Өскемен қаласы әкімдігінің
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған «Алтын дән» балабақша» КММ
мұғалім- логопед: Кизатуллина Жанар Кабдырашевна
Ұйымдастырылған іс-әрекетінің түрі: Топтық сабақ.
Білім саласы: Қатынас.
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Гүлдер бағына саяхат»
Мақсаты: Балаларды гүлдермен таныстыруды жалғастыру.
Міндеттері:
Түзету білімділік: Алдыңғы сабақтан алған білімдерін еске түсіре отырып, гүлдер туралы түсініктерін кеңейту,түстерді ажырата білуге үйрету.
Түзету дамытушылық: Балалардың сөздік қорын, сөйлеу тілін. Есте сақтауын, ойлау, таным, үрдісін, ұсақ қол моторикасын дамыту.
Түзету тәрбиелік: Кішіпейілділікке, достыққа, табиғатты қорғауға, тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Тақырыпқа сай суретер, түрлі-түсті көбелектер, ортодон төсеніштері, мальберт тақтасы, көңілді әуен, гүл күлтешелері, кейіпкер көбелек.
Сабақ түрі: Қайталау сабағы.
Іс-әрекет кезеңі |
Мұғалім-логопедтің іс-әрекеті |
Балалардыңіс-әрекеті |
Үйымдастыру кезеңі
Мотивация:
Негізгі бөлім:
Түзету жұмысы:
Байланыстырып сөйлеу:
Ұсақ қол маторикасы:
Қорытынды:
|
Балалар бүгін бізде ерекше күн өйткені бізге көп қонақтар келіпті. Қане қонақтарымызбен амандасып алайықшы. Жақсы балалар енді шаттық шеңберіне тұрайық. Дөңгеленіп тұрайық Өткен сабақта біз балалар дала гүлдері мен танысқанбыз. Қане есімізге түсірейікші біз қандай дала гүлдерін білеміз? (раушан қызғалдақ, түймедақ, бақбақ, қоңырау) Гүлдердің бізге қандай пайдасы бар? (әдемілік үшін, сыйлық ретінде қолданамыз, ауаны тазартады, кейбіреуінен дәрі жасайды) Дұрыс айтасыңдар балалар алдымызда аналар мерекесі жақындап келеді мен сендерді бүгін сол гүлдер бағына аналарымызға гүл шоғын жинауға саяхатқа апарғым келеді. Саяхатқа барайық па? Аналарға гүл шоғын жинайық па? Ол жер біздің балабақшадан алыста орналасқан, сондықтан біз көлікпен барамыз. Қандай көлікпен баратынымызды қазір сендер жұмбақ шешу арқылы табасыңдар. Жұмбақ: Қатар қатар тізіліп Дұрыс таптыңдар балалар ол паравоз екен. паравозға отыру үшін әр қайсыларыңның орындарың болу керек. Орындар түстермен белгіленген, сендерге қазір мен билет таратып беремін кімге қандай түс түссе сол орынға отырады. Балалар паровозды жүргізетін жүргізуші болады, бірақ, бүгін сендерге мен жүргізуші боламын ал сендер жолаушы боласыңдар. Ал қауіпсіздік ережесін сақтай отырып ақырындап орнымыздан жылжыйық (әуен паровоздың дауысы қосылады). Ал паравоз баста алға 2 тапсырма. Балалар мұнда қараңдаршы не ағып жатыр?(өзен), Ия өзеннің арғы бетінде гүл алаңы көрініп тұр. Бізге өзеннен өту керек сияқты балалар ол үшін не қажет (көпір). Дұрыс айтасыңдар көпір керек бірақта, балалар мына көпір жай емес сиқырлы көпір екен.Одан өту үшін өлең жодарын айту керек екен.Ол сонда ғана бізді арғы бетке өткізеді. Қане бәріміз бірге айтайық. Ал балалар тұрайық Логоритмика арқылы кедергілері бар кілемшелерден өту. 3 тапсырма. Әуен табиғат дыбысы. Міне біз гүлдер алаңына да жеткен сияқтымыз. Қандай әдемі гүлдер өсіп тұр? Олардың түстері қандай екен? Балалар енді осы гүлдер туралы тақпақтар айтып берейікші: Аяна Гүлдер нәзік болады Аяла Түрлі түсті әйбат Балалар бізге қонақ келген сияқты. Әуен ойналады көбелек кіреді. Көбелек келеді: Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендер менің алаңыма қош келдіңдер,сендер де мен сияқты гүлдерді жақсы көресіңдер ме? Гүлдер әдемі болып, жайқалып өсу ушін олар көп күтімді қажет етеді балалар. Менің енді сендерге арнаған бір тапсырмам бар мына көбелектерді түстеріне байланысты гүлдерге қондыру керек. Қане тапсырманы орындаймыз ба? Тапсырманы дұрыс орындадыңдар рахмет сендерге дайындаған менің сыйлығым бар. Мен жолға шығайын басқа гүлдерге де баруым керек оларда мені күтіп қалған шығар сау болыңдар. 4 тапсырма. Балалар мына жерде гүлдің күлтешелерін жел шашып тастапты. Шашылып жатқан гүл күлтешелерін орнына жинап берейікші. Тапсырманы қортындылау. Жақсы балалар біздің қайтатын уақытымыз болған сияқты. Қайтадан паравозға отырып өлең жолдарын айту. Саяхатқа біз барып Балалар біз бүгін қайда саяхатқа бардық? Қандай гүлдерді көрдік? Гүлдердің пайдасы қандай? Олай болса балалар қайтадан паровозға отырып балабақшамызға, тобымызға қайтайық. Қонақтармен қоштасу. |
Сәлеметсіздер ме?
Шеңберге тұрып іс-қимылмен жасау
Балалардың жауабы тыңдалады.
Балалардың жауабы тыңдалады.
Іс-қимылмен балалар қайталайды.
Балалар тақпақтарын айтады. Балалар мұқият тыңдайды. Тапсырманы орындайды.
Сау болыңыз.
Балалардың жауабы.
Сау болыңыздар. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Гүлдердің жеке атауларын, түстерді білу керек.
Білді: Гүлдердің пайдасын, бір-біріне көмектесу қасиетін.
Игерді: Тазалықты, қамқорлықты.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі