Өлең, жыр, ақындар

М. Мақатаев. Мен таулықпын.

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қазалы қаласындағы

Қ. Нұрмаханов атындағы №95 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Ержанова Эльмира Сақтағанқызы

 

Сыныбы:5

Пәні: Қазақ әдебиеті.

Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев. Мен таулықпын.

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Ақынның өмірі мен шығармашылық жолының қыр-сырын зертету,оның поэзиясының табиғатын даралай,саралай отырып,өзіндік ерекшелігіне көңіл аударту.

Дамытушылық: Өлеңіне әдеби талдау жасатып,оқушының сөйлеу тілін дамыту,өз бетінше ізденуге,ой қорытуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Мұқағали поэзиясы арқылы балаларды туған жерін,елін сүюге,шынайы патриотизмге баулу.

Сабақтың типі:Зерттеу сабақ

Әдіс -тәсілдер: Сұрақ-жауап,зерттеу,салыстырмалы

Көрнекіліктер: «Поэзия пайғамбары» атты көрме. Үнтаспа

Пайдаланылған әдебиеттер: М.Мақатаевтың өлеңдер жинағы 1-4 том. Баспасөз материалдары.

Пәнаралық байланыс: Музыка

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі. Кезекшінің көмегі арқылы іске асырылады. Оқу құралдарының орнында болуын қадағалау.

II.Өтілген материалмен байланыс жасау.

Тақырыбы: М. Мақатаев. «Фантазия», «Барлығы да сендердікі»

                                /Бұл өлеңдер жатқа сұралады./

III.Өтілген материалды қорыту.

IV.Жаңа сабақ.

      Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қазақ халқының бір ғана Абайы болса, Мұқағалиы да жалғыз. «Естеліктер» кітабындағы Н. Тілендиев айтқан мына әңгімесін тыңдалық: «Мұқағали дүниеден өткен соң,қатты күйзелдім»,-дейді ол. Жүрегім әлсіреп, екі айға жуық емханада жаттым. Арада екі ай өткен соң, жұмысқа киетін бешпентімнің қалтасынан хат шықты. Мұқағалидың хаты екен. Онда ол «Аға,мен ғой.Дертім қозып барады.Не боларын білмеймін.Мынаған назар аударып көрерсіз. Ақын өзі емханада қатты ауырып жатқанда маған жіберген сол өлеңі «Есіңе мені алғайсың» болатын. Жаным күйзеліп отырып,ақын інім көз жұмғаннан кейінгі екінші айдың ауыр бір күнінде әлгі өлеңге ән жаздым,»-дейді сазгер.

            Ендеше,сол әнді жерлес әншіміз Мадина Ералиеваның орындауында үнтаспадан тыңдап,сүйікті ақынымызды еске алайық.

 

/Ән үнтаспадан тыңдалады/

           

            Иә,ән сөзі мұңлы да сазды. Ақын ақырғы демі таусылар шақта ел-жұртымен қоштасу өлеңі десе де болғандай.

            Біздің бүгінгі сабағымыз-зерттеу сабағы болғандықтан, мен ақынның өмірі мен шығармашылық жолын,поэзиясының қыр-сырын жан-жақты зерттеуді өздеріңе тапсырған болатынмын. Зерттеу жұмысын қалай жүргіздіңіздер?Тексеріп көрелік. Кімде –кім неғұрлым дұрыс,нақты жауап берсе, «Үздік зерттеуші» атанбақ.

                                  

I кезең

            /Тақтаға үш топтан үш оқушы шығады/

  1. М. Мақатаев қай жылы қайда дүниеге келді?
  2. Туған жер тақырыбында жазған қандай өлеңдері бар?
  3. Ақынның қандай шығармаларын білесің?
  4. Ақынның қандай аудармалары бар?
  5. Ақынның отбасы туралы не білесің?
  6. Ақынның алғашқы өлеңдері қалай аталады?
  7. Ақынның азан шақырып қойған аты кім?
  8. Ақын өзінің өмірбаянын қай өлеңінде жазды?
  9. Мұқағалидың еңбек еткен жерлері?
  10. Ақын өлеңіне ең көп ән жазған сазгер кім?
  11. Ақынның тұңғыш өлеңдер жинағы қай жылы қандай атпен жарық көрді?
  12. М.Мақатаев өлеңіне жазылған қандай әндер білесіңдер?
  13. Ақынның «Аққулар ұйықтағанда» дастаны қай жылы жазылған?
  14. Ақын орыс ақындарынан өзіне кімді жақын тұтты?
  15. М.Мақатаевты «Поэзия гуманизмі» деп қай ақын жырлаған?
  16. М.Мақатаевтың ақын досы кім?
  17. «Өмір-өзен»кітабы қай жылы шыққан?
  18. Ақын поэзиясының ерекшелігі,ұлылығы неде деп ойлайсыз?
  19. Қай жылы дүниеден өтті?
  20. Бейіті қайда қойылған?
  21. Бір өлеңінің жазылу тарихын әңгімелеңіз?
  22. Ақын өлең жазумен бірге тағы қандай істермен шұғылданған?
  23. Ақын «Менің кішкентай поэзиям» деп кімді атады?
  24. Мұқағалиға арналған қандай көркем шығармаларды білесіңдер?
  25. Ақын қай жылы жазушылар одағына мүшелікке қабылданды?
  26. Ақын өлең,поэзия туралы не деді?

 

II кезең

Мұнда өлеңдерінің алғашқы жолы оқылады,оқушы әрі қарай жалғастыру керек.

  1. Сүрініп кетпе,

...........

  1.  Жазайын,жалықпайын,жасырмайын

............

  1. Шынымен құладың ба шым қорғаным

............

  1. Туады,туады әлі нағыз ақын

............

  1. Бұлқынып жатыр келмейді құрғыр шамасы

............

  1. Дейсіңдер-ау Қасымның несі басым?

............

  1. Тойланбаса тойланбасын не етейін

............

  1. Жапырақ жүрек жас қайың...........

 

III кезең

Жазылар естеліктер мен туралы

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін

Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы,-деп ақын ағамыз өзі жырлағандай, кезекті ақын туралы жазылған естеліктерге береміз.

            Ақынның атасы көкпар шауып жүріп,аттан құлап, аяғы сынады. Ел-жұрт оны аттың алдына өңгеріп,аяғын салбыратып әкеледі. Туысқандары сынықшы іздеп  кеткенде,әжесі атасына «Мына аяқ түбінде аяқ болмайды,шауып тастау керек»-дейді. Атасы келіседі. Балтаны өткірлеп,ақынның батыл әжесі аяқты шауып тастап,жуып,таза шүберекпен орап қояды. Үш күннен кейін сынықшы келіп,бәрін дұрыс істегендігін айтып,батасын береді. Мінезіне қарап,әжесін «Көкдауыл» дейді екен. Осы әжесіне арнап ақын «Сөнбейді әже,шырағың»-деген өлең шығарады,әнін сазгер Н.Тілендиев жазады.Ал,сіздер қандай естеліктер оқып келдіңіздер?

 

/Оқушылар Мұқағали ақынға қатысты оқып келген бірнеше естелік-әңгімелерін айтып береді./

 

Мұғалім:Балалар,сіздер бүгінгі сабақ арқылы Мұқағали шығармашылығы туралы жақсы зерттеу жұмыстарын жүргізгендеріңізді дәлелдедіңіздер. Олай болса,біз Мұқағали  ағаның бүгін тағы бір өлеңімен танысқалы отырмыз.Ол «Мен таулықпын» деп аталады. Өлең аты айтып тұрғандай,  тау туралы.

Қане кім біледі,Қазақстанда қандай таулар бар?

Ақынның тауға арнап жазған тағы қандай өлеңдері бар?

            М.Мақатаев қай таудың етегінде дүниеге келген?

                       

/Өлең мәнелеп оқылады/

 

            Ақынның «Мен таулықпын» өлеңін дала қызы Ф.Оңғарсынованың «Дала даусы» өлеңімен салыстырамыз.

           

Тау баласы мен дала баласының мінездерін,жаратылысын салыстыру

 

Жаңа сабақты бекіту,қорыту

 

«Мен Мұқағалидан не таптым?» деген сұрақ төңірегінде шағын шығарма жазу.

 

Үйге тапсырма

  1. Зерттеу жұмысын жылғастыру
  2. «Мен таулықпын» өлеңін жаттау.

 

Оқушы білімін бағалау


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз