Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
«Дарын» балабақшасы
1 санатты тәрбиеші Ходжантаева Куралай Икласовна
Әсем безендірілген залға балалар «Қош келдің, Жаңа жыл!» - әнінің сазымен кіреді.
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,
Бәрімізге әкелсін мына ит жылы.
Мұстафа: Кел, төрлет, Жаңа жылым.Құтты жылым.
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін.
Қарсы алдық сені еңселі еңбекпенен,
Жарқырап әне алдымнан шықты күнім.
Жаңа жыл мерекесі құтты болсын,
Әрқашан мерекелік көңіл болсын.
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,
Қане, достар, күлкімен орта толсын
Дәубек: Жаңа жылға арналады жаңа жыр,
Жаңа жылда шақырады бар өмір.
Бақыт болып,жаңа жылым келді ғой,
Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл!
Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға,
Мерейін мәртебесін биікке асыр.
Адия: Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Өлеңде әзір, бәрі әзір.
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел, Жаңа жыл, біздерге,
Кел, Жаңа жыл,Жаңа жыл!
Ән. «Жаңа жыл»
(Балалар орындарына отырады)
Көрініс " Аяз атаға сыйлық"
(Аю мен қоян кіреді)
Аю: Аяз ата келеді.
Бәріңе сыйлық әкеледі,
Оны кім қуантады,
Ал, аяз атаға кім сыйлық сыйлайды?
Қандай сыйлық береді?
Қоян: Дұрыс айтасың аю,
Қане ойланайық. Бір нәрсе ойластыру керек.
(екеуі әрі ойланады, бері ойланады)
Екеуі: (Айқайлайды) Таптым! Таптым!
Қоян: Мен тәтті сәбізімді сыйлаймын.
Аю: Әлемде балдан тәтті нәрсе жоқ, саған балалар да айтар.
Қоян: Жоқ сәбіз тәтті, сәбіз тәтті.
Аю: Жоқ бал тәтті, бал тәтті.
Аю: (аю бір шетке шығады)
Неге сәбіз дәмді?
Бал хош иісті, шырынды.
(балдың дәмін татады)
Қоян: Жоқ, сәбіз дәмді
Тәтті әрі тоқ жүресің
(қоян сәбізді жейді)
(бір-біріне жақындайды)
Қоян: Ауыз тиюге балыңды берші.
Аю: Ал, сен маған сәбізіңді бер.
Қоян: Балың қайда?
Аю: Менің аузым жеп қойды.
Сенің сәбізің қайда?
Қоян: Тістерім кемірді.
Екеуі: Солай ма?
Достар, енді бізге не істеу керек?
Жүргізуші: Ой, балалар! Боран қарды жолға үріп тастапты.
Енді Аяз- ата, бізді қалай табады?
Қане, Аяз- атаға көмектесейік,
Шақырайық оны.
Балалар: Аяз- ата, ау-ау, ау-ау.
Аяз-ата ортаға шығады.
Аяз-ата: Келемін, келемін! Әрең деген де сендерге апаратын жолды таптым. Ой, зал адамдардан толып отыр ғой. Айтулы мереке болады.
Көріп тұрмын көздерінен балалардың мерекені асыға күтіп отырғанын.
Жүргізуші: Аяз-ата бізде әдемі ойыншықтарымен сәнденген шыршамыз тұр.Бірақ шамдары жанбай тұр.
Аяз-ата: Қане, шыршаның шамдарын сиқырлы таяғымның көмегімен жағайын. Ал, сендер мағмн көмектесіңдер!
Балалар: Көмектесеміз.
Аяз-ата: Қане шырша күлімде!
Балалар: Күлімде - 3 рет шапалақтайды
Аяз-ата: Қане, шырша 1,2,3,
Балалар: 1, 2, 3 - 3 рет шапалақтайды
Аяз-ата: Жарқыра, Жарқыра, Жарқыра!
Балалар: Жарқыра, Жарқыра, Жарқыра! (шыршаның шамдары жанады, фонаграмма қойылады)
Хоровод: Аяз ата. (Аяз атаның сөзі).
Жүргізуші: Аяз ата, қолыңыздағы ерекше түрлі түсті гүл жапырақшасы, қандай ғажайып гүл.
Аяз-ата: Бұл гүл шоғы ғой. Ол ерекше, ғажайып гүл. Бір гүл күлтешесін жұлып алып, тілек тілесең, ғажап тілегің орындалады.
Жүргізуші: Міне, керемет! Бір күлтешесін жұлып, тексеріп көрейікші.
Аяз-ата: Гүлжапырақша ұш, ұш
Батыстан Шығысқа,
Солтүстіктен Оңтүстікке,
Бір айналып жерге оралсаң.
Менің айтқанымды орында.
Балалар билеп мені көңілдендірсін!
(гүл күлтешесін жұлады)
Би. Сылдырмақтар.
Аяз-ата: О, ғажап гүл, жарайсың!
Жүргізуші: Аяз ата гүл шоғы балалардың тілегін де орындай алады ма?
Аяз-ата: Әрине.
1.Бала. Мен ән тыңдағым келеді.
Мерекені көңілді өткізу үшін.
Біздің жадымызда қалатындай.
Жасыл шырша әдемі ......
Аяз-ата: Сөзін қайталайды.
(Гүл шоғы ұш,ұш)
(тағы бір күлтешесін жұлып алады)
Ән.Қоңыраулар.
Жүргізуші: Аяз ата, менде тілек тілегім келеді,
Шыр айналып боран соқты.
Мүмкін менің аппақ қолыма ұлпа қар келіп қонар?
Аяз-ата: Сөзін қайталайды
(Гүл шоғы ұш,ұш)
(тағы бір күлтешесін жұлып алады)
Би. Ұлпақарлар.
Ағылшын тіліндегі ән, тақпақтар.
Аяз-ата: Сөзін қайталайды
(Гүл шоғы ұш,ұш)
(тағы бір күлтешесін жұлып алады)
Би. Санта клаустар.
Жүргізуші: Ертегі әлемі, қандай өзі әдемі.
Жасыл шырша жанында
Түлкі мен қасқыр жүр еді.
Тосын сый "Қасқыр мен Түлкі".
Жүргізуші: Жаңа жылыңыз құтты болсын.
Жаңа жыл тек жаңа табыс,
Береке, бірлік әкелсін - дейміз.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі