ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған «Алтын дән» балабақша» КММ
Дайындаған мұғалім-логопед: Мамырбаева Айнаш Тұрдыбекқызы
Сабақтың тақырыбы: «Ж» дыбысы.
Мақсаты: «Ж» дыбысын сөздің басында анық айтуға машықтандыру.
Міндеттері:
Түзету білімділік: «Ж» дыбысының артикуляциясы мен жеке айтылуын бекіту. Сөздің басында анық айтуға дағдыландыру.
Түзету дамытушылық: Фонематикалық қабылдауын дамыту, ойын тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ұсақ қол моторикасын дамыту.
Түзету тәрбиелік: Сөйлеу тіл мәдениетіне, толық сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жеке сабақ.
Керекті құралдар мен материалдар: «Ж» дыбысы бар заттық суреттер. Жолбарыс, жол макеті, тастар, жар тас, жұлдызшалар, замок, көпір, үнгір макеті, үнтаспа өрмекшінің торы жарқанат. Әр түрлі көлемдегі тастар. Массаждық жолдар. Тапсырмаға сай суреттер, кюзинер таяқшасы, қақпақша.
Әдіс-тәсілі: Көрсету, үлгі арқылы, әңгімелеу, сұрақ - жауап, ойын түрлері.
Оқу іс-әрекеті |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі
Мотивация:
Мотивациялық – қозғаушы
Артикуляциялық жаттығу
Негізгі бөлім: |
Сәлеметсіңбе Әмірәлі! Қарашы бүгін бізге қонақтар келіпті амандасып алайық. Әмірәлі сен жолбарысты білесің бе? Ол қайда өмір сүреді.? Жолбарыс бізден көмек сұрағысы келетіндей? Жолбарыс: Балалар мен жолдан адасып қалдым Мен тропикалық елде тұрамын. Ол жерге «Ж» дыбысын дұрыс айта алғандар ғана бара алады. Маған өз достарыма жетуге көмектесіндерші. Надир біз «Ж» дыбысын дұрыс айту үшін тілімізді жаттықтырып алайық. Айна алдында орындалады. «Жымию» Артикуляциялық қалпын еске түсірейік. «Ж» дыбысының артикуляциясы. Ж – дыбысын айтқанда ерін дөңгеленеді де тістер дыбысты жібермей тұрады. Ж-Ж-Ж-Ж Артикуляциялық қалпын еске түсірейік. «Ж» дыбысының артикуляциясы. Біз жаттықтық жолға шығуға дайынбыз. Біз өте ұзақ жол жүреміз. Сондықтан кішкене жолбарысты дорбамызға салып апарайық. Ол бізге ілесалмай шаршамасын. Сен қалай ойлайсын. |
Сәлеметсіңбе? Балалар жауап береді.
Білемін.
Артикуляциялық жаттығу жасайды.
Жасайды |
Буындарды қайталау.
Байланыстырып сөйлеу.
Фонетика фонематикалық қабілетін дамытуға ойын:
Д/о: «Зейінді бол!»
Сергіту сәті:
Түзету жұмысы. Д/ ойын: «Ойлан тап»
Байланыстырып сөйлеу Саусақ жаттығуы.
Ұсақ қол моторикасын дамыту.
Қортынды. Рефлексия. |
Әмірәлі қарашы анау жерде бір жол көрініп тұр. Ия, біздің алдымызда аспалы көпір көрінеді. Бұл көпірден өту үшін буындардан құралған баспалдақ тұр біз олардан суға құлап кетпей, буындарды атап өтуіміз қажет екен. Буындарды дұрыс айту керек әйтпесе көпір баспалдағы құлап кетуі мүмкін. Буындар баспаладғы: бірге буындарды айталық. Жақсы. Енді бізді буындар баспалдағынан өттік жарайсын Ары қарай жылжып жүрелік. Міне біз қараңғы үнігірден өтуіміз керек. Бұл жер қараңқы екен төбеге қарашы өрмекшінің торында нені көріп тұрсын. Жарқанат қандай жерде мекен етеді. Ия қараңғы жерде, сондықтан олар бізді тырнап кетуі мүмкін. Ал олар жарықтан қорқады екен. Сондықтан үнгірді, жолымызды жарық қылу үшін «Ж» дыбысы сөздің басында кездесетін суреттерді тауып алайық. Сен жұлдызды таңдадың. «Жұлдыз» қай дыбыстан басталады. Біздің үнгіріміз жарық болып, біз жолымызды жалғастыра аламыз. Үнгірдің есігінің алдында тас құлап жолды жауып қалыпты. Тас орнынан қозғалмайды екен. Ой мынау сиқырлы тас екен. Таста бір жазулар жазылыпты. Қәне оқиық. Жазу: Мұқият есіне сақта! Тастын астына жасырылған тапсырмаларды орындау арқылы өзіне жол ашасын. Біз мына тапсырмаларды орындасақ тасты орнынан қозғай аламыз. Қазір біз «Дұрыс есті!» деген ойын ойнайық: Ж дыбысы сөздердің басында кездесетін суретті сөздерді мен айтамын Сен дұрыс есті, «Ж» дыбысы бар сөздерді естісен сылдырмақты ұру арқылы белгі бер. «Ж» дыбысынан басталатын сөздерді тауып, қатысы бар суреттке замокты бағыттау арқылы байланыстырамыз. Жылын ініне барады. Сен шаршаған боларсын. Логоритмика Жасыл жасыл жолақтан «Ойлан тап» ойыны арқылы, біз жолбарыс жайлы мәлімет білуіміз керек. Ол ойынның шарты: біз жолбарыспен байланысты заттарды табуымыз қажет және байланыстырып сөйлеуіміз қажет. Жолбарыс ет жейді. Жолбарыс орманда өмір сүреді. Ол суға шомылады. Су ішеді. Келесі тапсырманы орындау үшін саусағымызды жаттықтырып алайық. Бас бармағым тіпті де ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті ине қолға ілікті. Үш саусағым икемді қала салсақ жол салсақ. Біз қазір жолбарыстың суретін кюзинер таяқшалары арқылы толтырайық. Жолбарысты құрастыру. Жарайсын! Міне біз тапсырмаларды орындадық Үнгірдін есіктерін алдындағы тас жылжыды. Үнтаспа Үнді елі. Міне біз жолбарысты өз мекеніне де алып келдік. Өз достарына әкелдік. Үнтаспа: Саған жолбарыс алғыс айтқысы келеді. Сонымен біз бүгін кімге көмектестік Жолбарыс: »Ақылды бала саған «Рахмет»! Маған көмектесіп достарыма жеткіздін. Енді біздін кері қайтатын уақытымыз келді. Сонымен бүгін біз жолбарысқа қалай көмектестік. Ол үшін қай дыбысты айттық Дұрыс айтасын. Бүгін сен өз білімінді көрсете білдін сенін жауаптарын маған да өте ұнады Өте тапқыр, ақылды екенсін. Бүгін сабақ саған ұнады ма? Несімен ұнады? Егер саған сабақ ұнаса күнді, сабақ ұнамаса бұлтты таңда. Әмірәлі сен сабаққа жақсы қатысытын сондықтан жолбарыстай мықты, батыл, батыр болсын деп мынындай жолбарыстың суреті бар алқа сыйлағым келеді. Жақсы Сабақ аяқталды. |
Балалардың жауап береді.
Жарқанат
«Ж» дыбысынан басталады.
Іледі.
Жарайды.
Ойнады
«Ж» дыбысы сөздің басында бар суреттерді тауып,ашады.
Жасады.
Массаждық жолдан өту.
Біз бүгін жолбарысқа көмектесіп жатырмыз.
Тапты.
Суретті таяқшамен толтырады
Жауап берді
Жауап береді.
Тыңдайды
Бағаланады. Өз ойын айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: «Ж» дыбысын дұрыс айта біледі.
Меңгереді: Сөздің басында «Ж» дыбысын табуды меңгерді.
Игереді: « Ж» дыбысын сөзде қолдануды игерді.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі