Өлең, жыр, ақындар

Республика күні

Ақтау қаласы
«№21 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
жанындағы «Ақбұлақ» шағын орталығы
Тәрбиеші: Мекебаева Маншук Тасболатқызы

Мақсаты:
- Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
- Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
- Желтоқсан оқиғасында қазақ қыздары мен жігіттерінің  рухына тағзым ету.
Көрнекілік: Интербелсенді тақта, шарлар, түрлі қағаздар.

- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар?
- Сәлеметсіз бе!

Құрметті Ұстаздар, ата-аналар тәрбиленушілер «Тәуелсіздік таңы» атты деп  аталатын ортаңғы тобының тәрбие сағатымызды бастауға   рұқсат етіңіздер. Еліміздің Мемлекеттік Гимн орындалсын.

Тәрбиеші:
Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам күллі  әлемге танылдыанық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым–Ата  заңым қабылданды.
                                             
Ой шақыру

Тәрбиеші: Қазір қай мезгіл?
Балалар: Қыс мезгілі.
Тәрбиеші: Қыс мезгілінде неше ай бар?
Балалар: 3 ай бар.
Тәрбиеші: Аттарын айтыңдаршы.
Балалар: Желтоқсан, Ақпан, Қаңтар.
Тәрбиеші: Қыс мезгіліндегі ауа-райының ерекшелігі.
Балалар: Қар жауады, Боран болады, аяз болады.
Адамдар қалың киінеді.
Тәрбиеші: Біз қай мемлекетте тұрамыз?
Балалар: Қазақстан
Тәрбиеші: Біз қандай мемлекетпіз.
Балалар: Тәуелсіз.
Тәрбиеші:  Біздің ұлтымыз кім?
Балалар: Қазақпыз.
Тәрбиеші: Біз қай тілде сөйлейміз?
Балалар: Қазақ тілінде.
Тәрбиеші: Біздің мемлекетіміздің астанасы қай қала?
Балалар:  Астан қаласы.
Тәрбиеші: Қ Р елбасы кім?
Балалар: Н.Ә Назарбаев.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар.
 
Көркем:
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің Қазақстан.
Мәңгі соғып тұратын.
Жүрегімсің Қазақстан.
 
Нұрасыл:
Аспан түстес көгілдір,
Тік бұрышты матаның.
Ортасында төгіп тұр,
Күн жаяды шапағын.
Астында оның қалқыған,
Қыран құстың бейнесі.
Азат елдің шалқыған,
Көңілі деп білерсің.
Нұрахмет
Елтаңбасы елдігім
Елдің тыныш тірлігі.
 
Нұрдаулет:
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі
Мықты болсын еліміздің керегесі
Тату тәтті бұл халқымыз әрқашанда
Кетпесін туған жердің берекесі.
 
Сымбат:
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн,
Мерекеге ел тосқан
Атамменен барғанмын.

Жанель:
Мерекеге шығады,
Бүкіл халық біліп қой.
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік - ұлы той.

Би: Ортаға ортаңғы тобының биші қыздары  Қазақ биімен»  Хор «Отан» әнімен

Алюша:
Тәуелсіз елдеміз,
Қуанамыз күнде біз.
 
Айкөркем:
Толтырған гүлге даланы
Жайнатқан ауыл қаланы
Ардақты атамекенім,
Отаным - Қазақстаным.

Арлант:
Гүл жайнаған Астан,
Қазақстан отаны.
Бірін-бірі сыйлаған,
Туысқандар отаны.
 
Айзере:
Тәуелсіздік жолында
Талай- талай тер төккен
Билігің өз қолында
Еркіндігім елдігім.

Тәрбиеші:
«Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай еңбек еткен азаматтарымыздың барлығы да қуғын – сүргінге  ұшырап, құрбан болды. Қыршыннан кеткен арыстардыңи аманаты арқалаған кейінгі толқын 1986 жылы желтоқсанда тәуелсіздік үшін    күресе білді.
 
Назерке:
Аралаймын алаңды
Тәуелсіздік күнімен
Батыр Қайрат ағамның
Суретіне үңілем
 
.- Біздің елбасымыз, қарапайым халықтың хаттарына жауап береді екен.
 - Біздің сыныбымызда Елбасына жазған хаттан сіздерге Фатима оқушымыз үзінді оқып берсін.
 
Фатиманың елбасына жазған хаты:
- Назерке.
- Фатима сен не жазып отырсың?
- Мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атама хат жазып отырмын.
- Оқып берші

Құрметті Нұрсұлтан ата!
Сізді бүкіл еліміз жақсы көреді. Елге сіңірген еңбегіңізді ата-аналарымыз ауыздарынан тастамай үлгі етіп айтып отырады. Біз онсыз да сіздің  ерлік істеріңізді жақсы білеміз. Сіздің  өміріңіз қашанда бізге үлгі. Өскен соң біз де сіз сияқты «Халықтың ұлы болғымыз келеді». Сізді ел алдындағы беделіңіз, дүние жүзіндегі абыройыңыз біз үшін мақтаныш. Өміріңіз ұзақ болсын, ата «Бала  болашағымыз»  деп өзіңіз  айтқандай, жыл сайын бізге жақсылық жасап ортамызда жүре беріңіз. Сіз ортамызда жүрсеңіз, біз де сондай бақыттымыз. Келешекке сеніміміз мол. «Тәуелсіздігіміздің 26 жылы құтты болсын»!

Тәрбиеші:
Қане, балалар жақсы біледі екенсіңдер, ендеше Отан туралы тақпақтар айтайықшы.

Данияр:
Отан – асыл анамыз,
Ана сүтін ақтаймыз.
Есейгенде ел болып,
Елді жаудан сақтаймыз.

Аяулым:
Отан – менің ата-анам.
Отан – досым, бауырым.
Отан – өлкем, астанам,
Отан туған ауылым.

Нұр:
Біз Отанның гүліміз,
Туған жердің нұрымыз.
Тәуелсіз  біздің еліміз.
Қазақстан бай жеріміз.

Сәтбек:
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй,
Қара шаңырақ ел күні,
Асқақтатып тұр мұны.

Шұғыла:
Отан дейміз то жаққан жерімізді.
Отан дейміз өсірген елімізді .
Отан дейміз туған жер, атамекен,
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
 
Аружан:
Отан – сенің ата-анаң,
Отан –  досың бауырың
Отан – өлкең астанаң,
Отан – аудан ауылым!

Ән: «Біз әдепті боламыз»

Қорытынды бөлім:
Қаншама азапқа түсіп, қуғын-сүргінге ұшыраса да қазақ халқы бәріне шыдай білді. Осыдан 26 жыл бұрын егемендігімізді жариялап,  Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы біздің, яғни қазақ халқының аңсаған арманы еді.
Ертеңгілігімізді қорытындылай келе осымен бүгінгі ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті, бүгінгі Тәуелсіздік мерекесімен барлықтарыңызды шын  жүректен құттықтаймыз. Сіздерге отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, осы балапандарыңыз Қазақстанымыздың туын желбіретіп, биік шыңынан көрінетін азамат пен азаматша болуға тілектеспіз!


Пікірлер (2)

Сара

Пайдама жарады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз