Өлең, жыр, ақындар

Атам мен әжемнің ауылына барамын. Бөліктерден фигура құрастырамын

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Састөбе поселкесі
МКҚК «Қарлығаш» балабақшасы
Тәрбиеші: Кулбаева Жиенкул Амановна

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Тобы: «Қарлығаш»

Білім беру саласы: «Таным»

Білім бөлімі: Қарапайым математикалык ұғымдарын қалыптастыру.

Мақсаты: Балаларға әр түрлі бөліктерден бір бүтін фигура құрастырды үйрету.

Ойлау қабілеттерін дамыту, ұжыммен жұмыс жасауға баулу.

Фигуралар жасап оларды атап беруге, есептер шығару арқылы фигура құрауға, санның бөлігін таба отырып фигура құрастыруға баулу.

Көрнекілігі: Әр түрлі геометриялық фигуралар, ата мен әженің ауылының суреті.

Қолданылатын заттар: Қиылған пішіндер, түтікшелер, ермексаз, ақ қағаз.

 

Іс- әрекет кезеңдері

          Тәрбиешінің  іс-әрекеті.

    Балалардың іс-әрекеті

 

Шаттық шеңбер.


Күннің көзі ашылды
Көкке шуак шашылды
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу  үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал кәнекей бәріміз
Сәлемдейік үлкенге
Сәлеметсиздер ме


Психологиялық икем
Көңіл күйлериң қалай?
Оқу қызметіне дайынсыңдар ма?

Азайту мен қосуды
Салыстыру өрнекті
Түрлі-түсті есепті
Үйренеміз қай пәннен

Балалар математика оқу қызметі дегенде біз нені есімізге түсіреміз?


Жарайсындар балалар отырыңдар.
Олай болса өткен оқу қызметімізді еске түсірейкші. Өткен оқу қызметімізде не туралы өтіп едік кәне кім айтады?
Жарайсындар балалар өткен оқу қызметіміз естеріңде жақсы қалыпты.
 -Ал олай болса бүгінгі жаңа оқу қызметімен танысайық

Тақырыбы: Ата мен әжемнің ауылына барамын.
Бөліктерден фигура құрастырамын.

Мақсаты: Әр түрлі бөліктерден бір бүрін фигура құрастыр дейді. Сендерге түсінікті болу үшін түсіндіріп кетейін бәріміз тақтаға қараймыз.

 

Мен қандай пішіндер құрастырдым кәне атап көрейікші.

Балалар ата мен әженің ауылына саяхатқа барғыларың келе ме?

Ама мен әженің ауылына жету үшін бізге көптеген тапсырма беріліпті осы тапсырмаларды дұрыс орындасақ ата мен әженің ауылына жетеміз. Келісесіңдер ма?

Бүгінгі оқу қызметіміз қызықты өту үшін сендерді үш топқа бөлдім. Бұл жерде топпен бірлесе жұмыс жасаймыз топ басшы сайлап алып оның шешімдерімен келісу керек.

Дайын болсаңдар топтарыңды анықтап алайық.
1-топ Алғырлар тобы
2-топ Білгірлер тобы
3-топ Зеректер тобы
Олай болса
1- топқа тапсырма.Түтікшелерден фигура құрастырамыз.
2- топқа тапсырма. Фигураның жартысын тауып жол саламыз.
3- топқа тапсырма. Фигуралардан Ата мен әженің ауылын құрастырамыз.

Сергіту сәті

Бойымызды сергітіп алсақ келесі тапсырмаға көшейік.
Бәріміз тақтаға қараймыз мұнда бізге есептер беріліпті, осы есепті дұрыс шығарсақ есептің артында не жасырынғанын көреміз.

Міне ата мен әженің ауылына да жеттік.

Ал енді дәптермен жұмыс жасаймыз.

Қорытынды:
Біз бүгінгі оқу қызметінде не туралы өттік?
Оқу қызметінде не жасадық?
Оқу қызметінде ұнамаған жері болды ма?


Балаларды бағалау. Мақтап мадақтау.

Балалар бірге шаттық шеңберін орындайды.

Көңіл күйіміз Керемет.
Ия дайынбыз.


Ол математика пәні
Біз жақсы көретін.
Қызықты есеп жұмбақты
Күнде біздер шешетін.
Сенбесеңіз сіз егер
Оқу қызметіне келіңіз
Білімімізді көріңіз.


«Санамақ»
Бір дегенім-бесік,
 шықтық содан өсіп.
Екі дегенім-елім,
далам, тауым, көлім.
Үш дегенім-үміт,
үміт артар жігіт.
Төрт дегенім- төзім,
төзе білем өзім.
Бес дегенім-бақыт,
бағалайтын уақыт.
Алты дегенім-ақыл, тыңдағаның мақұл.
Жеті дегенім-жалау,
жүректегі алау.
Сегіз дегенім-сөзің,
серт беретін кезің.
Тоғыз дегенім-тоқтау,
елдің жоғын жоқтау.
Он дегенім-Отан,
қорға соны ботам.

 

 


Астанаға саяхат жасадық.
Бөліктерден фигура құрастырдық.
Машинаға жол салдық.
Фигураларды боядық.

 

Шеңбер, төрт бұрыш, үш бұрыш, тік төрт бұрыш.


Ия барғымыз келеді.

 

Ия  келісеміз.

 

 

 

 


Балалар топтаса жұмыс жасайды.

 

 


Сергіту сәтін орындайды.

Берілген есептерді шығарады.

 

 

 

 

 


Дәптермен жұмыс жасайды.

 

Сұрақтарға жауап береді.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер