Қызылорда облысы Қазалы ауданы Майдакөл ауылындағы
№98 орта мектептің
Бастауыш сынып мұғалімі Боранқұлова Мөлдір
Мақсаты: Оқушыларды М.Мақатаевтың өмір жолы, шығармашылығымен таныстыру,ақындық талантымен таныстыру. Мұқағали жырларын оқыту арқылы поэзия әлеміне сөз өнеріне сүйіспеншілігін арттыру, көркем оқуға дағдыландыру. М.Мақатаев өлеңдерін оқи отырып Отанын, туған жерін табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: М.Мақатаевтың портреті, кітап көрмесі, слайд, интерактивті тақта.
Барысы:
І.Ұйымдастыру.
Кеш жарық! Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!
Қасиетті Қарасаз жерінде туып, артына өшпес мұра қалдырған ғасырымыздың ғаламат ақыны М.Мақатаевтың туған күніне арналған «Ақынмын - мамандығым аса қызық!» атты өнеге сағатымызға қош келдіңіздер.
Қайтемін, айыптымын алдарыңда,
Айталмаған сөзім бар, арманым бар.
Достарым, жаман ақын жазған жырдың
Тым құрыса,бір парағын аударыңдар деп, өлеңін аманат етіп кеткен мақтанышымыз М.Мақатаев ағамыз еді. Олай болса ақын ағамыздың туған күн кешіне арналған бастауыш сынып оқушыларының сіздерге арналған әдеби сазды өнеріне құлақ салыңыздар.
Оқушы: «Арыз жазып кетейін»
Ән: Көгершіндер әні (сөзі:М.Мақатаев әні:Н.Тілендиев)
І-бөлім
«Ақын өмірі жайлы не білеміз?»
Аят: М.Мақатаев қасиетті Қарасаз мекенінде 1931 жылдың 9 ақпанында дүниеге келген.Әкесі Сүлеймен осы савхозда құрылысшы, шешесі Нағиман.
Айзере: Мұқағалидың азан шақырып қойған аты Мұқаммедқали.Кейіннен жеңгелері, ауыл әйелдері тілге жеңіл болсын деп Мұқағали атап кеткен.
Өміртай: Мұқағалиды сөзге, жырға үйреткен әжесі Тиын еді. Зеңгір көк тіреген шыңдар. Шалкөденің баурайы Мұқағалидың шабытына қанат бітірген, алтын бесігі.
Мұқағалидың әжесі Тиын «Әкесін ұрысқа аттандырып келгеннен кейін Мұқағали төрге жайылып жатқан көрпеше үстінде жер бауырлап, ұзақ жылап жатты деп еске алады»
Ән: Аңса жаным
Қуат алып Абайдың тіл – күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге .
Абай болып түңілем бір кісіден, -деп жырлаған. Жыл керуені алға жылджыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұра сы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, анықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар – халық. Небәрі 45 жыл өмір сүріп артына мол мұра қалдырып кетті.05.06.1976 жылы Алматыда дүниеден өтеді.
Оқушы: «Махаббат диалогы» Аят пен Гүлзар
Мұғалім:
Қалай сені жұбатам, аңыра Ана,
Сау қайт деп тәңірге жалын Ана.
Мына отырған иеміз құласа егер,
Саған жар,бізге іке табыла ма?
.....Жалынған ғазиз Анам, сұрап қалған,
Жоғалды сол бетімен бірақ та арман.
Сенбеймін әкең өлді дегенге мен,
Себебі ол үйімізден тірі аттанған деп әкесі Сүлеймен Калининград маңында болған сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тауып, қара қағаз, суық хабар әкеледі. Шешесі Нағиман қаршадай Мұқағалиға жете қабыл үш қлымен жесірлік тауқыметін тартып қалады. Сол кездері Мұқағалида жас болса да анасының бір жағына шығып,еңбекке араласты.
2-бөлім
«Жырлап өсем Мұқағали жырларын»
Үш бақытым
Әке
Мен таулықпын
Отан
Туған жер
Қайран Қарасазымай
Бесік басында
Мұғалім:
Аламан бәйгеде оза шауып, өлең жырда шашасына шаң жұқтырмайтын, талантты тұлға, -Мұқағали ақыннығ өмір жолы әр-алуан оны біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Сондықтан біздің парызымыз бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен М.Мақатаев мұралы ешқашан өлмек емес және оны жаттап өту біздің парызымыз.
Осымен өнеге сағатымыз аяқталды. Келіп тыңдағандарыңыз үшін рахмет!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі