Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 4A бөлімі: Рим империясының гүлденуі |
Мектеп: Орал қ. ФМБ НЗМ |
||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Букаева Б.С. |
||||
Сынып: 5 |
Оқушы саны: |
келмегендер: |
|||
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі рим қоғамы римдік мәдениеттен қалай көрініс табады? |
|
|
|||
Оқу мақсаты |
5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдастыру табиғатын сипаттайды 5.2.2.3 Ежелгі әлемнің өнерін сипаттайды |
||||
Сабақтың мақсаты: |
|
||||
Жетістік критерийі |
|
||||
Сабақтың түрі |
Зерттеу арқылы жаңа материалды меңгеру сабағы |
||||
Тілдік мақсаттар
|
Тілдік мақсаттар: Оқушылар: тарихи факторларды (Римнің өсуіне қала-мемлекет дәне империя ретінде әсер ету) талқылау кезінде академиялық тілді қолданады. Пәнге тән лексика және терминология Империя, республика, плебейлер мен патрициялар, принципат, доминант, трибун, сенат, Цезарь. Жазылым мен диалогқа пайдалы сөздер: ................. болғандықтан, римдіктер қуатты бола бастады. ...... арқасында Рим әскере күшейе бастады. |
||||
Құндылықтарды дарыту |
Түрлі елдердің мәдениетіне құрметті тәрбиелеу |
||||
Пәнаралық байланыстар |
Өнер, әдебиет |
||||
Алдыңғы меңгерілген білім |
Оқушылар 6-сыныпта Мысыр мен Грекияның ежелгі өркениеттері бөлімін аяқтап, ежелгі әлем өркениеттері мен олардың мәдениеті, Жерорта мен ежелгі өркениеттердің гүлденуі, осы империялардың күшеюінің себептеру туралы білуі керек. |
||||
Ход урока |
|||||
Сабақтың кезеңдері |
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы (5 мин) |
(ПСМ) Оқушыларға римдік мәдениет туралы суреттер топтамасын көрсетіңіз /мифология, сәулет өнері, дін және т.б./
Оқушылар суреттерді пайдаланып, алдыңғы білімдеріне сүйене отырып шағын әңгімелер құрады (дифференциация) Балалар, бүгінгі сабақта біздер римдік қоғамның құрылуы, Рим мен Империяның басқарылуы, Римдегі патриций мен плебейлердің құқықтары және ежелгі римдіктердің жетістіктері туралы білеміз. |
Рим мәдениеті бойынша суреттер: http://udachny.ru/sobytiya/v-mire/drevne-rimskaya-kultura.html . |
|||
Сабақтың ортасы (25 мин) |
Мұғалім түсіндіреді. Рим қоғамы патриций мен плебейлерден тұрды. Патриций-ақсүйектер – бұл белгілі рим тайпаларынан шыққандар, Ромулмен бірге қаланы жеті белесте құрғандар, ал плебейлер – бұл кейін келгендер, атақты емес, дегенмен, уақыт өте келе олардың арасынан да өздерінің тайпалары, өздерінің тектері, өздерінің бай отбасылары шыға бастады, олар да билікке талпынды. Плебейлер саны уақыт өте патрицийлерден көбейе бастады. Олардың арасында күрес пайда болды. (Т) Мәтінмен жұмыс. Тапсырма. Патрицийлер мен плебейлердің құқықтарын анықтаңыздар. Тапсырманың жетістік критерийлері: Оқушылар патрицийлер мен плебейлердің кем дегенде 3 құқығын көрсетеді. (Т) Иллюстрациялармен жұмыс. Жұпта Ежелгі Римнің сәулет құрылыстарының суреттерін беріңіз (Троя бағанасы, римдік Форум, Колизей, Пантеон, Сатурн ғибадатханасының бағанасы ) (Ж) Тапсырма: Суреттерді зерттеп, Ежелгі Римнің сәулет ескерткіштері туралы әңгіме құрыңыз.
Тапсырманың жетістік критерийлері: Оқушылар рим мәдениетінің еуропалық өркениетке қосқан үлесін дұрыс анықтайды. (Т) Интернет ресурстармен жұмыс. Әр топ өз саласының ерекшеліктерін анықтайды. Жұмыс қорытындысы ретінде постерді толтырады. 1 топ – сәулет және мүсін өнері 2 топ –бейнелеу өнері, поэзия 3 топ – ойын-сауық (гладиаторлардың күресі), римдік құқық Тарихи дереккөз ретінде мәдениет ескерткіштерін талдау бойынша жұмыс реті:
Талқылау сұрақтары: Рим мәдениеті басқа қай елдің мәдениетімен ұқсайды? Бұл мәдениеттердің мәдениеті немен байланысты? Римдіктер сәулет құрылыстарында нені көрсеткісі келді? (Ж) Мәтінді жұпта оқыңыз (дифференциация) а) мәтін бойынша 3 жуан және 3 жіңішке құрыңыз б) мәтіннен кілт сөздерді табыңыз в) төмендегі сұраққа толық жауап беріңіз: Римдің сәулет өнерінің ерекшеліктері қазіргі заманғы құрылыста қалды ма? Мысалдар келтіріңіздер. Рим – «Мәңгі қала» атауына ие болған әлемнің ең ежелгі қалаларының бірі. Ежелгі римдіктер керемет құрылысшы болды. Римдіктер әктас ерітіндісінен, шағылдан және жанартау құмынан бетонды жасауды үйренді, бетонның арқасында олар көлемді әрі берік ғимараттарды сала бастады. Рим империясында 80 000 км-ден астам тас жол болды – ұзын және түзу. Терең аңғар, шатқал немесе батпақ алаптарда үлкен тас көпірлер салды. Солардың ішіндегі бір виадуктың ұзындығы 132 км-ге жетті! Су құбыр желісі арқылы виадуктың үстінен таулардан немесе төбелерден ақты. Тапсырманың жетістік критерийлері: Оқушылар мәтін бойынша кем дегенде 3 жіңішке және 3 жуан сұрақ құрады. Оқушылар мәтіннен кем дегенде 5 кілт сөз табады. Оқушылар кем дегенде 3 толық мысал келтіреді. |
Ежелгі тарих бойынша ресурс көзі: Рим .
http://www.fordham.edu/halsall/ancient/rome-balance.asp
Британдық музей http://www.britishmuseum.org/explore/cultures/europe/ancient_rome.aspx
Римдік қоғам
Презентация үлгілері
Римдік сәулетке жақын презентациялар
.
|
|||
Сабақтың соңы (10 мин) |
Рефлексия Рим мәдениеті әлемге не берді? Антикалық тарихтан мысал келтіріңіздер. |
|
Канат
Өте керемет маған қатты ұнады рақмет тамаша жарайсыздар ракмет