Қарғалы селосы
«Алихан» балабақшасы
Тәрбиеші: Тулегенова Жанагүл Оразбекқызы
Тақырыбы: «Алтын күз!»
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, қызығушылықтарын арттырып, белсенділіктерін дамытып, ұйымшылдыққа, достыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: күз суреттері, шар, лента, жапырақтар.
Тәрбиеші:
- Армысыздар құрметті ата-аналар, қонақтар! Баршаңызды бүгінгі «Алтын күз!» мерекесімен, шын жүректен «ШАҢЫРАҚ» тобы құттықтайды!
Бүгінгі алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз!
Бүгін мейрам бүгін той,
Қуаныш күн біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап
Алақанды соғып қой. (хормен)
Жүргізуші: Жапырақтың сарғайғаны
Келген күздің сәніме,
Қайтқан құстың шалғайдағы.
Әлде мұңлы әніме,
Күз келді ғой далама.
Күз келді ғой қалама
Күз деген ол тамаша.
Күзде бәрі жаңаша- деп бүгінгі мерекеге арнап дайындаған балалардың құттықтауын қабыл алыңыздар!
1-бала АЙДАНА:
Армысыздар халайық!
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық.
2-бала:
Берекелі сары күз,
Тамылжыды балбырап.
Мәуелі ағаш сары күз,
Майысады албырап
3-бала:
Сап-сары қып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен
Жүргізуші:
— Достар бізге есік қағып біреу келіп тұрған сияқты. Бұл кім екен?
Ішке басында күзгі жапырақтардан жасалған тәжі киген, қолында сандығы бар тәрбиеші кіреді.
— Армысыңдар менің кішкентай достарым.Мен қайда келдім?
Сіз ШАҢЫРАҚ тобына келдіңіз.
— Балалар, қалай ойлайсыңдар мен кіммін?
— Күз ханшайымы
— Неге олай ойлайсыңдар?
— Өйткені жапырақтар күз мезгілінде сары, қызыл түсті болады.
— Балалар қазір менің кезім келіп тұр. Мен дала, орман мен тоғайларға барып, айналаның бәрін сұлу ертегіге айналдырамын. Міне енді сендердің топтарыңа да келіп тұрмын. Балар менің қолымдағы не деп ойлайсындар
— Алтын сандық,
— ИЯ сендер дұыс айтасындар бұл менің сиқырлы алтын сандығым, егер сендер менің тапсырмаларымды дұрыс орындасаңдар АЛТЫН сандығым ашылады.
1-тапсырма Жұмбақтар
2-тапсырма Жыр шумақтар
3-тапсырма Ойын - Көкөніс пе жеміс пе
— Ой балалар менің сандығым ашылып кетті. Мұнда не бар екен.
Көкөністер дауы ертегісінің атрибуттары. Балалар бастарына киіп ертегіні сахналайды.
Көрініс: «Көкөністер айтысы»
Ақбота (қияр):
Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күймде.
Жаңа піскен кезімде,
Жейді бәрі сүйсіне.
Мейрамбек (картоп):
Мен ұялшық картоппын,
Мен емесепін мақтанар,
Мені жақсы көреді,
Үлкендермен балалар.
(Ас бұршағы):
Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын және бәріне,
Дәмді салаттарыммен,
Сый жасаймын бәріңе.
Азиз(пияз):
Боламын мен демеуіш,
Барлық - барлық тағамға.
Көкөністер ішінен,
Мен пайдалы адамға.
Мүддехан (сәбіз):
Кім бар сәбіз шырынын,
Жастайынынан ішпеген.
Мені жеген адамдар,
Кем болмайды күшке де.
Балнұр: (шалқан)
Кімбілмейдішалқанды,
Дәмімдітатыптаңқалды.
Бәріне сый боламын,
Тауып көр менен дарқанды.
Амина (қырыққабат):
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіздәмді щи қайда.
Меніқоссасамсаға.
Жейдібәрітамсана.
Алинур (қызанақ):
Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Барма адам сүйсінбей,
Томат шырынын ішпеген
Дильнура (Қызылша):
Мен де бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге
Менсіз борщ болмайды,
Винегрет те үстелге.
Би "ШАБАНДОЗДАР"
Жыр шумақтар
Ақжігіт:
Күз келді,алақай!
Алтын келді далаға,
Дәні биік бидайды.
Құйып жатыр қамбаға.
Жанель:
Молшылыққа бөленген,
Күз айы неткен ырысты ең?
Біздерді қауыштыратын.
Ыстық ұя мектеппен.
Мерей:
Сап-сары маңай,
Сап –сары тоғай.
Соңғы әнін айтып.
Құс кетті қайтып.
Айару:
Қарашы күз келді,күз келді,
Жапырақ жауыпты іздерді,
Құс біткен керуен құрады.
Қара бұлт қабағын түйеді.
Ақтілек:
Біз кішкентай балдырған.
Сескенбейміз жаңбырдан,
Төбемізде қол шатыр,
Алдымызда жол жатыр.
Нурислам:
Сарғайды тоғай,
Сап –сары маңай,
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Султаналі:
Айнала жым-жырт,
Көк аспан сұрғылт.
Жер жыртқан тыңда,
Трактор қырда.
Жасұлан:
Жапырақ ұшты,
Суықта та түсті,
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.
Әида:
Алтын сары, қызыл, көк.
Алуан-алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Тәрбиеші:
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан - алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жалбырап.
Ортада «Күзгі жапырақтар» биі.
Ән: «Күз әуені»
Тәрбиеші:
Күзім–ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау.
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық-ау.
Би: «Бұлттар мен тамшылар» биі
Күз ханшайымы: Балалар сендер барлықтарын өнерлі екенсіндер, енді ата-аналарына сұрақтар қойып, ойындар ойнап қарайық. Ата-аналар келісесіздер ме?
Ойын: «Кім жылдам» Күз мезгілінің суретін шар үрлей отырып, салу.
Көрініс «Жалғыз алма» ертегісі.
Қоян — Гүлім.
Кірпі — Аянат.
Қарға — Әлижан.
Аю — Шапағат.
Тәрбиеші: Күз ханшайымы менің балаларымның өнері ұнадыма?
Күз ханшайымы: Рахмет балалар маған мереке ұнады. Ал енді менің орманға баратың уақытым болды
Берекелі бақ дәулет
Арта түссін тойланып
Сау болыңдар балалар
Тәрбиеші: Алтын күздің сыйы — жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты. «Сау болыңыздар!» дей отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі