ОҚО Шардара ауданы Ұзын Ата ауылы
Ұзын Ата жалпы орта мектебінің
тәлімгері Тойшыбеков Шынғыс Сейдімұратұлы
«Ерлікке тағзым ету – ұрпақ парызы»
Мақсаты: Оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа баулу, көркем шығармалар арқылы ой-өрістерін қеңейту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты:
1. Ауған соғысына қатысушылардың Отан алдындағы антына адал болғандығының ақиқаттығы. Ол жастарымыз үшін мәңгілік патриоттық рухтың үлгі–өнегесі болып қала бермек.
2. Халқымыздың ұлы перизенті, ерлік ерен үлгісі болған Бауыржан Момышұлының өмірін үлгі тұту.
3. Тарихи тұлғаларды құрметтеуге шақыру. Қазахстан Республикасы Қарулы Күштер қатарына жан жақты жетілген жастарды тәрбиелеу.
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Ән ұраны орындалады.
1-жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздармен ата-аналар.8 Г сыныбының «Ерлікке тағзым» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, алға қадам басады. Болашаққа рухани мәдениетімізбен қатар ұрпағының ұлттық қасиеттерін сақтауда тарихын үлгі етеді. Ендеше бүгінгі ерлікке тағзым ету – ұрпақтың парызы атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз!
1-жүргізуші:
-Армысыздар, ауғандық жауынгерлер
Жырым бар жараланған, жаныңды емдер.
Өлгендерді жәннәтта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер!
2- жүргізуші:
Хор «Өз елім»
1-жүргізуші:
Ешкімде, еш нәрседе ұмытылмайды! (мәнерлеп оқу)
Майданға хат (үзінді)
Досан Әден, Юнус Бақдаулет, Жәдігер Бағлан, Ахун Азамат, Ахмет Айтқали, Жәңгір Әбілхайыр, Жайық Бекзат.
2-жүргізуші:
Қуанам адам болып туғаныма.
Ата-жолын дәстүрін қуғаныма,
Есімдері ескірмей жасай берер.
Ұрпақтары артында тұрағанында.
1-жүргізуші:
Өнер жолдап ауқыт тағы алыстап,
Тағдыр қалай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағы
Ауғандағы азап шеккен арыстар.
2- жүргізуші:
Қыздар тобының орындауындығы «Қамажай» биі.
1-жүргізуші:
Отан оттанда ыстық азаматтық парыздың ішіндегі ең үлкені отан қорғау! Жауынгер жүгі қашанда салмақты. Солардың арқасында біз той тойлап ештеңе алаңдамай өмір сүріп жатырмыз.
2- жүргізуші:
Білеміз жас өседі туады ерлер
Қастерлеп әке жолын қуады ерлер,
Тумайды сіздерден соң тумасын–ақ
Соғыс деген сум тажалға куәгерелр.
Қарымсақ Ақүміттің орындауындағы «Қазағымсың» әні.
1-жүргізуші:
Ұрпақтан ұрпаққа жеткеізетін тарихи оқиғалардың басы ауқындысы ауған соғысы. «Ер елсіз болмайды» «Ел ерсіз болмайды деген» дана халқымыз.
Жәңгір Әбілхайырдың орындауындағы Қожа Ахмет Яссауидің хикметі
Әлібек Гауhардың орындауында мәнерлеп оқу «Отан»
2-жүргізуші:
Би «Катюша» орындайтын 8 Г сынып оқушылары.
1-жүргізуші:
Отан сенің атанаң,
Отан досың бауырың
Отан өлкең астанаң
Отан аудан ауылың
Отан тарих, отан тіл
Жасаған елің, өз халқың
Отан өлең отан жыр
Көтерген көкке ел даңқы
Отан осы достарым
Көңілге мұны түйе біл
Отан деп өсіп жан-жағың
Оны ардақтап сүйе біл.
Ән «Туған жер» орындайтын: Арын Ақжүніс ,Құдайберген Аяжан
2- жүргізуші: Қыздар тобының орындауында: «Қазақша би»
1-жүргізуші: Сұрақ-жауап 1.Ер елі үшін туады. (Мақалды жалғастыру)
1. Отан үшін отқа түс, .... (күймейсің)
2. Отан оттан да .... (ыстық)
3. Ит тойған жеріне .... (ер туған жеріне)
4. Еңбек ерлікке жеткізер .... (Ерлік елдікке жеткізер)
5. Ел үшін аянба-ерлігіңе сын, .... (жұрт үшін аянба –жігіттіңе сын)
6. Туған жердің күні де ыстық .... (түні де ыстық)
7. Туған елдей ел болмас .....(Туған жердей жер болмас)
8. Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін..... (Батыр болсаң, жауыңа найзаң тисін)
2-жүргізуші:
Қарымсақ Ақүміттің орындауындағы «Көкке өрле» әні
1-жүргізуші:
Қорытынды: Міне ата-бабаларымызхдың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әұранымыз. Өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт, елімізде бейбітшілік болсын! Айбынды азаматтарымыз аман болсын! Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Назарларыңызға рахмет!
Фариза
Пайдама жарады, рахмет!