Бөлім: Литосфера Тақырыбы: Литосфералық катаклизмдер (зілзалалар) |
Мектеп: |
|||||||
Уақыты: |
Мұғалім: |
|||||||
Сынып: 7 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары |
1. Литосфералық катаклизмдердің түрлерін білу. |
|||||||
Сабақтың мақсаты |
Литосфералық катаклизмдерді оқып, литосфералық катаклизмдер кезінде өзін өзі ұстау ережелерін қолдана алуды үйренеді |
|||||||
Бағалау критерийлері |
1. Литосфералық катаклизмдердің кемінде 4 түрін біледі. |
|||||||
Тілдік мақсаттар |
Тілдік мақсаттар: оқылым: географиялық карталарды, мәтіндерді оқиды, талдайды; тыңдалым: бейнематериалдарды, бір-бірінің пікірлерін тыңдайды; айтылым, жазылым: географиялық карталарды, мәтіндерді ауызша және жазбаша сипаттайды. Диалогқа / жазылымға қажетті тіркестер: Литосфералық катаклизмдердің негізгі себептері .... Жер сілкінісі кезінде ..................................... қауіпсіздік шаралары ескеріледі. Пәнге қатысты лексика мен терминология: сейсмикалық аймақтар, катаклизмдер, жер сілкінісі, жанартау атқылауы, цунами, сырғыма, опырылма, қар көшкіні. |
|||||||
Құндылықтарды дарыту |
Құндылықтар: Оқушылар бойындағы жауапкершілік; коллаборативті орта құруға атсалысу; өмір бойы білім алу |
|||||||
Пәнаралық байланыс |
Физика |
|||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Ғаламтордан суреттер, фотосуреттер арасынан қажетті мәліметтерді іріктей алады |
|||||||
Бастапқы білім |
Оқушылардың 6-сыныптағы «Литосфера» тақырыбы бойынша алған білімдері сабақта көмегін тигізеді. |
|||||||
Сабақ барысы |
||||||||
Сабақтың қезеңдері |
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер |
Оқыту ресурстары |
||||||
Басы 0-7 |
Қолайлы жұмыс ортасы қалыптастырылады. Жағымды жаңалық немесе жақсы тілектер айту ұсынылады (мұғалімнің жоспары бойынша). (К) Ой қозғау. Суреттерге не ортақ? Оқушылар жеке ойланады, бірнеше оқушы жауап береді. Сабақтың тақырыбы анықталады. Оқу мақсаттары (ОМ) мен жетістік критерийлері таратылады. ОМ жету жолындағы әрекеттер дәптерге (тақтаға) жазылады. |
Презентация |
||||||
Ортасы 8-33
|
(К) «Жер сілкінісі, күші, салдарлары» тақырыбындағы бейнематериал көрсетіледі. Көрсетілімнің алдында нұсқаулық беріледі. Бейнематериалды көрместен бұрын, тыңдалым мен көрсетілім алдында, фотосуреттердегі катаклизм түрлерін ауызша атайды. Бейнематериалды көру барысында жасалынатын әрекеттер:
Бейнематериалды көріп болғаннан кейін, тыңдалым мен көрсетілімнен кейін: терминдерді еске түсіре отырып, дәптерге жазу ұсынылады. Кері байланыс: Бейнематериал бойынша түсініксіз сұрақтар бар ма? Сұрақ болса, талқыланады. Сұраққа жауап беруді білім деңгейі жоғары оқушыларға ұсыну қажет. (С) Литосфералық катаклизм ұғымдарына қатысты жалпы таратылған мәтіндермен өз беттерінше танысады. Ұғымдарды, терминдерді дәптерге көшіріп жазады. (Д) Тектоникалық қозғалыстар әсерінен пайда болған литосфералық катаклизмдерді жіктейді. (Ф) Қалыптастырушы бағалау (ҚБ) тапсырмалары орындалады. 1-тапсырма. Мәтінді оқиды. Мәтінді, бейнематериалды және 6-сыныптағы білімдерін пайдаланып, тектоникалық қозғалыстар әсерінен пайда болған литосфералық катаклизмдерді жіктейді. Бағалау: дұрыс жауаптар тақтаға шығарылады, оқушы өзін өзі бағалайды. Кері байланыс: Қай катаклизм біздің аймақта кездеседі? Ақпаратты қабылдауы баяулау оқушыдан сұрау ұсынылады. Аталған оқушы жауап беруге қиналса, оқу дағдылары жоғарылау оқушы жауап берген жөн. (К) Мұғалім литосфералық катаклизмдер жиі байқалатын аймақтар туралы ақпарат береді (слайд бойынша). (Ж) Оқушылар литосфералық катаклизм жиі болатын 4-5 елдерді картадан анықтайды (ауызша). Бағалау: өзара бағалау жүреді – жұпта бір-бірін бағалайды. Әр материктер, мұхиттар бойынша елдер тізімі көрсетіледі (слайд). (Ж) Литосфералық катаклизмдердің пайда болуының себеп – салдарын анықтайды. 2-тапсырма. «Мен – саған, сен – маған» жаттығуы. Жұптық жұмыс. 1-оқушы литосфералық катаклизмді атайды, 2-оқушы бір пайда болу себебін атайды. 2-оқушы катаклизмді атайды, 1-оқушы бір салдарын атайды. Келесі жұп бірінші жұп атамаған себеп пен салдарды атайды. Бағалау: өзара бағалау жүреді – жұпта бір-бірін бағалайды Кері әсер (№ 9 слайд бойынша):Не себептен слайдта Аустралия көрсетілмеген? Оқушылар жауап береді. Жауаптарын түсіндіреді. Күтілетін жауап: Оқушылар алдыңғы оқу жылында таныс болғандықтан, «бұл материкте литосфералық катаклизмдер (жер сілкінісі мен вулканизм) байқалмайды» деп жауап беруі мүмкін. (К) «Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері» бейнематериалы көрсетіледі. Бейнематериалды көрер алдында алдағы орындалар ҚБ жұмысына қатысты бағалау критерийлері таратылады. |
Презентация
Ғаламтор мәліметтері
Карталар
https://www.youtube.com/watch?v=UK2wdMOd6CY (Жер сілкінісі, күші, салдарлары (цунами) 2 минут 20 секундқа дейін) Атлас, отандық мектептерге арналған оқулықтар
(Қосымша нұсқа ретінде: https://www.youtube.com/watch?v=mCB_XP9Wz3o (Последствия землетрясения в Японии))
Қалыптастырушы бағалау
Тектоникалық және саяси карталар
https://www.youtube.com/watch?v=vLCeRGpKHY4 (правила безопасности при землетрясениях) Қосымша нұсқа: http://www.vkogps.kz/kz/safety02_02.htm |
||||||
Соңы 34-45 |
Білімді бекіту үшін географиялық диктант жүргізіледі. Оқушылар жұпта бірін бірі бағалайды. 3-тапсырма. Қорытындылау. Оқу мақсаттарына қайта оралу ұсынылады. Үй тапсырмасы: ҚБ 3-тапсырмасы. 5-6 оқушыдан тұратын топтарда Алматы қаласы тұрғындарына арналған өзін-өзі ұстау ережесі және өзімен бірге қажетті заттарды алу туралы тізімі жазылған жадынама құрастырады. Жадынаманы АКТ-ны қолдана отырып түрлі формада ұсынуға болады. Жадынама критерийлері беріледі («Үй тапсырмасы» парақшасында). Кері әсер. «Басбармақ» әдісі бойынша. |
Географиялық диктант парақшалары |
||||||
Қосымша ақпарат |
||||||||
Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? |
Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз? |
Қауіпсіздік ережелері |
||||||
Оқушылардың барлығы литосфералық катаклизмдерді біледі, катаклизмдердің өз аймақтарында таралуын түсінеді, көпшілігі карталар бойынша катаклизмдердің таралуын анықтай алады, оларды жіктеп, себеп-салдарларын ажыратады, литосфералық катаклизмдер барысында өзін өзі ұстау ережелерін құрастыра алады, кейбіреулері литосфералық катаклизмдер барысында өзін өзі ұстау жадынамасын АКТ-ны қолдана отырып түрлі формада ұсына алады. |
Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай жұптар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету. Қалыптастырушы бағалау. Бағалау критерийлері бойынша жеке және өзара бағалау. Презентациялау арқылы. |
Сыныпта қауіпсіздік техникасын сақтау туралы нұсқаулық (инструктаж) беріледі. Литосфералық катаклизмдер кезінде ҚТ сақтау туралы нұсқаулық беріледі. |
К = мұғалімнің көрсетілімі С = бүкіл сынып Т = топтық жұмыс Ж = жұппен жұмыс Д = дербес жұмыс ф = формативті бағалау
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? 1. |
Амина
Керемет