүл сөзі тұрлаулы мүше болатындай сөйлем құрайды.
(Көбелек гүлге қонды).
"Аялдама" стратегиясы бойынша постерлерін қорғайды,яғни әр топтын бір мүшесі келесі топқа барып, өзінің постерін қорғайды.
"Бутерброд" стратегиясы бойынша бір бірінін постерлеріне қортынды жасап, стикерді жабыстырады..
(Мынау жақсы болды,бірақ ............, дегенмен мынасы жақсы.)
ҮІ. Бекіту:
70-жаттығу. Мәтінді оқы.алғашқы үш сөйлемді көшріп жаз.Сойлемдерден тұрлаулы,тұрлаусыз мүшелерді тауып,тиісті інге кіргіз.
Тұрлаулы Тұрлаусыз
ҮІ. Қортындылау.
Сабақты " Ыстық орындық" стратегиясы бойынша қортындылау,яғни ортаға шығып,орындыққа отырып, сұрақтарға тез жауап беру керек.
Балалар, бүгін біз не үйрендік?
Сөйлемнің қандай мүшесімен таныстық?
Оларды неліктен тұрлаусыз мүшелер деп атаймыз?
ІХ. Үйге тапсырма:
71-жаттығу 79- бет. Суретке қарап, әңгіме құрау.Құраған әңгімені жазып,тұрлаусыз мүшелердің астын сызу.
ХІ. Оқушыларды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Оқушының аты |
Жеке жұмыс |
Жұппен жұмыс |
Постермен жұмыс |
Бүгінгі сабақта болған көңіл-күйінді суретпен көрсет |
Сабақ барысында қандай қиындықтар туындады |
Ілияс |
|
|
|
|
|
Арман |
|
|
|
||
Толғанай |
|
|
|
||
Бекнұр |
|
|
|
Жұппен жұмыс. Тапсырма: Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой (қарындашпен төбесіне жаз), ирек сызықпен сыз.
Әсия гүлді ұнатады. Әдемі гүл өсті. Біз ұшаққа міндік. Ұшақ әуежайға қонды. Жарастың бригадасы жұмысқа кірісті.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі