Өлең, жыр, ақындар

Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой қабілетін анықтау

6 жастағы балалардың гармониялық дамуы іс-әрекеттің жоғарғы жетістігін қамтамассыз ететін және адамның беклгілі бір іс-әрекетке бағыттылығын айқындайтын қабілетіне байланысты. Сондықтан да жас кезінен бастап ерте осы қабілеттерді анықтау мақсаты әрекет болып табылады.

Көптеген қабілеттер 6 жастан көрініс береді. Олардың қатарына өзіне сенсорлық (заттарды және олардың сыртқы құрлымын қабылдау) және интелектуальды қабіленттерді қосып алатын танымдық қабіленттерді айтуымызға болады. Ол қабілеттері нақтылығы, заттардың бір-бірінен ерекшелігінде, сөзде логика-граматикалық құрастыруды қолдануда көрінеді.

6 жаста арнайы қабілеттер дамиды. Сол себепті балалардың қай іс-әрекетке және қай білім төңірегінде аса қабілеттілдігі бар екендігін анықтауға қажет әдістемелерді, ойындарды, іс-әрекеттерді қолдана отырып диагностиканы мектеп жасына дейінгі кезеңде бастау қажет. Сонымен бірге жалпы білім беру мектептерінде оқу аралығында бейімділігі мен ақыл-ой қабілетінің дамуына қажетті аса тиімді деген әдістерде те табуымыз қажет.

Әдістеме №1. «5-6 жастағы баланың белгілг бір ойлау операңияларын меңгеру деңгейін анықтау».

Әдістеме презентациясы. А.И Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогика университетінің авторлар ұжымы психология докторы, профессор А.Степановтың редакциялығымен «Психологическая работа в начальный школе» деген еңбектерінде бұл әдістеме ұсынылған болатын.

Зерттелінетін қабілеттер: «математикалық бейімділіктер»

Математикаға бейімділігін анықтау №1.1 санды меңгеру, №1.2 санау дағдысы, №1.3 қатынас ұғымының меңгерілуі. №1.4 математикалық заңдылықтарды ұғыну.

№1.1 санды меңгеру. Бұтақта қанша гүл болса, сонша нүктесі бар квадратты көрсет.                                                                    

№1.2 санау дағдысы. Салынған қуыршақтың қанша екендігін бейнелейтін санды көрсет.               

№1.3 қатынас ұғымының меңгерілуі. Бірдей екі затты бояп тап

Бұл тапсырмалар баланың шаманы салыстыруда есептеудің қажетілігін түсінеді ме? Есептеуге қажетті көмекші бедгілерді қолдана алады ма? Әлде санды символогиялық қалыпта меңгереді ме?, соны анықтауға қолданады.

Түсініктеме. Тапсырманың орындалу көрсеткіші негізінде келесі деңгейлерді анықтауға болады:

- Санды және оның белгілеуін біледі, санай алады:

- Санды біледі, белгілеуін білмейді, ұқсас суреттер негізінде салыстырады («3»тапсырманы көріп, қабылдау негізінде орындалған)

№1.4 математикалық заңдылықтарды ұғыну. Мұнда баланың «үлкен», «кіші», «бірдей» - деген қатынастардың айырмашылығын анықтауға болады.

Түсініктеме. Тапсырманың орындалуының сапалық критериі:

- негізінде тапсырманы қатесіз орындайды, әрекет ой тұрғыда жоспарлайды.

- шын мәнінде жұмысты орындауға шамасы бар,бір қатар қателіктерді жібереді,өзінің әрекетін жоспарлай алады,бірақ бәрлық тапсырмаларды емес: ұсынылған тапсырманы орындай алмады,айырмашылықты қате жолдармен тапты.


Пікірлер (2)

Кымбат

Керемет усыныс баллардын ой орысын дамытады жан жакты ойлау кабылетын ашады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар