М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің
өндірістік оқыту шебері Қосаев Ерлан Аманбекұлы
Сабақ тақырыбы: Отын сорғысының құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Отын сорғысының құрылысымен танысу және реттеме жұмыстарын атқару.
Сабақтың дамыту мақсаты:
Оқушылардың мамандыққа деген ынтасын арттыру,шеберлік, іскерлік қасиеттерін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:
Кәсіптік білімнің ерекшелігіне көзқарасын қалыптастыру білім алушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа дағдыландыру, мамандыққа қызықтыру, сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың материалды-техникалық құрал-жабдықтарымен таныстыру.
А. Отын сорғысы,электр сорғысы Ә. Жанармай сүзгісі, Б. Макет, техника қауіпсіздігі туралы плакаттарВ. Кілттер, құрал-саймандар.
САБАҚ БАРЫСЫ
І. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ:
А. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Б. Арнайы киімдерін қарау.
В. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. КІРІСПЕ НҰСҚАУ:
А. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Б. Білімін тексеріп, сұрақтар қою.
1. Қоректендіру жүйесінің құрам бөліктері.
2. Қауіпсіздік техникасының ережелерін айту.
3. ЖАҢА САБАҚҚА НҰСҚАУ БЕРУ
а) Отын сорғысының құрылысы?
б) Жанармай багының құрылысы қандай?
в) Жанармай сорғысының қандай түрін білесіз?
г) Жанармай сүзгілері қандай болады?
д) Электр сорғысының артықшылығы неде?
4. КІРІСПЕ НҰСҚАУДЫ ПЫСЫҚТАУ
а) Отын сорғысымен танысыңыз.
б) Техникалық қауіпсіздік шараларын болдырмау, құрал-саймандармен жұмыс жасау.
ІІІ. ҚҰРАЛ ЖАБДЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫН КӨРСЕТУ
1. Дайындық жұмыстары.
2. Отын сорғысын бөлшектеу: тұтқаны ағытып, серіппе мен поршеньді шығарыңыз. Жоғары тұтқаны бұрап, қол сорғысының корпусын алыңыз. Қысқыш көмегімен серіппе және клапанды шығарып алыңыз. Түрткіш сұққышын ұру арқылы (штифт) ұру арқылы, түрткішті, серіппені, айдауышты шығарыңыз.
ІV. АҒЫМДЫҚ НҰСҚАУ:
1. Құралдарды пайдалана отырып, жаттығу жұмыстарын орындау.
2. Отын сорғысын бөлшектеу жұмыстары.
2.1 Отын сорғысының құрылысымен, әрекет ету қағидатымен танысыңыз.
2.2 Отын сорғысын қайта жинаңыз.
3. Тексеру мақсатында оқушылардың жұмыс орындарын аралау.
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ НҰСҚАУ КАРТАЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ.
А. Жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуын, жұмыстың уақытылы басталуын қадағалау.
Б. Жұмыстың іс-қимылын, құралдарды пайдалану тәсілдерінің дұрыстығын тексеру.
В. Қауіпсіздік техникасының ережелерінің сақталуын бақылау.
Г. Отын сорғысының құрылысы сызбасына көңіл бөлу.
Д. Отын сорғысын қайта жинастыру.
Ж. Орындаған жұмыстарын тексеріп, бағалау.
Е. Жұмыс орындарын жинату, тазалығын тексеру
V. ҚОРЫТЫНДЫ НҰСҚАУ:
А. Сабақты қорытындылап баға беру.
Б. Үйге тапсырма беру.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі