Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
Қызылтас бастауыш мектебі КМК
Омарбекова Жанаргуль Жазыбековна
Ілияс:
Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.
Біз ғана емес,
Қадыр тұтқан бабалар ,
Аналардан туған небір даналар,
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар қасиетті аналар.!
Диас:
Ана деген-бұл өмірдің мәні ғой,
Ана деген- бұл өмірдің сәні ғой.
Ән-жырымен дүниені тербеген,
Ана деген бұл өмірдің жаны ғой.
Анна-біздің жарқыраған нұрымыз,
Анна-біздің солмас мәңгі гүліміз.
Анамызды аялай біз білейік,
Анна-біздің жазып бітпес жырымыз
Бекнұр: Дұрыс айтасыңдар Ілияс, Диас ана, әже, ару қыздарымыз туралы ән жырлар таусылмайды,айта бергін келеді. Ал, алдымен амандасып алайық. Армысыздар, абзал аналар, ақ жаулықты әжелер, көктем гүліндей жайнаған апайлар, аяулы қарындастар, әпкелер.
Ілияс: Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін
8 - наурыз мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Диас: Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл - күй тілей отырып, халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналып өткелі отырған «Кішкентай ару-2017» атты байқауын тамашалауға қош келіпсіздер!
Бекнұр:
Құрметті жиналған қауым бәріміз ана деген асыл жаннан жаралған бір тұлғамыз. Сол аналарымызға ұзақ өмір, талмас қанат, таусылмас бақыт тілей отырып, мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Иә, бәрімізге де осынау әлемнің жарығын сыйлаған ана есімі қашанда биік, әрі қымбат.
Ілияс: Ал, Бүгінгі ұйымдастырылып отырған " Кішкентай ару-2017" байқауын ашу үшін сөз кезегін мектебіміздің директоры Құсайынова Нүргүл Серікқызына береміз.
Диас: Бүгін - ерекше күн. Баршамыздың да көңіл күйіміз көтеріңкі әрі қобалжудамыз.
Тіл байланып қалатындай көргенде,
Сұлулықты соған ғана берген бе!
Кімде болса бас иеді мойындап,
Қарсы алдына қазақ қызы келгенде - дей келе бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортамызға шақырайық.
Ілияс:
Кішкентай да, сымбатты,
Еркеназ біздің әдемі.
Намысын қорғап бүгінде,
Қыз сынына келіпті.
Диас:
Сабырлы, әрі салмақты,
Өзі өнерлі жан — жақты
Ортада Ділназ қыз,
Жарысты бүгін жалғапты.
Бекнұр:
Нұрай біздің өнерлі,
Көңілді өмір сүреді.
Қыз сынындай сайысқа,
Алып келді өнерін.
Ілияс:
Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар,
Бәріде арманына қолын созар.
Арманың орындалсын, Айсұлу сенің,
Бұйырса бақыт құсы саған қонар
Бекнұр:
Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл, сана.
Көркіне ақылы сай келетін,
Сыныптас дос, Толғанай да ортамызда!
Ілияс:
Әділдікпен баға берер аруға,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Алқасын қазылардың біз сайлайық,
Ақ аруды таңдап бүгін алуға - деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
Олай болса, байқауымыздың кезеңдерін атап өтейік. Біздің сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.
1. "Тегін білу-тектілік" (өзін-өзі таныстыру)
2. О,аналар (мәнерлеп оқу)
3. Өнерлі өрге жүзер (өнер сайысы)
4. Ас мәзірі
5. Қыздарға әсемдік жарасады. (қолдан жасалған сән үлгісі)
Диас: Барлығы түсінікті болса, сайысымыздың бірінші кезеңін бастаймыз!
Баурап алар бір-ақ ауыз сәлемі,
Қазақ қызы - әдепті де әдемі.
Қазақ қызы - ақылына көркі сай,
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.- дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі Таныстыру бойынша аруларымыздың өзін - өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар!
Ілияс:
Құтты болсын аналардың мейрамы,
Жарқыраңдар,жаз күніндей жайдары!
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің алғашқы!-дей келе 2-ші кезеңіміз бойынша аруларымыз ана туралы өлеңдерін оқиды
Ілияс. «Өнерлі өрге жүзер» демекші «Өнер» сайысы
Таланттыны танытып елге бүгін,
Көтерейік мерейін өнерлінің.
Үкілі үмітпенен сенім артып,
Өренге арқалаған өнер жүгін.
Бекнұр: Ілияс ,Диас қалай ойлайсың біздің аруларымыз үйде аналарына ас дайындауға көмектеседі ма?
Ілияс: Оны білу үшін Бекнұр келесі кезеңімізге көшейік
"Ас мәзірі"
Диас: Келесі бөлім «Сән үлгісі».Бұл бөлімде байқауға қатысушыларымыз қолдан жасалған сән үлгісін көрсетеді.
Ілияс:
Қазақ қызы - тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы - деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды ортаға шақырамыз
Бекнұр:
Біздің сайысқа қатысушы бүлдіршіндеріміз сондай өнерлі екен. Олай болса, керемет кешіміз де өз мәресіне жетті. Өнер көрсетілді, бағалар берілді. Қорытындысын бірге көрейік! Әділқазы алқасының төрайымын ортаға шақырамыз!
(Байқау нәтижесі айтылып, бүлдіршіндер марапатталады)
Диас: Сүйкімді арулар, сіздерді құттықтаймын! Құрметті, қонақтар, бізбен бірге болып, байқауға қатысушыларымызға қолдау көрсеткендеріңізге рахмет! Кешіміз аяқталды! Сау-саламат болыңыздар!
Бекнұр:
8 наурыз қуанышқа бөлесін!
Әкелсінші жаздың жылы елесін!
Барлық халық аман болып елімде
8 наурызға жете беріңіздер келесі!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі