Павлодар қаласы
«№7 жалпы орта білім беру бейіндік бейімдеуге мамандандырылған мектебі» ММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Зарихан Алтынай
Сынып: 3 «б» Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: «Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері».
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға тұрлаулы мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру. Сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу. Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
ә) дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз ойын тез, әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
б) тәрбиелік: оқушыларды өз ана тілін сүюге, құрметтеуге, тиянақтылықа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-әсілдері: сұрақ–жауап, түсіндіру, ойқозғау, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: семантикалық карта, тест тапсырмалары, төрт түлік мал төлдерінің суреттері, сұрақтар, сөйлемдер жазылған парақтар.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Келген қонақтармен амандасу.
— Амансың ба, Алтын Күн!
— Амансыңба, Көк Аспан!
— Амансыңба, Жер–Ана!
— Амансыңба, қонақтар,
Сіздерді көріп қуанам.
— Иә, балалар, біз әрқашанда келген қонақтарға қуаныштымыз.
ІІ. Ми гимнастикасы. Ширату.
Күннің шығуы – (таңату)
Мектептегі 45 минут – (1 сабақ)
Мемлекеттің бас қаласы – (Астана)
Күшіңе сенбе, (біліміңе сен)
Денсаулық – (зор байлық)
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1) Сабақтың ұранын еске түсіру:
Қазақ тілім — өз тілім, дана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл–қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым қазақ тілім, — дей отырып, бүгінгі қазақ тілі сабағымызды бастайық.
2) Ой қозғау.
— Абай деген кім?
— Абай – ұлы ақын.
— Ыбырай деген кім?
— Ыбырай – алғашқы ұстаз.
— Жамбыл деге нкім?
— Жамбыл – халық ақыны. (сөйлемдерді оқушыларға көрсету)
— Бұл сөйлемде нені байқадыңдар, балалар?
— Сөйлемдегі екі сөздің арасына сызықша қойылған. Ол екі сөз де бастауыш.
— Дұрыс айтасыңдар. Бұдан қандай ереже шығады?
— Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, баяндауыштан кейін сызықша қойылады. Абай – ұлы ақын.
— Дұрыс айтасыңдар, кеше біз «Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша» деген тақырыпты өткен болатынбыз.
Ребусты дұрыс шешсең, мақал шығады. Мұндағы бастауыш пен баяндауышты табыңдар. Олардың арасына неге сызықша қойылған?
Ребустың жауабы: «Ел іші – алтын бесік»
3) Өткенді қайталау.
— Енді, балалар, бәріміз «Бәйге» ойынын ойнайық.
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлемнің қандай түрлерін білеміз?
3. Сөйлем соңында қандай тыныс белгілерін қоямыз?
4. Сөйлем мүшесі дегеніміз не?
5. Қандай сөйлем мүшелерін білеміз?
6. Бастауыш дегеніміз не?
7. Баяндауыш дегеніміз не?
8. Бастауыштан кейін қай кезде сызықша қоямыз?
9. Зат есім дегеніміз не?
10. Сын есімдегеніміз не?
11. Сан есімдегеніміз не?
12. Етістік дегеніміз не?
ІҮ. Жаңа сабақ.
— Жақсы, балалар, енді жаңа сабағымызды бастайық. Дәптерді ашып, бүгінгі күнді және жаңа сабағымыздың тақырыбын жазып қойыңыздар.
— Балалар, айтыңдаршы, қазір қай жыл мезгілі?
— Күз, бірақ біздің жақта қыс ерте басталады. Сондықтан да қаржауып, борандар да басталды.
— Ал енді, мына екі сөйлемге назар аударыңдаршы:
1. Қар жауды.
2. Бүгін жапалақтап қар жауды.
— Осы екі сөйлемде қандай ұқсастық бар ? Қандай өзгешелік бар ? (балалардың жауабы)
— Өте дұрыс. Екі сөйлемде де қар туралы айтылып, оның жауғанын білдіріп тұр. Айырмашылығы – бірінші сөйлем бастауыш пен баяндауыштан ғана тұрады. Ал екінші сөйлемде бастауыш пен баяндауыштан басқа да сөздер қолданылған.
— Демек, балалар, бастауыш пен баяндауыш – сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді. Түсінгенімізді бекіту үшін оқулықтағы 1 – жаттығуды ауызша орындайық.
1) Оқулықпен жұмыс.
2 – жаттығу. Мәтіннен баяндауышы зат есім болатын сөзді тауып көшіріп жаз.
Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жаз.
Сергіту сәті
Жаңбыр жауар себелеп,
Тығылады көбелек.
Біз қолшатыр астында,
Би билейміз дөңгелеп.
2) Семантикалық картамен жұмыс. (әр балаға жеке беріледі)
Сөздер |
Бастауыш |
Баяндауыш |
Айжан |
+ |
|
Оқыды |
+ |
|
Биші |
+ |
|
Жазды |
+ |
|
Секірді |
+ |
3) Оқулықпе жұмыс. 3 – жаттығу. Мақалдарды жатқа жаз. Мұндағы тұрлаулы мүшелерді тауып, астын сызыңдар. Мақалдардың мағынасын түсіндіріңдер.
1. Әкеге қарап ұл өседі,
Шешеге қарап қыз өседі.
2. Жаман жолдас жолда қалдырады.
4 – жаттығу. Қандай сөйлем мүшесі жазылмаған тап.
Ү. Қосымша тапсырма. Ойын «Кім тапқыр?».
Әр ақынның өзінің атауына сәйкес сөйлем құрау тапсырмасы беріледі. Бұл сөйлемдегі тұрлаулы мүшелерді табу керектігі ескертіледі.
Мысалы: Абай өз өлеңдерінде жастарды білімге шақырады. Ыбырай ең алғаш рет мектеп салған адам. Жамбыл – жүз жасаған ақын.
ҮІ. Сабақты қорытындылау. Тест
1. Кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін:
А) Зат есім Ә) Бастауыш Б) Баяндауыш
2. Қандай жағдайда сызықша қойылады?
А) Бастауыш та,баяндауыш та зат есімнен жасалса;
Ә) Бастауыш та,баяндауыш та етістіктен жасалса;
Б) Бастауыш та,баяндауыш та сын есімнен жасалса.
3. Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді:
А) Сөз таптары дейміз Ә) Сөйлем мүшелері дейміз Б) Сөз дейміз
4. Баяндауыштың сұрақтарын тап:
А) Кім? не? кімдер? нелер? Ә) Қандай? қай? Б) Не істеді? не қылды? қайтты?
5. Бастауыштың іс-қимылын білдіретін сөзді тап:
А) Етістік Ә) Зат есім Б) Баяндауыш
6. Бастауыштың сұрақтарын тап:
А) Қандай? қай? Ә)неше? нешіші? Б) Кім? Не? кімдер? нелер?
ҮІІ. Үйге тапсырма. 79–бет. 5–жаттығу.
ҮІІІ. Бағалау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі