Сабақ жоспары
Зайниева Зухра
ФМБ НЗМ, Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 1C Бөлімі: Ежелгі Мысыр тарихы |
Мектеп: |
|||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||||||||||
Сынып: 5 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Мысыр пирамидалары қалай салынғаны туралы қайдан білеміз? |
|
||||||||||
Сабақ түрі |
Жаңа материалмен таныстыру сабағы |
|
||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.2.1.2 тотемизм, анимизм, пір тұтушылық, магия сияқты ежелгі діни наным-сенімдерді білу 5.2.2.2 ежелгі Мысыр ғибадатханалары мен пирамидаларын сипаттау 5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау |
|||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Хеопс пирамидасы қалай салынғаны туралы барлық мүмкін нұсқаларды зерттеу және талқылау, пирамида құрылысының мүмкін нұсқасына кемінде бір дәлел келтіру. Көне Мысырдың діни сенімдері мен саяси құрылысының пирамида құрылысына әсерін түсіну (үй жұмысы арқылы) |
|||||||||||
Бағалау критерийлері |
- Хеопс пирамидасы қалай тұрғызылғанын анықтайды және түсіндіреді (ПОПС құрылымы бойынша ) - Көне Мысыр тұрғындарының діни көзқарастарының пирамида құрылысына әсерін анықтайды. |
|||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар меңгереді: Дереккөздер мен визуалды дереккөздерден ақпарат алу, одан қорытынды жасау, өз көзқарасын дәлелдеу, Хеопс пирамидасы, дәлел, теория, дін, о дүние, перғауын секілді терминдерді пайдалану. |
|||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
Қоршаған айналаның проблемаларын, өзге көзқарастарды көру және ұғыну қабілеттігі, сынға дұрыс жауап қайтара білу; топта жұмыс жасау қабілеттерін иелену, топта түрлі рольдерді орындай білу; бір-бірін тыңдап, өзгелердің жауаптарын толықтыра білу; ежелгі мәдениетті, табиғатты және қоршаған ортаны құрметтей білу. |
|||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Қазақстар тарихы, діндер |
|||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Егер мектептің материалдық-техникалық базасы мүмкіншілік берсе: Оқушылардың ақпаратты іздеу, оның сұрыптаумен байланысты өздік жұмыс дағдыларын дамыту үшін ноутбуктармен/планшеттермен жұмыс жасау. |
|||||||||||
Бастапқы білім
|
Бұл бөлім 1В бөлімінде қарастырылған Ніл алқабында орналасқан ежелгі өркениеттердің бірі Ежелгі Мысырды зерттеуге және өткен кезеңдердегі өмірді қалпына келтіру үшін археологиялық мәліметтерді оқып үйренуге негізделген. |
|||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||
Сабақтың басы 2 мин.
5 мин.
5 мин.
Сабақтың ортасы 3 мин.
5 мин.
7 мин.
3 мин.
10 мин. |
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біз сабақта әлемнің жеті кереметтерінің бірін, яғни Хеопс пирамидасын көреміз. Біз пирамидалардың салыну тарихы мен өткен заман құпияларын анықтап, ғалымдардың соңғы ойларымен танысамыз. Бірақ бұл кәдімгі таныстық емес, өткенге шын саяхат болмақ , бізге тарихтың ұлы құпияларының бірі – Египет пирамидалары қалай тұрғызылғанын біліп келу болып табылады. Біріншіден өз зерттеуімізді Хеопс пирамидасынан бастап көрейік. Біздің сұраққа жауап табуымыз үшін талай дәлелдер табу керек. Дәлел дегеніміз не? Неліктен тарихта олар маңызды болып табылады?Сіз дәлелдің қандай түрлерін көрсете аласыз? Ары қарай пирамиданың ішкі және сырты фотосын көрейік. Презентацияны көру барысында келесі сұрақтар бойынша ойланып отырыңыз:
Фотосуреттерді көріп болғасын оқушылар жұппен осыған дейін берілген сұрақтарға жауаптарын береді. Осыдан кейін мұғалім балалармен бірге жауаптарын талқылауға салады? Күтілетін жауаптар: Пирамидалар қазіргі Каир қаласының шетіндегі құмды шөлде орналасқан. Ғимарат қатты тастан қаланып, іші сырттағы шөлдің температурасынан анағұрлым төмен болған. Дәліздер мен қабырғалар жаңғырық пен дауысты басып тастайтын тастан қаланған болатын. Жалғыз жарықсыз қалудың өзі бұл ғимараттың ішкі бөлігі перғауын қабірі болғанын білмеген адамға да қорқыныш үйіреді. Пирамиданың іші тастай қараңғы болғанымен, адам көзі біраз уақыттан кейін өздері қараңғыға үйреніп кетеді. Бізге Хеопс пирамидасы туралы не белгілі? Дәптерлеріңе Хеопс пирамидасы туралы білетіндерің жайлы жазыңдар? Оқушылар мен мұғалімнің ортақ талқылауы. Талқылау барысында мұғалім оқушылардың білімдерін толықтырып отырады? Жақсы, балалар Ежелгі Египетте пирамидаларды қалай салды деп ойлайсыңдар? Топтармен ойланайық? Зерттеу (Г) Сыныпты топтарға бөліңіз және пирамиданың тұрғызылу әдістерін талқылауға мүмкіндік беріңіз. Әр топ Хеопс пирамидасы қалай тұрғызылғаны туралы өз нұсқасын дайындау керек. Әр топқа өз нұсқасын басқа топтар алдында дәлелді етіп көрсету үшін 1 минут уақыт берілетінін атап өтіңіз.
Жіктеу: Жіктеу мұғалімнің алдын ала дайындаған материалының көмегімен оқушылармен/қосымша қолдау тобымен қамтамасыз етіледі. Жоғары деңгейлі оқушылар Ғаламтор ресурстарын пайдалана отырып, ақпаратты іздеуді өздігінен жүзеге асырады (мұғалімнің қамтамасыз еткен ноутбуктары немесе планшеттері арқылы). (К) Әр топ Хеопс пирамидасы қалай тұрғызылғаны туралы өз нұсқасын береді. Мұнда жекелеген оқушылар немесе өзге топтар басқа топтарының айтқанын даулай алады. Өзара бағалау және кері байланыс: (К/Г) Оқушылар бұрын айтылған пікірлері бойынша топ жұмысын бағалайды, ол үшін мұғалім кім-кімді бағалайтынын анықтап беру керек. Өзара бағалау кезінде мұғалімнің міндеті –топтардың пікірлерінен кейін өзінің кері байланысын қамтамасыз ету, сонымен қатар сындарлы пікірлерді қалай беру керектігіне балаларды үйрете отырып, оқушылардың кері байланыс сапасына кері байланыс беру. (К) Ежелгі мысырлықтар Хеопс пирамидасының құрылысына түсінік беретін бейне жазбаны қараңыз. Пирамидалардың қалай тұрғызылғаны туралы бұл әңгіме нұсқасы кейбір археологтардың заманауи теориясы болып табылатынын түсіндіріңіз. Талқылаңыз:
|
Презентация
Презентация
Презентация
|
||||||||||
Сабақтың аяғы 5 мин. |
Үй жұмысы. Оқушыларға перғауын атынан болашақ ұрпаққа арнап пирамида тұрғызылынуының себептерін түсіндірумен хат жазуды ұсыныңыз. Хат жазу нәтижесінде оқушылар ежелгі мысырлықтар әлемінің ерекшеліктерін түсіндіру үшін ақпарат алады. Бағалау: Бағалау критерийі Ежелгі Мысыр тұрғындарының діни көзқарастарының пирамида құрылысына әсерін анықтайды. Дескрипторлар
|
|
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі