Өлең, жыр, ақындар

Жомарт күз келді бақшама

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы
КМҚК «Гүлдәурен» ясли бақшасының
тәрбиешісі: Адаева Лаззат Сембаевна

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, әріптестер, және балалар!  Бар байлығын сыйлаған жомарт күз бақшамызға да келіп жетті.
Қарашы күз келді, күз келді.
Жапырақ жауыпты іздерді,
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
Ендеше, «Жомарт күз келді бақшама» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
(Музыка ырғағымен, ішке Күз ханшайымы келіп кіреді).
Күз ханшайымы: - Сәлеметсіздер ме, балалар мен қонақтар!
Мен – алтын күзбін!
Жайдары жарқын жүзбін.
Қонаққа келдім сендерге.
Сәбіз, картоп, тәтті алма!
Оған достым таң қалма!
Жапырақта сиқырлы,
Ойын ойнар түр-түрлі!
Жүргізуші: - Рахмет, саған алтын күз!
Қабылдадық сыйды біз! Отырыңыз жайғасып!
Күз ханшайымы: Ой балалар менің жапырақтарымды қараңдаршы, жерге шашылып қалыпты,маған көмектесіп жібересіздерме?
Жүргізуші: Олай болса біз күз ханшайымына көмектесіп, жапырақтарды жинап берейік.
Ойын: «Жапырақтар жинау»
Мақсаты: Жапырақтарды үлкен және кішісіне қарай топтастырып жинау.
Жүргізуші: - Жарайсыңдар балалар! Көрдіңіз бе, Күз ханшайымы біздің балалар қандай епті, жылдам. Ал ендеше балалар өз тақпақтарын айтамыз дейді.
Балалар тақпақтарымен ортаға шақырайық.
Жасмин:
Берекелі, мерекелі
Келді жомарт алтын күз!
Қадірбай:
О, алақай тамаша!
Шашу шашты жапырақ.
Кәусар А:
Сау-сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілді.
Батырхан:
Керемет, тамаша
Қандай әсем күз!
Аяна:
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
Алия:
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
Жүргізуші: Күз ханшайымы, енді қыздардың сізге арнаған биін тамашалаңыз.
Би: «Жапырақтар»
(Осы кезде, қол шатыр ұстаған аю музыка әуенімен келеді).
Аю: Сәлеметсіздер ме, балалар мен қонақтар! Күн қатты жел тұрып, дауыл болып, жаңбыр жауғаннан жаурап,қалтырап тоңып барам. Сендер маған көмектесесіздер ме?
Жүргізуші: Күз ханшайымы сіздің сиқырлы табиғат берген ғажайыптарыңызбен дауыл мен жаңбырды тоқтатып аюға көмектесіп жіберсеңіз.
Күз ханшайымы: Олай болса аю сен мұңай ма? Біздің  балаларымыз ән айтып, би билеп өнерлерін көрсетеді.
Жүргізуші: Олай болса біз әнімізді айтайық.
Ән «Жаңбыр жаумай тоқтай тұр»
Аю: Алақай! жаңбыр жаумай дауыл тоқтап күн ашылды.
- Бірақ мен балалар тоңғаным басылмай тұр.
Жүргізуші: Олай болса аю сен балалармен бірге бой сергітіп би билеп көрсең, бойың сергіп жылынып қаларсың.
Би: «Саңырауқұлақтар»
Аю: Алақай! Алақай! Алақай! Бойым жылынып, сергіп жақсы қалдым.
- Бірақ , балалар мен қорбаңбай аюмын. Күз өтіп қыс жақындап қалды,қысқа дайындалуым керек. Азық жинап, жылы баспана жасап ұйқыға дайындалмасам, кейін кеш болады.
Жүргізуші: Балалар онда біз аюға жемістер жинап берейік.
Ойын: «Жемістер жинау»
Аю:
Балалар мынау қандай жеміс? (алма, апельсин, бананды көрсете отырып, сұрақ қояды)
Балалар маған жемістер жинап бергендеріңе рахмет! Мен орманыма жетіп алайын күн жақсы болып тұрғанда. Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Балалар аюмен қоштасайық!
Балалар: Сау болыңыз!
Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, сендерге алып келген, күзгі сыйымды беруді ұмытып бара жатырмын, сендерге беріп табыстайын, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін,сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше аманшылық болсын!
Жүргізуші: Рахмет! Күз ханшайымы сау болыңыз!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар,ата-аналар
Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып.
Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып - дей келе бүгінгі «жомарт күз келді бақшама» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз