Өлеңдер Бөлімі

Кешенді жаттығулар

Қызылорда облысы Арал қаласы
№2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты
Курманбаева Гулмира Ажаргалиевна
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 

Сыныбы: 5 (қыз балалар)

Сабақтың тақырыбы: Кешенді жаттығулар.

Мақсаты: Кешенді жаттығулардың орындалу техникасын үйрету. Салауатты өмір салтын насихаттау.

Тәрбиелік: Кешенді жаттығуларды орындау арқылы ептілікке, икемділікке, өзін сергек ұстай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Жаттығуларды орындау арқылы өкпедегі тыныс алу, тыныс шығару  жолдарын жақсарта отыра дене мүшелерін қозғау арқылы жаттығуды денеге толық сіңірту және дене бітімнің түзу әрі тік, сымбатты өсіп жетілуі, дамуы.

Спорттық құралдыр: Ысқырық, жалауша.

Сабақ барысы:

I.Дайындық бөлімі:

1. Тізбекке тұрып,сабақ өтілетін орынға келу.
2. Бір қатар сап түзеп,сабақтың міндеттерімен таныстыру.
3. Сапқа арналған жаттығулар:санау,бұрылу,қайта сап құру.
4. Белгілі бір қашықтыққа баяу қарқынменжүгіру және жүру.
5. Шеңбер жасап тұрып тыныс алу жолдарын жақсартуға арналған жаттығуларды. жүргізу
6. Жалпы дамыту жаттығуларын орындату.
6.1. Басты алға,артқа,оң және сол жаққа ию,басты оң және сол жаққа бұру басты айналдыру
6.2. Қолды алға екі жаққа,жоғарыға созу,қолды алдыға,артқа қарай айналдыру.
6.3. Иықты көтеру,түсіру айналдыру.
6.4. Денені алға,артқа және оң мен сол жаққа еңкеию.
6.5. Денені оң және солға бұру
6.6. Денені иілу мен үйлестіріп бұру.

II.Негізгі бөлім:

1. Бір қатар сапқа тұрғызу.

I-ші кешенді жаттығу

«1» дегенде екі қолды иыққа қою «2» дегенде қолды жоғары көтеріп, сол аяқтың ұшына тұру,  «3» дегенде екі қолды екі жаққа созу, «4» екі тізені құшақтап отыру. «5» дегенде қалыпты жағдай

II-ші кешенді жаттығу

«1» дегенде екі қолды екі жаққа созып кеудені жазып, «2» дегенде екі қолды алдыға созып жартылай отырып «3» дегенде жұдырықты түйіп шынтақты бүгіп кезек кезек шынтақты көтеру.

                               

III-ші кешенді жаттығудың орындалу барысы

«1» дегенде екі қолды жоғары көтеру «2» дегенде аяқтың үшына қолды тигізу, «3, 4» дегенде саусақтарды айқастырып төменнен-жоғары қарай жартылай шеңбер жасау.

IV - ші кешенді жаттығудың орындалу барысы

«1, 2» дегенде сол қолмен, сол аяқты қарама-қарсы бағытта сермеу,«3, 4» дегенде оң қолмен,оң аяқты қарама қарсы бағытта сермеу, «5» дегенде қалыпты жағдай.

V- ші жаттығу

«1» дегенде екі қолды жоғары көтеру, екі дегенде қолды белге қойып жартылай отыру «3, 4» дегенде қалыпты жағдай.

                                                                                     

III. Қортынды бөлім:

1. Жеңіл жүгіріспен жүгірту. Дем алу ритмін қадағалау.

2. Сабақты қорытындылап, тапсырманы жақсы орындаған оқушыларды бағалау.

3. Үйге арнайы тапсырма беру.

4. Салтанатты түрде қоштасу.


Қарап көріңіз

Пікірлер (3)

Асылай

Негізінде осы жаттығуларды істесе болады

Аружан

Өте тамаша, маған ұнады.

Myrza

Өте тамаша!

Пікір қалдырыңыз

×