Өлең, жыр, ақындар

Сиқырлы қарлар

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы
КМҚК «Гүлдәурен» ясли бақшасының
тәбиешісі: Куспанова Шолпан Амантаевна   
                                                                                      

«Сиқырлы қарлар» ертеңгілік.

Музыка ойналады. Балалар  залға кіреді. Залда жерде қарлар шашылып жатады. Шырша жанында ұйықтап отырған Аяз атаны көреді

Сәлеметсіздер ме қонақтар бүгінгі жаңа жыл меркесіне арналған балдырған тобының ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Жаңа жыл мерекесі құтты болсын.

Тәрбиеші: Ой балалар қараңдаршы бұл кім?

Балалар: Аяз ата ғой.

Аяз ата: Аяз ата ұйқысынан оянады. Кім шулап жатырған?

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе Аяз ата. Бұл біздің балалар жаңа жыл мерекесін тойлауға келді. Сен болсаң ұйықтап жатырсың?

Аяз ата: Ой балалар мен алыс-алыс жерлерден шаршап келіп, сендерді ақшақар немеремді күтіп отырып ұйықтап кетіппін.

Аяз ата: Балаларым балғындарым жаңа жыл мерекесі құтты болсын.

Тәрбиеші: Қане олай болса тұрмайық жаңа жылға аяз атаға арнап тақпақ айтайық.

Аяз ата: Ой балалар недеген көп қарлар.

Аяз ата біздің балалар бұл қарларың аққала асап береді.

Тәрбиеші: Қане балалар олай  қарларды күрекпен күреп,аққала соғайық.

Балалар аққала жасайды. Аққала ұшып кетеді, ақшақар пайда болады.

Ақшақар: Айналып ой-ой сәлеметсіздерме балалар, сәлеметсіздер ме қонақтар. Балалар қандай мереке тойлап жатырсыңдар?

Тәрбиеші: Сәлеметсізбе ақша қар. Біз жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз,бізбен бірге жаңа жыл мерекесін тойла.

Ақшақар: Аяз ата шырша  өте әдемі екен ,мына әдемі ойыншықтары неге жанбаған?

Аяз ата: Қане немере қызым олай болса шыпша шамдарын жағайық. Жаңа жыл мерекесін тойлайық.

Аяз ата: Қуант бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат

деп балалар қолдарын шапалақтағанда шырша шамдары жанады.

Шырша шамдары жанады музыка ойнап ішке қоян ,аю,түлкі келеді.

Қонақтар балалармен амандасады.

Аңдар: Осы жақтан шулаған дыбыстар естілді. Не болып жатыр мұнда не шу?

Қандай мереке тойлайындеп жатырсыңдар?

Олай болса бізде бірге тойлайық.

Тәрбиеші: Қане балалар бәріміз бірге шыршаға арнап ән шырқайық. «Шырша» әні

Аяз ата: Ал қонақтар сендердің қандай өнерлерің бар?

Біз би билеп берейік. «Аңдар» биі: ер балалар

Қоян, аю, түлкі балаларымен бірге би билейді

Тәрбиеші: Жарайсыңдар сендерге көп–көп рахмет.

Ендеше кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік.

Тақпақтар.

Тәрбиеші: Аяз ата біздің топтың балаларының гномдар биін қошеметпен қарсы алайық. Би «Гномдар»

Ән «Аяз ата»

Менің ұлпа қарларым қайда,ұшыңдар бері.

Би: «Ұлпақарлар»

Аяз ата балалармен қоштасады. Балалар сендерге көп рахмет өнерлі екенсіңдер тамаша, жарайсыңдар. Аяз ата балалар қоштасып, басқа балабақшаға барамыз бізді сіздер сияқты балалар күтіп отыр. Аяз атамен бірге қонақтар қоян, аю, түлкі шығып кетеді.

Тәрбиеші: Жаңа жыл меркесі құтты болсын, дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман, бүлдіршіндеріміздің қызығын қызықтап, жаңа жылдан жаңа жылға жете берейік.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз