Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің туған өлкем» |
№76 мектеп-лицей |
||||
Күні: 11.12.2017ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Қуанышбек Жанар Ардаққызы |
||||
Сынып: 2 «Ғ» |
Қатысқандар саны: 28 |
Қатыспағандар саны: 0 |
|||
Сабақ тақырыбы |
Туған өлкемнің табиғаты. Қыс. |
||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
2.1.1.1 Музыкалық көркемдеуші құралдарын және музыканың сипатын анықтау |
||||
Сабақ мақсаттары |
Музыкалық аспаптармен танысады. Ноталарды ырғақпен орындап үйренеді. Музыкалық түсініктер белгілерімен танысады |
||||
Құндылықтарды дарыту |
Ынтымақтастық, құрмет, еңбек және шығармашылық |
||||
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану |
||||
Бастапқы білім
|
Өткен сабақта оқушылар ұзын және қысқа дыбыс ұғымымен танысты, оларды ырғақтық флэш-карталарда берілген төрттік және сегіздік ноталарды та, те буындарына айтып, ырғағын соғып, және сәйкес мектеп туарлы сөздермен айтып көрді. Жұптық жұмыс барысында мектеп туарлы екі сөйлем шығарып ырғақпен орындады. |
||||
Сабақ барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы |
Музыкалық сәлемдесу «Сәлеметсіңдер ме!» «Здравствуйте!» «Good day!» «До-ре-ми-фа-соль-ля-си-до» музыкалық дайындық Ән орындау. Оқушылар тақтаға шығып ән орындайды. «Он дегенім ― Отаным» (Кері санамақ) Өлеңін жазған: Ө.Ақыпбекұлы. Әнін жазған: Ә. Бүшікова. Он дегенім ― Отаным, Тоғыз ― туған топырағым, Сегіз ― сеңгір тауларым, Жеті ― жасыл бауларым, Алты ― алтын Күн төккен нұр, Бес ― бұлағым мөп-мөлдір, Төрт ― туған ел дәулетті, Үш ― үйлерім сәулетті, Екі― ата-анам ― өбектер, Бір ― бақытты бөбектер.
Аман болсын осылар, Жасыма жас қосылар. Қадірімді дос ұғар, Кезім болмас тосылар. оқушылардан сұрау: • Ән не туралы? • Ән қандай сезімді оятады? • Композитор қандай көркемдеуші құралдарды қолданған? Зерттеу және талдау Балалар қыс мезгілінің суреттерін зерттеп, туған өлкелерінің қыс кезіндегі табиғатын көз алдарына елестетеді. Талқылау: Туған жеріңде қыс қандай болады? Мына суреттердің өзара ұқсас жерлері бар ма? Қысқы табиғатты қандай сөздермен суреттер едің? «Қандай аспап?» ойын Оқушылар барабанның, үшбұрыштың, даңғыраның, ксилофонның, қоңыраудың үндерін тындап, қай аспап екенін тауып, олар туралы білетін мәліметтерімен бөліседі. «Көңілді ансамбль» Музыкалық жұмбақтар. 1. Бес жолмен жүреді, Бар әуенді біледі. (Нота). 2. Саусақ батпас түтіктен, Сандуғаш құс сайрайды. (Сыбызғы). 3. Қалдырмай емге етін, Қақтаған күн бетін Астында төмпештің, Атқарар міндетін. (Барабан). 4. Даусы бар, жаны жоқ Шертсең күйі, әні көп Құлағын он бұра Ол не (домбыра) 5. Бас, құлақ, мойны бар, Үп-үлкен шанағы бар Ысқышпен ысқанда Әндетіп шығар тағы әні бар (Қобыз) Суырыпсалма • Қимыл-қозғалыстарды және қардың, желдің, аңдардың, боранның дауыстарын салады. Рефлексия: - Бүгінгі сабақта мен үшін қызықты не болды? - Сабақтың қандай тапсырмасы маған қиынға соқты? Оқушыларға стикерлер таратылады, осылайша сабақтан алған әсерлері бойынша тақтадағы түрлі көңіл күй бейнеленген суреттерге жабыстырады. Бағалау Сабаққа өте белсенді қатысқан оқушыларға таратпалар таратылады. |
Бейнематриал
Аудиожазба
Суреттер
Суреттер
|
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі