Ақтөбе қаласы
№15 коммуналдық мемлекеттік мекеме
Мектепалды даярлық топ тәрбиешісі
Жансугирова Жибек Амангельдиевна
Сабақтың тақырыбы: «Көкөністер және жемістер. Заттың ұзындығын өлшеймін. Ұзын-қысқа» |
|
|||
Сынып/топ: 0 «б» |
Қатысқандардың саны: |
Қатыспағандардың саны: |
||
Сабақтағы оқытылу мақсаттары |
0.2.4.3. Шартты өлшемнің көмегімен заттарды ұзындығы/ салмағы бойынша салыстыру. 0.2.1.1. 10 көлеміндегі санды тура және кері санау. 0.3.2.1. Үлгі бойынша геометриялық фигураларды құрастыру. |
|||
Күтілетін нәтиже
|
Барлық тәрбиеленушілер: - заттарды ұзындығы бойынша бір-біріне беттестіреді немесе жанына қою арқылы салыстырады; -10 көлеміндегі санды тура және кері санайды; - үлгі бойынша геометриялық фигураларды құрастырады. Көптеген тәрбиеленушілер: - шартты өлшемнің көмегімен заттарды ұзындығы бойынша салыстырады. Кейбір тәрбиеленушілер: - ұзындықты өлшеу үшін өлшем таңдайды. |
|||
Тілдік мақсат |
Тәрбиеленушілер: -заттардың ұзындығына байланысты қорытындыны тұжырымдау: мына зат...затқа қарағанда ұзын(қысқа), бірақ...заттан қысқа(ұзынырақ) Терминология және пәндік лексика: - ұзын-қыса; - өлшем, жанына қою, беттестіру. |
|||
Диалог/жазуға қажетті сөздер Талқылау: Мына заттардың қайсысы ұзынырақ (қысқа) екенін айта аласың ба? Сен қалай салыстырдың (көзбен, беттестіру арқылы, жанына қою арқылы өлшемнің көмегімен)? Екі затты ұзындығы бойынша қалай салыстыруға болады(көзбен өлшеп, беттестіріп, үстіне қойып, өлшемнің көмегімен(? Егер заттарды бір-бірінің жанына қоюға келмейтіндей болса, ұзындығын қалай өлшеуге болады? Әртүрлі өлшемдегі және салыстыру белгілері әртүрлі заттар карточкаларынан заттардың ұзындығының тең немесе тең емесін көрсететін жазуды құрай аласың ба? |
||||
Алдыңғы білім |
1-10 сандары, ұзындық, ұзын, қысқа, ұзындығы бойынша салыстыру |
|||
Жоспар |
||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
0-3 минут |
Мотивация. Педагог көкөністер бейнеленген суретті көрсетіп: -Көкөністердің атауларын білесіңдер ме?-деп сұрақ қояды. Сосын көкөністердің пайдасы туралы айтып, олардың ұзындығын өлшеуді ұсынады. |
Әліппе-дәптер. Көкөністер мен жемістердің суреті |
||
4-10 минут |
Өзектендіру. 10-ға дейін тура және кері санау. Педагог көкөністерді қандай фигураларға ұқсайтынын салыстырып көруді ұсынады. Жиынтық тақтада көкөністер мен жемістер. Құлпынай-үшбұрыш, қарбыз-шар, қияр-сопақша, қызанақ-шар, дөңгелек. Содан соң плакаттағы суреттегідей көкөністерді сөрелерге қойып шығу керек. Балалар 5-ке дейін санап, қандай сандардан 5 құруға болатынын айтады. Жиынтық тақтада осы тапсырмадағы жағдаятқа ұқсас тапсырмаларды орындауға болады. Ұзындығы бойынша салыстыруды 1-тапсырмадағы мысалмен жүргізуге болады немесе практикалық жұмыспен ұқсастырып. Балалар заттарды бір-бірінің қасына қойып немесе бір-біріне беттестіріп заттың ұзындығы туралы қорытынды шығарады. |
Жиынтық тақта
Заттар әртүрлі ұзындықтағы көкөністер(көкөністер-ойыншықтар) |
||
10-11 ортасы |
Мақсат қою (проблемдік жағдаят) Педагог жиынтық тақтада заттарды бір-бірінен алшақ етіп орналастырады немесе (ойыншық) көкөністерді бөлменің әр бұрышына қойып шығады. -Ненің ұзын екенін айта аласыңдар ма? Балалар қателесіп қалуы мүмкін деген қорытынды шығарады. -Мұндай жағдайда не істеуге болады? |
Әліппе-дәптер. Жиынтық тақта немес үлестірмелі материалдар
|
||
11-15 |
Жаңаны ашу 2-тапсырма. Тапсырманы тыңда. Қай көкөніс ең ұзын? Ең қысқа? Жүгеріден қысқа, бірақ қиярдан ұзын? Өз жұмбақтарыңды ойлап тап. Әртүрлі қорытындылар болуы мүмкін. Мысалы: Әлия және Сырым көкөністердің ұзындығын өлшемнің көмегімен өлшеді. Әлия мен Сырым әрқайсысы жаңғақтармен өзінше өлшеп көрді. Олар қандай нәтиже шығарды? Санап шық. Ұзындығын салыстыр. Өлшеу құралы ретінде жолақтар мен бұршақтар таратып беруге болады. Өлшеген кезде бірдей өлшеммен өлшеу керек екенін көрсету керек. Егер өлшемдер әртүрлі болса, нәтиже де әртүрлі болып шығуы мүмкін. Мысалы 2-тапсырмадағыдай. Сергіту сәті: Отыр екен бір қоян, Ұзын құлақ сұр қоян. Міне-міне. Отырыстан тоңады, Шапалақты ұрады. Шақ-шақ, шақ-шақ. Көп тұрмастан аяқты, Топылдатар аяқты. Топ-топ, топ-топ. (Қимылдарды мәтін бойынша орындау) |
Әліппе-дәптер Жиынтық тақта немесе үлестірмелі материалдар
|
||
16-25 |
-Жаңаны қолдану Өзіндік жұмысқа 3-тапсырма ұсынылады. -Ең ұзын бұрышты қызылмен, ал ең қысқасын жасылмен боя. Қызылдан қысқа, бірақ жасылдан ұзын бұрышты сарымен боя. Салыстырып көру үшін қағаз жолағын ал. Қосымша мына тапсырманы ұсынуға болады: |
Әліппе-дәптер. |
||
26-30
|
Рефлексия. Кім өзіндік жұмыстарды қатесіз және дәптерде таза орындады? Егер сендер өлшемнің көмегімен заттарды ұзындығы бойынша қалай өлшеу керектігін түсінбеген болсаңдар, адам суретін баспалдақтың төменгі сатысына салыңдар. Егер сендер барлығын да түсініп және жаңа білім туралы барлығын айта алсаңдар, адам суретін баспалдақтың жоғарғы сатысына салыңдар. Ал, егер өз білімдеріңе толық сенбесеңдер, баспалдақтың 2 немесе 3-сіне екенін әркім өзі шешеді. Адам суретін баспалдақтың төменгі сатысына салғандар қолдарын көтерсін. Сендердің қайсыларың неліктен екенін айта алады? Адам суретін баспалдақтың жоғарғы сатысына салғандар қолдарын көтерсін. Сендердің қайсыларың неліктен екенін айта алады? Педагог мүмкіндігінше әртүрлі пікірлерді тыңдайды. |
Сәттілік баспалдағы
|
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі