Өлең, жыр, ақындар

Шырша ойыншықтары

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы
КМҚК «Гүлдәурен» ясли бақшасының
тәрбиешісі Тулеубаева Ләззат Мендибаевна

«Шырша ойыншықтары» жаңа жылдық мерекеге арналған сценарий.

(музыка ойнап тұрады, ортаға балалар шығады)

Тәрбиеші: Құрметті балалар, ата–аналар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Шырша ойыншықтары» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл-күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысайық.

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды  
Бақыт, шаттық молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы

Балалар, біз енді жаңа жылымызды әр қарай жалғастырайық

Кәне, балалар, жана жылға дайындығымызды көрейік кім тақпақ айтып береді.

Тельман:
Жылдың әнің бастайық,
Аяз ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Арай:
Аппақ тонға малынған,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Мейірбек:
Тамаша. Тамаша!
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Төрехан:
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған

Осы кезде әуенмен ортаға түлкі кіреді

Түлкі мен Қоян: (екуі алақайлап, қуанып жана жыл келді деп келеді. Осы кезде жан жақтарына қарап таңқалып шыршамыз қайла дейді  Біздің шыршамызда жоққой кайда екендеп? жан жағына қарайды.

Қонжық: ой мені күтіп қалдыңдар ма? Әрең жеттім қар қалың екен міне балалар сендерге Аязата шыршаның ойыншықтарын іле берсіндеп беріп жіберді.

Қоян: Шыршаның ойыншықтары қайда екен (жан жағына қарайды)

Түлкі: Қардың астында қалып қойған болар, қардың қандай қалың екенін көрдің ғой!

Қоян: Қалай десеңдер, солай деңдер бәрібір шырша ойыншықтарын іздеп табуымыз керек!

Түлкі: Айда жоқ аспанда.,шырша ойыншықтары қардың астында жатырған болар.

Қонжық: Иә, оны қалай аламыз.

Қоян: біздерге мүмкін балалар көмектесер.

Жүргізуші: ия балалар көмектесеміз бе? Олай болса ойын ойнайық.

Ойын: «Қар жинау»

Жүргізуші: балаларда аңдарда аяқтарын созып отырып билейді сол кезде құлаққа жағымды бір үн  естіледі.

Түлкі; орнынан тұрып жан жағына қарап бір әуен естілді деп қорапқа жақындайды

Қоян: (секіріп қуанып келіп) таптық алақай таптық ойыншықтарды деп айқайлайды жибереді

Аю; бұл ойыншықтар емес біреудің сыйлығы сиақты.

Қорапты айналып журеді.осы кезде коян ешкімді тыңдамай ашып жибереді қораптың ішінен кішкентай гномдар шығады

Би: Гномдар

Жүргізуші: жарайсыңдар балалар Енді  біздің шырша тойына кімдер  жетіспейді?

Балалар: Аяз ата мен Ақшақар.

Жүргізуші: Кәне, балалар,барлығымыз Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.

Барлығы: Аяз ата, Ақшақар – 3 рет.

Аяз ата: Амансыңдар ма, балалар?
Жаңа жылдарың құтты болсын,
Денсаулықтарыңыз мықты болсын.
Аспандарың ашық, жұлдыздарын жарық болсын!

Ақшақар: Амансыздар ма, балалар, ата-аналар?

Өздеріңді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын.

Жүргізуші: Балалар, шыршамызға арнап  және аязатамызға тақпақтарымызды айтып берейік.

Қайсар Ө:
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына
Амина.Ө
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
Жанатбек:
Жаңа жылЖаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.

Аяз ата: ал балақайлар менде сендермен ойын ойнайық.

Ойын «Аяз»

Жүргізуші: Аяз ата Ақшақар біздің бөбектердің дайындаған әнін қабыл алыңыздар.

Хор: «Аяз ата» әні

Ақшақар: Балалар шыршамызға алі ойыншықтары аз сияқты.

Жүргізуші: Ақшақар біздердің ойыншықтарымыз көп біздің қыздардың биін тамашалаңыз.

Би:  «Конфети»

Жүргізуші: міне Аяз ата мен Ақшақар балаларымыз ойыншықтарын іліп болды.

Ақшақар: олай болса шыршамыздың шамдарын жағайық.

Барлығы:

Қуант бізді таңырқат,
Шамдарынды жарқырат – 2 рет

Хор: «Жасыл шырша жанында»

Жүргізуші:балаларымыздың билерин тамашалаңыздар.

Би: «Жаңа жылдық би»

Тәрбиеші: Балалар, Аяз ата мен Ақшақардың баратын жерлері көп болғандықтан, олар асығып отырған сияқты.

Аяз ата: Ал, балаларым, біраз сендердің өнерлеріңді тамашаладық, бізді тағы да сендер сияқты балалар күтіп отыр, оларды да қуантайық. Мереке тамаша өтті, рахмет сендерге балалар.

Тәрбиеші: Жаңа жыл бәріміздің отбасымызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.

Барлығы: Жаңа жыл құтты болсын!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз