Наурызбай ауданы
№172 бөбекжай балабақшасының логопеді
Байболатова Асель Мырзагалиевна
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғары қасиеттері.
Ғ.Мұстафин
Балабақшадағы логопедтік түзету жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән беріледі. Балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі - тіл дамытудың негізгі бір міндеті болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамытуда төмендегі міндеттер басшылыққа алынады:
- балалардың сөздік қорларын дамыту;
- жаңа сөздерді меңгерту, мағынасын түсіндіру;
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру;
Осы аталған міндеттерді логопед үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Сөздік қорын дамыту жұмысын ұйымдастыруда ойын ең негізгі орын алады. Логопед бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын оқу қызметін ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады. Оқу қызметін ұйымдастыруда танымды және дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда логопед өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн. Логопед балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.
Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өті леді. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б.
Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта», «Күн мен түн».
Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата».
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады. Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады. Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.
Міне, сондықтан да оқу қызметі үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгі алдыма қойған мәселем. Сонымен, баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін дамыту да ойын арқылы жүзеге асады. Оны төмендегі ойын түрінен көруге болады.
1-«Кім көп сөз біледі?»
Мақсаты: балалардың сөздік қорын молайту, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Шарты: Р,Ш,Л дыбыстарына байланысты сөздер айтып, пришепканы бір-біріне қыстыру.
2-«Сиқырлы сандық»
Мақсаты: балалардың сөздік қорын, фонетика-фонематикалық есту қабілетін және логикалық ойлауын дамыту, ептілік пен тез әрекет етуге үйрету.
Шарты: сыйқырлы сандықтың ішінен дөңгелекшелерді алып, онда бейнеленген суретті атап, ондағы басқы және соңғы дыбысты атап, соңғы дыбыстан басталатындай етіп сөздерді ретімен орналастырып жұлдызды құртты құру, яғни дөңгелектерді ретімен бір-біріне байлау.
3-«Алма ағашы»
Мақсаты: Р, Л, Ш дыбыстарын дифференцациялау. Дыбыстарды бір-бірінен ажыратуға үйрету. Р, Л, Ш дыбыстарын сөзде бекіту.
Шарты: себеттегі алмада бейнеленген суретті атап Р, Л, Ш, С дыбыстарын бір-бірінен ажыратып, алма ағаштарын алмаға толтыру.
4-«Балық аулайық»
Мақсаты: берілген суреттерді атап, сөйлем құрауға үйрету.
Шарты: балықты аулап, ондығы берілген суреттерді байланыстырып сөйлем құрау.
5-«Мен жақсы сөйлеймін»
Мақсаты: балалардың байланыстырып сөйлеу тілін, сөзік қорын дамыту, өз ойын еркін жеткізуге үйрету. Р, Л, Ш дыбыстарын сөйлемде бекіту.
Шарты: ертігіні электрондық қазақ үй құралынан тыңдап, желісі бойынша әңгімелеу.
6-«4-ші артық»
Мақсаты: балалардың сөздік қорын молайту, жалпылауға үйрету.
Шарты: берілген сөздерді атап, артығын тауып қалған суретті жалпылау.
7-«Күн мен түн»
Мақсаты: жаңа сөздерді бекіту, есте сақтау қабілетін және көріп қабылдау қабілетін дамыту.
Шарты: берілген сөздерді атап, жоғалған суретті табу.
8-«Сөз құра»
Мақсаты: сөздік қорын молайту, берілген дыбыстарға сөз құрауға үйрету, қойылған дыбыстарды сөзде бекіту.
Шарты: берілген дыбысқа сөз құрау.
10- «Суретті жұмбақтар»
Мақсаты: логикалық ойлау қабілетін, сөдік қорын дамыту.
Шарты: логопед қораптан неше түрлі суреттері бар карточкаларды бір-бірден алып шығып, суреттегі бейнені сөзбен сипаттап жасыруды ұсынады. Бастаушы суретті карточканы алып, балаларға көрсетпей, ондағы бейнені, затты сипаттап, суреттейді. Балалар түрлі жауаптар айтып, не бейнеленгенін тауып алу керек.
Дұрыс жауапты айтқан бала ойынды жалғастырады.
11-«Көпір»
Мақсаты: сөздік қорын, логикалық ойлауын дамыту, байланыстырып сөйлем құрауға үйрету.
Шарты: заттар бейнеленген суретті карточкаларды кезекпен көрсетеді. Балалар екі суреттің арасындағы байланысты орнататын бір сөз ойлау керек. Ол сөз екі затты «байланыстыратын көпір» секілді. Әр бала кезекпен жауап береді. Баланың жауабы негізделген болуы керек.
Мысалы, екі сөз беріледі: «қаз» және «ағаш». «Байланыстыратын көпір» қызметін мына сөздер болуы мүмкін: «ұшты» (қаз ағаштан ұшты). «ойды, кесті» (ағаштан қаз ойды), «тығылды» (қаз ағаштың артына тығылды) т.б.
Ескерту: бұл ойынды баламен жеке жұмыс жасауға да қолдануға болады.
12-«Қадамдар» (Кім тез жетеді...)
Мақсаты: тіл байлығын, сөйлеу тілін жетілдіру.
Шарты: Ойыншылар қатар тұрып, мәренің қашықтығын белгілейді. (арақашықтық 8-10 қадам) Әр қадамға тақырып таңдалады. Мысалы, "Әдепті сөздер". Әр бала әдепті сөз айтса ғана қадам жасай алады. Басқа тақырыптар: "Барлығы дөңгелек", " Барлығы ыстық", "Барлығы дымқыл". "Анаға арналған жылы сөздер", "Мейірімді сөздер" және т.б.
13-«Іздеу»
Мақсаты: Байланыстыра сөйлеуін, зейінін, байқағыштығын дамытамыту.
Шарты: Бұл ойынға 5 адам қатысады. Логопед былай дейді: Мен (құрбымды) досымды іздеп жүрмін. Оның көзі көгілдір, шашы ұзын, қою қара, ол мысықтарды жақсы көреді, ал сүтті мүлдем ұнатпайды. Кім бірінші қай бала туралы сөз болғанын тауып алады? Кішкентай балалар ойнағанда, киімдерін де сипаттауға болады.
14- «Әңгіме ойлаймыз»
Мақсаты: байланыстырып сөйлеу тілін, зейінін дамыту.
Шарты: логопед сөйлемдерді оқып тұрады. Балалар, сөйлемнің арасына керекті сөздерді қойып отырады. Ол сөздер зат есім, етістік, сын, сан есімдер болады)
Мысалы,: ".... (Не?) босағада отырып мияулайды. Мысық алдында тұрған тәрелкедегі сүтті . . . . (не істеді?). Бақта жүрген мысық . . .(нені?) ұстап алды. Мысықтың жүні . . . (қандай?), тырнағы . . . (Қандай?). Мысық марғауларымен . . . (Қайда?) жатты. Марғаулар допты .. . . (қалай?) ойнады.
15-«Сөйлемді толықтыр»
Мақсаты: байланыстырып сөйлеу тілін, сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.
Шарты: Балалардан сөйлемді аяқтауды өтіну: «Балалар гүлзардағы гүлдерге су құйып жатыр, себебі . . .». "Ағаштарда бір жапырақ қалмады, өйткені . . . " , "Аю қыста ұйықтайды, себебі . . . " және т.б.
16- «Шынжыр»
Мақсаты: сөздік қорын, фонетикалық есту қабілетін дамыту.
Шарты: Бұл ойын сөздермен. Бірнеше бала қатыса береді. Бірнеше дауыссыз әріптерді алыңыз, қағазға жазып қойыңыз. Осы үш әріп кездесетін сөздер ойлап табу керек. Кім көп сөз айтады, сол жеңеді. "с", "ш", "р".
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі