Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы
№4 "Айгөлек" бөбекжайы МКҚК
Тәрбиеші: Муканаева Айжан Кадыровна
Балалар саппен жүріп аланға келеді. Алан арнайы безендірілген. Балаларға арналып әуен ойналады.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, қадірлі балалар!
1-маусым балалар мерекесі мерекесі құтты болсын!
Бүгінгі күн ерекше.
Армысыңдар балалар, бармысыңдар,
Жаз да келді, жайнаған гүлді шыңдар
Алдыменен алайық амандасып,
Армысыңдар бәрің де, армысыңдар!
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, мерекеге жиналған қонақтар, ата-аналар, балалар!
Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.
1 - Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Бүгін біз осы мерекені атап өтпекшіміз. Аталған мерекемен бізді құттықтай келген қонақтарымызбен таныстырып өтейін.
Құттықтау сөз кезегін бөбекжай директорына Адилова Г.К. береміз.
Ән: «Қошақаным»
Фиксиктардың келуі.
Бұл не мереке? Нені тойлап жатырсыңдар? Бізге неге айтпадыңдар, а? Бізсіз ешқандай мереке болмайды?
Жүргізуші: Тоқта, тоқта, сендер кімсіңдер өзі біздің мерекені бұзатын? Бүгін үлкен мереке, біз оны тойлаймыз, ешкім кедергі бола алмайды! Бізбен бірге тойлаймыз десеңдер, онда тәртіп сақта!
Балалар, Фиксиктарды қалдырамыз ба? Қалдырамыз.
Би «Ай будет круто»
Ойын «Тәтті тағамдар»
Жүргізуші: Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі,
Үйренген өнерін көрсетсін
Бүлдіршін балалар белсенді.
Ендігі кезекті тақпаққа берейік.
Бала, бала, баламыз
Бақшамызға барамыз
Күні – бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.
Жүргізуші: Иә, рас, бала болған бәрі де,
Салған олар балалықтың әнін де.
Бала кезін еске алып отырсақ,
Сол емес пе тіршіліктің мәні де! - дей келе құрметті ата – аналар балалық шағымызды еске ала отырып, сайқымазақтардың бізге ала келген ойынын ойнайық.
Ойын: «Кім жылдам» Шарты: Ата-аналар өз баласына бір әріптен еркелету айтып бірінші жету керек.
Жүргізуші: Көк жиектен күлімдеп,
Маусымның таңы атты
Тұра қойшы күнім – деп,
Анаң сені оятты –
Даналардың тілегі,
Балалардың тілегі
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі
Ән «Жас дәуірдің түлегіміз»
Жүргізуші: Ендігі кезекті тақпақтарға береміз!
Балалар бақшасында бүгін той!
Балаларды қорғау күні біліп қой
Алақай-ау,алақай
Той тойлайық,балақай
Қызырғанша алақан
Кел,соғайық балақай.
Бейбітшілік әніміз
өнерліміз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Балабақша аясында
Жадырайды жанымыз
Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
өмір қандай тамаша
Гүлмен келсін келер күн
Бала-бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.
Басты қоссақ бәріміз
Біздер елдің сәніміз
Шаттық, бақыт, қуаныш
Елімізге сыйлаймыз.
Біз бақытты баламыз,
Ақылдымыз, данамыз
Ертеңгі күн еліміздің
Батырлары боламыз.
Я люблю свой детский сад,
В нем полным полно ребят
1,2,3,4,5 жаль ,что всех не сосчитать
Может 100,а может 200
Хорошо что мы вместе.
Би «Веселый паровозик»
Фиксик: Жарайсыңдар балалар сендер өте жақсы өнер көрсеттіңдер,менің сендерге әкелген сыйлығым бар, міне қабыл алыңдар.Осы ойыншықтармен топтарыңда тату-тәтті бірге ойнасын деп,сендерге алып келдім!
Жүргізуші: Рахмет саған Фиксик! Осымен «1 маусым - Балаларды қорғау күні!» атты мерекелік іс-шарамыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі