Халықаралық «Мирас» мектебі
Батыргереева Гульмира Кушеналиевна
Сабақ жоспары/lesson plan
Пән/ kazakh B /course
ТАРАУ /UNIT: Қоршаған орта/ Еnvironment
Тақырып/TOPIC: Табиғатты қорғайық,аялайық!
Сынып: 6 (орыс және ағылшын сыныптары)
Сабақтың мақсаты/ Оbjectives of lesson
Білімділік: Қоршаған орта, табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: осы тақырып бойынша жаңа сөздер үйрену, ол сөздерді, дұрыс қолдана білуге жаттығу, сұрақты түсініп жауап бере білуге дағдылану, өз ойын дұрыс жеткізуге дағдылану.
Тәрбиелік: Табиғатта болатын құбылыстарды танып, терең, сезіне білуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар: Әдебиет, жаратылыстану;
Жаһандық контекст/global context : Риясыздық және даму
Негізгі концепция/key concept: Байланыстар
Пәндік-мақсаттық концепциялар/: Заңдылық пен мақсат
Зерттеу тезисі/: «Табиғат – тіршілік көзі»
Зерттеу сұрақтары/Inquiry question : Табиғаттың тілі болса, адамдарға не дер еді?
Білім алу жолдары/:
1. Зерттеушілік дағдылары: Ақпарат көздеріне сілтеме жасай алу;Бақылаушылық.
2. Коммуникативтік дағдылары: Тыңдау арқылы түсіну
3. Ойлау дағдылары: Міндеттерді шешу; Пәндер арасында байланыс жасай алу; Білімін таныс және таныс емес жағдайда қолдана алу және түсіну
4. Өзін–өзі ұйымдастыру дағдылары: Топта бірігіп және ынтымақтаса жұмыс жасай алу
5. Әлеуметтік дағдылары: Жұмыс мерзімін сақтай алу
Ағылшын тіліндегі терминология: Жуан дыбыс - firm sound
Жіңішке дыбыс - soft sound
Дыбыс - sound
Әріп - letter
Буын - syllable
Сөз – word
Сөздік: табиғат - nature, қоршаған орта – еnvironment
Белсенді лексика/Active lexicon: әрине – of course, менің ойымша- In my opinion,өйткені- because
Жабдықтар: интерактивті тақта, парақшалар, бағалау парағы
Бағалау/assessment: формативті бағалау
САБАҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ: (зерттеу циклі: білу мен түсіну → іс-әрекет → талдау)
І. Ұйымдастыру кезеңі
Студенттермен сәлемдесу;
Студенттерді тізім бойынша түгелдеу;
Студенттердің сабақ құралдарын тексеру;
Психологиялық ахуал. Жылы лебіз тілеп, оқушылар арасында еркіндік атмосферасын орнату.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Табиғат туралы мақал-мәтелдер жаттау.
1. Құс жеткен жеріне қонады.
2. Қоян көлеңкесінен қорқады.
3. Жері байдың – елі бай.
4. Жер – қазына,
Су – алтын, Мал – байлық.
ІІІ. Өткен тақырыпты қайталау:
Табиғат деген не?
Сызба бойынша жауап береді.
(Жауап үлгісі: Табиғат дегеніміз – аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл, ауа, жер. Біздің тіршілік ортамыз. Олардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы.
Табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті.)
ІV. Жаңа тақырып кезеңі
«Миға шабуыл» стратегиясы
- Бұл белгілер нені білдіреді?
Inquiry question: Табиғаттың тілі болса, адамдарға не дер еді? |
Тақырыпты анықтау, мақсат қою.: Табиғатты қорғайық,аялайық!
«Не артық» ойын арқылы сабақтың тақырыбына кіреміз.
- 5 маусым Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күні екенін білесіңдер ме?
- Әлемде қандай шаралар өткізіледі? Бейнебаянды мұқият көріп,өз ойларыңызды айтыңыздар.
https://www.youtube.com/watch?v=lrCh5X3xrrU
«World Environment Day» бейнебаян 2 мин
1. Мәтінді түсініп, оқыңдар.
Табиғат дегенде, біз жер, аспан, су, өсімдіктер, жануарлар, ауа, от, күн, жылу, ай, өзен - көлдер, таулар т. б. көз алдымызға елестетеміз. Бұлар бір - бірінсіз өмір сүре алмайды. Адам да табиғатта өмір сүреді. Өз өміріне қажетті заттарды осы табиғат - анадан алады. Суды өз өміріміз үшін қолданамыз. Күн бізге жылу, жарық береді. Өсімдіктер бізге таза ауа бөліп шығарады. Табиғаттағы әр заттың өз орны, өз маңызы бар.
V. Бекіту
- Табиғат дегенде көз алдымызға не елестейді?
- Адам мен табиғат қандай байланыста?
- Адамдар өз өміріне қажетті заттарды қайдан алады?
«Табиғатты қорғайық, аялайық!» Бейнебаяны 3 мин https://www.youtube.com/watch?v=uo4RZeHvaHU
1 тапсырма (Ауызша жауап беру)
«Табиғатты қорғайық, аялайық!» бейнебаяны қандай әсер қалдырды?
Мен өте қуаныштымын, себебі ------------- Мен ашулымын, себебі -------------------------------------------
Мен көңілсізбін, себебі----------------------- Мен ештеңе түсінбедім, бірақ енді ойланамын.
Тапсырма/ Дифференциация
2. Мәтінді пайдалана отырып, сөз тіркестерін құрастырыңдар.
өсімдіктер тіршілігінен
жылдар дүниесі
табиғи қорғауға
жан-жақты өткен соң
3. Мәтіндегі етістіктерді пайдалана отырып, диалог құрастырыңдар.
4. Төмендегі тіркестерден сөйлем құрастырыңдар.
Өндірісі дамыған, тіршілігінен айырылып қалмақ, елімізде табиғат байлығы, сақтайтын қорықтар көп.
ІI-кезең. Грамматикалық сәт.
Үндестік заңы (Закон сингармонизма)
Түбір мен қосымшаның аралығындағы өзара үйлесіп айтылуы
Үндестік заңы деп айтылады (Правильное сочетание звуков в корне и аффиксе слова называется законом сингармонизма )
2. Негізі үндестік заңы қандай? Какие основные законы сингармонизма?
1. Түбірдің соңғы буыны (последний слог в корне) жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан буынды болады: бала-лар, қыз-дар,сынып-тар,ата-лар-ға, ана-лар-дың
2. Түбірдің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке буынды болады:
мектеп-терді, мұғалім-дер-ге
3.Түбірдің соңғы дыбысы дауысты не үнді болса, оған жалғанатын қосымшалар ұяң не үндіден басталады:
Бала - лар /дауысты+үнді/ бала - ға /дауысты+ұяң/
жел - ге /үнді+ұяң/ жел - мен /үнді+үнді/
4.Түбірдің соңғы дыбысы ұяң болса, қосымша ұяңнан басталады:
Қаз - дар, қаз - ға, жез - ді, мұқтаж - дық
5. Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса, қосымша тек қатаңнан басталады:
Мақсат - қа, мақсат - пен, тілек - пен, тілек - ті
Топтық жұмыс:
Бірінші топ.
Табиғатта демалғанда адамдар қандай ережелерді сақтау керек?
Екінші топ.
VI. Рефлексия/Reflection:
- Бүгін қандай жаңа сөздер үйрендік? ()
Inquiry question: Табиғаттың тілі болса, адамдарға не дер еді?
1.--------------------------------------------------------------------------------------------------
2.--------------------------------------------------------------------------------------------------
3.--------------------------------------------------------------------------------------------------
1-оқушы: Табиғатты қорғап біз, аялайық,
Бар жақсыны оған тек аямайық.
2-оқушы:Отырғызып ағашты, суарып гүл,
Табиғатты одан әрі жайнатайық.
3-оқушы:Табиғатым жайнасын, құрымасын,
Халықты ойландырар іске айналсын.
4-оқушы:Бар адам гүл өсіріп үй маңына,
Табиғат осылай гүл жайнасын.
5-оқушы:Табиғаттты қорғайықшы бәріміз,
Табиғат ол біздің ішкі жанымыз.
6-оқушы:Қуанар еді, табиғат нұрын шашып
Көмектессек табиғатқа бәріміз.
VII. Бағалау/Аssessment
1. Оқушылар өз-өзін бағалайды
2. Екі топ бір біріне баға береді
VIII. Үйге тапсырма/homework. «Табиғатты қорғайық,аялайық!» тақырыбына эссе жазу (60 сөз)
Нұрланқызы нұрай
Маган ұнады жаксы жазылған