Өлең, жыр, ақындар

Ы.Алтынсарин "Атымтай жомарт" әңгімесі. Жомарттық пен сараңдық

Тексерілді....................... « ».....2017 жыл

Мерзімі 12.12.2017 ж

Пән мұғалімі: Сарсенбаева Гүлнұр

Тақырыбы Ы.Алтынсарин «Атымтай Жомарт» әңгімесі. Жомарттық пен сараңдық

Сынып : 5 «З» 

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттар

5.А/И1.Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу

Күтілетін нәтиже:

Барлық оқушылар орындай алады: Шығарма мазмұнын түсінеді, зерттейді. Шығармадағы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстыра отырып, тұжырымдайды. Қарама-қарсы ұғымдағы жомарттық пен сараңдықты мәтін мазмұнынан табады,салыстырады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Көркем шығармада көтерілген мәселе бойынша өз көзқарасын дәлелді етіп жеткізеді. Шығармадағы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстыра отырып, тұжырымдайды, «Ойлан,зерделе» әдісі арқылы сыни ойлау тұрғысынан зерделейді.

Кейбір оқушылар орындай алады: «Құнды пікір» әдісі арқылы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстыра отырып, түйінді ой айта алады. Жомарттық пен сараңдықты адамгершілік тұрғысынан салыстыра бағалайды. Әдеби шығармада көтерілген мәселеге анализ жасай отырып, өмірдегі шындыққа көзқарасын қалыптастырады.

Бағалау критерийі: Шығарма мазмұнын түсінеді, тұжырым жасайды. Жомарттық пен сараңдық сөзінің мағынасын ашады. Әдеби шығармадағы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді, жомарттық пен сараңдықты мәтіннен табады. Кейіпкерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды.

Тілдік мақсат:Оқушылар орындай алады: Әдеби шығармадағы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстырып және қарама-қарсы суреттеулерді тауып, диалог, пікірталасқа түсу үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдана алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: көңілге жел кіру, дәулет,әдет, кем-кетікке жәрдем беру, әбірет алу

Диалог құруға\шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: шөп тасып, жұмыс қылады, ұмытармын деп қорқамын, әбірет алсын деймін. Талқылауға арналған сұрақтар:

-Әңгіме оқырманға қандай үлгі-өнеге көрсетеді?

- Қазіргі заманның Атымтай Жомарты қандай?

-Егер сен бай болсаң, не істер едің?

-Не себепті Атымтай Жомарт дәулетті болса да, шөп тасып,күнде еңбектенеді?

Құндылықтарға баулу Зайырлы қоғам мен жоғары руханият. «Атымтай Жомарт» әңгімесінің айтар негізгі түйінді ойы арқылы еңбекке деген құрмет, өмір бойы білім алу құндылықтарына, рухани өрлеуге баулимын.

Пәнаралық байланыс Әдеби шығармадағы кейіпкердің пікірі арқылы, оқушыларға сұрақтарды талдату арқылы еңбекке деген құрметті қалыптастырамын, еңбекке баулу пәнімен байланыстырамын. Шығармадағы жомарттық пен сараңдықты салыстыру арқылы анализ жасай отырып, адамгершілік,ізгі құндылықтарға ынталандырып, өзін-өзі тану пәнімен байланысты шебер де ұтымды қолданамын.

Алдыңғы оқу «1 минут» әдісі. Оқушылар шеңбер құрап тұрады. Оқушылар өтілетін тақырып бойынша не білетінін 1 минут тоқтамай айтып шығады. Жоспар Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың басы «Сәлемдесу» сергіту сәті. Білім алушылар орындарынан тұрып, көршісінің аттас саусақтарына кезек-кезек тигізеді, бас бармақтан бастайды:

-Мен саған тілеймін (бас бармағын тигізеді)

-Денсаулық (сұқ саусағын тигізеді) -Бақыт(ортаңғы)

-Сәттілік (атаусыз саусақ) -Шын ниетпен (шынашақ)

-Сәлеметсің бе! (алақанын бір-біріне тигізеді)

2.«Суреттер сөйлейді» әдісі. Интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі. Оқушылардан суретте не болып жатқанын және түсіндіріп берулері сұралады. Білім алушының назарын шоғырландыру үшін қосымша жетекші сұрақтар қойылады:

- Суреттен не байқадыңдар?

- Бұл қандай адам?

Оның бойында қандай жақсы қасиет бар деп ойлайсыз?

- Бүгінгі сабақтың тақырыбы не жайлы?

-Қане, балалар,болжап көрейікші............. 3. Оқушылармен бірігіп, бүгінгі сабақ мақсатын айқындап алу.

4. Үлестірме қағаздар арқылы сынып оқушыларын топқа бөлемін. І топ. Жомарт ІІ топ. Мейірім ІІІ топ. Еңбек

ҚБ: Стикер жазбасын беру арқылы жүргізіледі

«Суреттер «Жомарт», «Мейірім», «Еңбек» топ аттары жазылған үлестірме қағаздар

Сабақтың ортасы

Иллюстрациялық суреттерге негізделген аудиооқулық

Шығармаға сатылай кешенді талдау жасау:

* Авторы –

* Тақырыбы –

* Жанр түрі –

* Идеясы –

* Шығарма кейіпкерлері –

* Шығарманың тәрбиелік мәні -

-Дескриптор: Шығармаға СКТ жасайды.

1 – тапсырма

ТЖ: Біліміңді шыңдап, көр!

І топ: Зерттеушілер Шығарманың авторы жайлы зерттеу жүргізіңдер.

ІІ топ: Баяндаушылар Әңгіменің мазмұнын баяндаңдар.

ІІІ топ: Құрастырушылар Әңгіме желісі бойынша күрделі жоспар құрастырыңдар

Дескриптор: Шығарма авторы жайлы баяндайды.

Әңгімеден түсінгенін мазмұндайды.

Әңгіме желісі бойынша күрделі жоспар құрастырады.

2 – тапсырма

"Ойлан, зерделе!" 

І топ: «Атымтай жомарт» әңгімесінде көтерілген мәселені;

ІІ топ: «Атымтай жомарт» әңгімесінде көтерілген мәселенінің себептерін;

ІІІ топ: Әңгіменің қорытынды түйінін анықтаңдар.

Дескриптор: Әңгімеде көтерілген мәселені анықтайды.

Әңгімеде көтерілген міселенің себептерін түсіндіреді.

Әңгімені қорытындылайды.

Кері байланыс: «Дәл таптың!», «Орынды айтылған!», «Жарайсың!» сөздерімен мадақтау.

3 – тапсырма "Тез анықта"

І топ Сөз мағынасы

ІІ топ   Мақал - мәтел

ІІІ топ Шағын әңгіме Жомарттық пен сараңдық

Дескриптор: Сөздің мағынасын ажыратады.

Сөзге қатысты мақал –мәтел тауып,жазады.

Берілген сөздері ұатыстырып шағын әңгіме құрастырып айтады.

Кері байланыс: «Жарайсың!», «Керемет!», «Әлі де ойлан!» сөздерімен мадақтау. Сөздікпен жұмыс Кері байланыс: «Тамаша!», «Жарайсың!», «Құнды пікір!», «Жақсы!» сөздермен мадақтау

4 – тапсырма.

ЖЖ. «Қос диаграмма» әдісі

Жомарт адам мен сараң адамның бейнесін салыстырыңдар.

Ұқсастығы мен айырмашылығын табыңдар.

Құнды пікір: "Егер мен бай болсам.............." 

Дескриптор: Жомарт адам мен сараң адамның бейнесін салыстырады

Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді ажыратады.

Ұқсастығы мен айырмашылығын табады.

Құнды өзіндік пікірін айтады

Кері байланыс: «Өте жақсы жазылған», «Дұрыс таптың!», «Орынды айттың!», «Үздік болды!», «Шебер орындадың!» сөздермен мадақтау Кері байланыс: «Ұтымды жауап», «Өте жақсы!», «Құнды пікір айттың» сөздерімен мадақтау

«Жетістік баспалдағы » әдісімен кері байланыс алу

Сабақты қорытындылау:

«Білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу» Н.Ә.Назарбаев

ҚБ: «Бас бармақ» әдісі, Смайликтер беру арқылы

Үйге тапсырма: "Бүгінгінің Атымтайлары" тақырыбына эссе жазу


Пікірлер (2)

Ибр

Өлен атымтай жомарт

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз