Өлең, жыр, ақындар

Жігіт сұлтаны

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы
Ж.Кеңесбаев атындағы ЖОББ мектептің
алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі
Шарзадин Арнұр Серыкболұлы

1-Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, сайысқа қатысушылар және қонақтар! Олай болса біз бүгін мектебімізде сіздермен "Жігіт сұлтаны" байқауын өткізгелі отырмыз. Ендеше байқауымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын кез келді!
1-жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар! (Байқауға қатысушылар кезекпен ортаға шығады)
1. Тұрысбек Бекарыс
2. Төлеутай Қуандық
3. Ыбырахым Ыбырай
4. Медетбек Ерасыл
1- Жүргізуші: Байқауымызды бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің басшысы - Құсайынова Нүргүл Серікқызына береміз.
2-жүргізуші:
«Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы жігіттеріміздің ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1.
2.
3.
4.
1-Жүргізуші:
Қайсы әнші, кім биші,
Талабына қарайық
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық!- деп өнер сүйер қауым бүгінгі байқаудың қойылатын талаптары мен бағдарламасын таныстырып өтейік.
Қойылатын талапатар:
1. Әр сыныптан 1 оқушы
2. Сахна мәдениеті, өзін -өзі ұстауы
3. Киім үлгісі
Бағдарламада:
1. «Таныстырсам өзімді» - таныстыру
2. «Жаңбырмен жер көгерер,
    батамен ел көгерер»     -    бата айту
3. «Пародия»   (эстрада жұлдыздарына).
4. «Тығырыққа тірелгенде» түйме қадау.
5. «Жігітке жетпіс өнер де аз» -
(сұраққа жауап беру, жерден тартылу, секіргішпен секіру)
1- Жүргізуші: Бүгінгі сайысымызда жігіттер өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, онымен бірге өз қабілеттерін, шеберліктерін көрсетеді.
Ендеше сайысқа қатысушыларды ортаға номер суыруға шақырамыз.
\Жеребе тасталады\
1- Жүргізуші:
Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппен сіздерменен танысуға деп - ортаға № 1 қатысушыны шақырамыз.
Сайысымыздың алғашқы бөлімі өзін-өз таныстыру.
\Қатысушылар номер бойынша өздерін таныстырып шығады\
1- Жүргізуші:
«Жаңбырмен жер көгерер,
батамен ел көгерер»     -демекші келесі бөлімімізде жігіттер    бата айтудан сайысады
1- Жүргізуші:
Пародия - өнердің бір саласы,
Сол өнерге әркімнің бар таласы.
Пародия-жаңа туған жас сәби,
Көпен деген, ағамыздың баласы.
Пародия (белгілі бір жұлдызға еліктеу).-
1- Жүргізуші:
Жігіттің көркі өнері,
Талап – кісі мұраты.
Өнер қалмақ артында,
Дүниенің өшпес шырағы.
Өнердің қадірін білген, бабаларымыздан қалған бұл сөздердің қасиеті бүгінгі күнге дейін жалған емес. Соның айғағы ретінде сайыскерлерімізге берілетін келесі шарт «Тығырыққа тірелгенде» деп аталады. Ортаға қатысушы талапкерлерімізді шақырамыз. Әділ қазы алқасы уақытты белгілесе.
1- Жүргізуші:
Ей, жігіттер!
Сендерге биік ата-салтын құрметтеп,
Ақтай білсең ата-баба үмітін,
Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.
Жігіттеріміздің өнерлерін, шеберліктерін  тамашаладық. Енді ақыл-ой тереңдігін, ой ұшқырлығын сарапқа салатын да кез келген сияқты. Олай болса келесі шартымыз «Жігітке жетпіс өнер де аз » деп аталады. Бұл шартта жігіттеріміз сұраққа жауап береді және жерден тартылады.

Сайысымыздың келесі түрі «Спорт түрлерінен сайыс» секіргішпен секіру, қол күрес

Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызда аяқталып келеді.
Енді сөз кезегін әділ қазыларға берейік

Жеті атаңды ата
1. Ағайын алтау, ана......(біреу)
2. Ағайынның алтын сарайынан...........(анаңның жыртық лашығы артық)
7-жұтты атап бер
Құрғақшылық, Жұт, Өрт, Оба, Соғыс, Топан су, Зілзала.

Жеті  атаңды ата
1. Ана сүтін ақтамағанды...........(ешкім жақтамайды)
2. Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да................(қарызынан құтылмайсың
7-жоқты атап бере аласың ба? Жерде өлшеуіш жоқ, Аспанда тіреуіш жоқ,Таста тамыр жоқ, Тасбақада талақ жоқ, Аллада бауыр жоқ, Жылқыда өт жоқ, Аққуда сүт жоқ.

Жеті атаңды ата
1. Отанға опасыздық еткенің    (өз түбіңе жеткенің)
2. Кісі елінде сұлтан болғанша.............(өз еліңде ұлтан бол)
Жеті күнді атап бер. Бүгін, Ертең, Бүрсүгүні, Арғы күн, Ауыр күн, Соңғы күн, Азына

Жеті атаңды ата
1. Отан үшін күрес..............(елге тиген үлес)
2. Ер жігіт үйде туып,.................(түзде өлер)
Жеті қазынаны атап бер. Ер жігіт, Сұлу әйел, Жүйрік ат, Ақыл, білім, Қыран бүркіт, Берен мылтық, Жүйрік тазы (ит)


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз