Павлодар қаласы, Ақпараттық технологиялар орталығы
Әдіскер: Акишпаева Анар Талаповна
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Білімді мыңды жығар...»
(Астананың 20 жылдығына арналған сайыс сабағы)
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың Астана жайлы меңгерген білім дәрежесін тексеру, ақыл-ойларын, сөздік қорларын байыту, өз ойларын жеткізе алу қабілеттерін тексеру.
Дамытушылық: жеке басының сапалық қасиеттерін арттыру, жеке тұлға қалыптастыру бағытында дүниетанымын кеңейту, олардың ойлау қабілетін, тіл байлығын арттыру.
Тәрбиелік: өлең, жұмбақ, мақал-мәтелдер арқылы оқушылардың рухани-эстетикалық талғамын, еліміздің бас қаласы - Астананы құрметтеуге, тарихын білуге тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, орыс тілі, ағылшын тілі.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, сиқырлы сандар.
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, балалар! Біз бүгін ерекше сабақ өткіземіз, өйткені бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Олар Сіздердің алған білім-біліктеріңізді бағалап, тамашалайтын болады.
Әнұран орындалады
Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыз арман қаламыз - Астанамыздың 20 жылдығына арналады.
Сарыарқа төсінде Қазақ елінің тәуелсіздігінің нышаны іспеттес әсем қаламыз Астананың бой көтергеніне де 20 жыл толып отыр. Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен осынау аз ғана жылдың ішінде елордамыз дәулеті тасып, сәулеті асқан жер жаһандағы сұлу шаһарлардың біріне айналды. Тарихқа сәл шегініс жасап, елордамыздың жылнамасына көз жүгіртер болсақ, сонау 1997 жылдың 20 қазанында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола қазақ елінің астанасы болып жарияланған күн еске түседі. Иә, сол жылдың қара күзінде Мемлекет басшысы жаңа астана төрінде республикамыздың мемлекеттік нышандарын орталық алаңда салтанатпен қарсы алған болатын. Міне, осы сәттен бастап, Алатаудың бөктеріндегі әсем қала Алматыда қоныстанған мемлекеттік органдар Арқа төсіне атбасын бұра бастаған еді. Ал 1998 жлдың 10 маусымында әлем картасында пайда болған жаңа астананың халықаралық тұсаукесері өтті.
(Астана жайлы қысқаша слайд-шоу көрсету) https://www.youtube.com/watch?v=_DJMnOTNsos
«XXI ғасыр көшбасшысы» бағдарламасы негізінде құрылған «Білімді мыңды жығар...»-атты сайысымызды бастаймыз.
1 Жүргізуші:
Тәуелсіздік таңының ұл-қызысың,
Біліммен, өнерменен бұлқыныңыз.
Бұл өмір сайыстардан тұрады ылғи,
Сайыста гүлдей жайнап құлпырыңыз,- дей отыра ортаға сайыскерлерді шақырамыз.
Сайыстың өтілу барысымен таныстырайық:
1 бөлім-«Бәйге»
2 бөлім-«Тіл өнер»
3 бөлім-«Жеті жұмбақ»
4 бөлім-«Егер мен Астанаға барсам...»
5 бөлім – «Қорытынды»
2 Жүргізуші:
Ал енді, сайыскерлеріміз дайын болса, сайысымызды бастайық. Сіздерге сәттілік тілейміз!
1 бөлім. Бәйге
«Бәйге» десе бұлқынбас жас болар ма, деп 1 бөлім Бәйгені бастайық.
Бәйгеде 30 сұрақ беріледі. Мен сұрақтарды кезек-кезек оқып тұрамын, араларыңызда карточканы бірінші көтеріп және дұрыс жауап берген сайыскерге 10 ұпай беріледі. Сайыстан кейін балы төмен екі оқушы шығады. Шартпен таныс болсаңыздар бастайық.
Сұрақтар:
1. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан жариялады? (1991)
2. 1992-1998 жылға дейін Астана қалай аталды? (Ақмола)
3. Диалог деген не? (екі адамның сөйлесуі)
4. «Астана-Бәйтерек» кешенініңбиіктігі (97 метр)
5. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? (9)
6. Астанадағы ағаш глобусында неше жапырақ бар? (17)
7. 2017 жылы Астанадағы басты көрме (ЭКСПО-2017)
8. «Үміт» сөзінің синонимі (арман, қиял)
9. Астана күні (6 шілде)
10. «Қазақстан-2030» кітабының авторы (Н.Ә. Назарбаев)
11. Қазіргікезде Астана қаласының тұрғындарының саны қанша адамға жетті? (жеті жү змың)
12. Астана рәмізі «Бәйтеректің» ұзындығы не себептен 97 метр? (Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997 жылы көшірілуіне байланысты)
13. Жаңа көпірдің ұзындығы (214 метр)
14. Жаңа көпірге қандай ат берілді? («Сарыарқа»)
15. Астанадағы ең басты қатынас жолы (Республика даңғылы)
16. Көпірдің оң жағалауында тұрған биік ғимарат (Астана Тауэр)
17. Қазақстанның схемалық картасы іспетті парк қалай аталады? («Атамекен»)
18. «Думан» океанариумында теңіз суымен толтырылған қанша аквариум сыйы птұр? (13 үлкен аквариум)
19. Астана қаласындағы газон қаншашаршы метр? (1 млн 200 шаршы метр)
20. 1900 жылы Ақмола уезінің ең мықты балуаны және қара күш иесі кім еді? (Қажымұқан Мұңайтпасов)
21. ҚР елтаңбасы мен туының авторы кім? (Ш.Ниязбеков, Ж.Әлімбеков, Ш.Ниязбеков)
22. 100 жасаған ақын? (Ж.Жабаев)
23. ҚР президентінің резеденциясы (Ақ орда)
24. Ірі сауда, ойын-сауық орталығы (Хан шатыр)
25. Әлемдік және дүстүрлі діндер басшыларының конгрессі өтетін жер (Бейбітшілік жіне келісім сарайы)
26. «Астана-арена» стадионы қанша орныға арналған (30000)
27. Қазақстанда қанша облыс бар? (14)
28. Елордалықтардың орташа жасы (30 жас)
29. Астананың ең қысқа көшесі (Біржан сал көшесі)
30. Елордадағы ұзыннан ұзақ созылып жатқан ғимарат (Министрліктер үйі)
2 бөлім. «Тіл өнері»
1-жүргізуші: Бұл айналымда «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», - деп Қадыр Мырзалиев айтқандай, өз ана тілімізбен қоса орыс, ағылшын тіліндегі білімдері сараланады.
Бұл турда мен мақал және жұмбақ оқимын, мақалдан қалып қалған сөзді тауып және жұмбақтың шешуін тауып, орысша, ағылшынша аударыңдар.
Әр сөзге 10 ұпай беріледі, ал барлығын тапса 30 ұпай беріледі. Сонымен, 2 турымызды бастаймыз.
1. Жалқаудың жаны тәтті, Еңбектің ... тәтті (нан-хлеб-pread)
2. Cұйық, қатты, аз болып құбылатын, Ішіп-кешіп, жүзетін затын (су-вода-water)
3. Жылтырағанның бәрі ... емес (алтын-золото-gold)
4. Дыбыс естісе қашады, Қырдан бір-ақ асады (қоян-заяц-rabbit)
5. Көп жазсаң, қолың талады, Қағазға бәрін салады (қалам-ручка-pen)
6. Атпаз көрген ат тынар, Ұстаз көрген ... таныр. (хат-письмо-better)
7. Тышқанға қауіпті, Иттерге жау мықты (мысық-кошка cat)
8. Айдалада ақ отау, Аузы – мұрны жоқ отау (жұмыртқа-яйцо- egg)
9. Көп әңгіме, өлеңі
Күнде ақыл береді.
Жақсы көрсе сені кім,
Саған тиер көмегі (кітап-книга-book)
10. Тұмсығымен қозғалар, Соңында аппақ із қалар (бор-мел-chalk)
3 бөлім. «Жеті жұмбақ»
2-жүргізуші: 3 турда мектеп бағдарламасындағы пәндерден сұрақтар алынған. Бірінші болып ұпайы аз оқушы таңдайды. Дұрыс жауап берілсе, сол ұяшықтың ұпайы қойылады. Бұл сайыстан кейін тағы 2 оқушы шығады. Сонымен «Жеті жұмбақ» сайысын бастаймыз.
Ұяшықтар:
20 |
20 |
20 |
30 |
30 |
30 |
40 |
40 |
40 |
1. Қазақ тілі - 20(1). Әдеби тіл екі түрлі формада өмір сүреді, оларды атаңыз? (ауызша, жазбаша)
2. Музыка - 20 (2). ҚР Әнұранының әнін жазған кім? (Шәмші Қалдаяқов)
3. Биология - 20 (3). 1669 жылы алғаш рет өсімдік қабығын микроскоппен қараған ағылшын ғалымы? (Роберт Гук)
4. Математика - 30 (1). Мен бір сан ойладым. Оны 3-ке көбейтіп, нәтижесінде 19-ды қосқанда 94-ке тең болды. Мен қандай сан ойладым? (25 саны)
5. Әдебиет - 30 (2). «Қызғыш құс » өлеңінің авторы кім? (Махамбет Өтемісұлы)
6. Қазақстан тарихы - 30 (3). Алтын киімді адам қай қорғаннан табылды? (Есік қорғанынан)
7. География - 40 (1).Жер қабаттары нешеу және оларды ата (литосфера, атмосфера, биосфера, гидросфера)
8. География - 40 (2). Ядролық сынауға қарсы құрылған қозғалыс (Невада)
9. Қазақстан тарихы - 40 (3). Қазақстандағы ең үлкен ту қайда орналасқан және оның көлемі қандай? (Астанада, 15х30)
4 бөлім. «Егер мен Астанаға барсам...»
Бұл сайыста сайыскерлер шешендік өнерін, өз ойын, тілдік байлығын көрсетеді. Ойлануға 3 мин беріледі. Өз ойын анық жеткізген екі сайыскер қалады, ал қалғаны ойыннан шығады.
Сонымен, «Егер сен Астанаға барсаң...» не істер едің?
Жарыста жеңіліс те, жеңіс те болады. Жарыста жеңілсең де өмірде жеңілмей жолыңбола берсін деген тілекпен. Сайыскерлерімізді қошеметпен шығарып салайық!
1-жүргізуші: Осымен біздің сайысымыз соңына жетті. Қорытынды және марапаттау сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
2-жүргізуші: «Білекке сенер заманда ешкімге есе бермедік,
Білікке сенер заманда қапа қалып жүрмейік» деп даналарымыз айтқандай. «Келешек-білімді ұрпақ қолында» екендігін Елбасымыз халқына жолдауында атап көрсеткен болатын. Еліміздің ертеңі, Тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағыибар елдің жалауы ешқашанда еңкеймек емес. Алдағы уақытта да тек қана биіктерден көріне бер деген ізгі ниетпен біз сайысымызды тәмамдаймыз.
Астанамыздың 20 жылдығы құтты болсын! Астанамызбен бірге Еліміз де мәңгілік жайнай берсін! Келесі кездескенше сау болыңыздар!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі