Өлең, жыр, ақындар

Автомобиль тасымалын мақсатты қолданудың негізгі салалары

№16 колледж МКҚК
Сапа менеджменті жүйесі
Өндірістік оқыту шебері Ибраемов Аманолла Мейрамханович

Автомобиль тасымалдары — бұл  жүктер мен жолаушыларды рельссіз жолдармен жерде жүретін көлікпен тасымалдау.

Автомобиль тасымалын мақсатты қолданудың негізгі салалары – жүкті магистральді көлік түрлеріне тасымалдау және жеткізу, өнеркәсіп және ауылшаруашылық жүктерін қысқа қашықтыққа тасымалдау, қала ішіндегі тасымалдар, жүктерді сату мен құрылыс салу үшін жеткізу.

Алысқа тасымалдау үшін автомобиль тасымалы тез бұзылатын, ерекше, бағалы, тез жеткізілуі қажет, басқа жүк таситын көлік түрлерімен  тасымалдауға қолайсыз жүктерді тасымалдауға қолданылады. Автомобиль тасымалының  құндылығы -  ыңғайлылығы мен икемділігі, кемшілігі – барынша жоғары тасымалдау құны.

Автотасымалдау жүктерді жеткізудің барынша кең тараған түрі болып табылады. Басқа да жүк тасымалдау түрлері сияқты жүк тасымалының бұл түрінің  өз «плюстары» мен «минустары» бар.

Басымдығына жүктерді теміржолмен тасыған кездегі (бұл әсіресе алыс қашықтыққа тасыған кезде  білінеді) аралық операциялардың болмауы есебінен аса жоғары ұтқырлық пен жылдамдықты жатқызуға болады.

Сондай-ақ жүктерді тасымалдау ырғақтылығы болып табылады (яғни, жүкті көптеп жинақтау қажет  болмайды), жүкті барынша сақтауды қажет ету,  жүктерді оның жіберушіден алушыға дейін қайта тиеп-түсірмей жеткізу мүмкіндігі, жүкті жіберушілер алушылардың орналасқан жерінің  теңіз және өзен  айлақтарынан, сондай-ақ ірі қалалардан, теміржолдардан тәуелсіздігі. Бұл қысқа қашықтыққа жүк тасымалдаудың ең тиімді түрі.

Кемшіліктерінің арасында барынша көп жүк партияларын тасыған кезде алыс қашықтыққа тасымалдауға шек қойылуын, жол бойы желілеріне тәуелділікті, көлемі шағын жүктерді тасымалдаудың шектелуін бөліп көрсетуге болады. Алыс қашықтыққа жүк тасымалдаған кезде көліктің  бұл түрі аса қымбат болып табылады. Сонымен бірге қысқы кезеңде тасымалдау географиясы азаяды.

Көлік кешенін дамытқан кезде экономиканың жағдайы мен мүмкіндігін, сондай-ақ көлік-логистикалық жүйесін дамытудың озат әлемдік тәжірибесін ескеру қажет. Экономиканың серпінді дамуы тауарды жылжыту көлемінің барынша өсуіне, тиісінше  ішкі сияқты халықаралық, соның ішінде транзиттік жүктің өсуіне алып келетінін әлемдік тәжірибе  көрсетіп отыр. Бірақ көлік және логистика инфрақұрылымының жеткіліксіз дамымауы жағдайларында елдің көлік кешенінің өнімділігі мен тиімділігі төмендеуде.

Осыдан келіп көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуға, атап айтқанда ҚР көлік кешенінің тиімді жұмыс істеуін арттыруды қамтамасыз етудің ажырамас және шешуші құрамдауышы ретінде өңірлік көлік-логистикалық орталықтары (ӨКЛО) жүйесін қалыптастыруға бағытталған  міндеттерін шешудің өзектілігі туындайды.

Жүк тасымалдау процесі технологиясы дегенді адамдардың оны дәйекті және өзара байланысты кезеңдер мен операцияларға бөлу жолымен барынша бір қалыпты орындалатын және мақсаты жоғары тасымалдау тиімділігіне қол жеткізу болып табылатын нақты тасымалдау процесін іске асыру тәсілі деп түсіну қажет.

Қандай да болмасын жүк тасымалдау  процесінің технологиясы үш белгіні сипаттайды: тасымалдау процесін бөлу, үйлестіру және кезеңділік,  іс-қимылдың нақтылығы.

Жүк және коммерциялық жұмыстың технологиясы мына операциялардың орындалуын көздейді:

- жүкпен (тасымалдауға қабылдау, өлшеу, сақтау, тиеу, түсіру, сұрыптау және беру);

- құжаттармен

Ірі көлемді жүкті тасымалдау қажет болған кезде, әдетте, тралдар мен тарату тіркемелері қолданылады. Сақталу мерзімі тез өтетін немесе арнайы көлік режиміндегі өнімдерді тасу қажеттілігі туындаған кезде осындай мақсаттарға арналған арнайы тоңазытқыш құрылғылары бар рефрежераторлар пайдаланылады.

Тұрақты түрдегі қалыпты температураны қажет ететін заттар мен өнімдерді тасымалдау қажеттілігі туындаған кезде арнайы жылыту изометриялық жүйесімен жабдықталған автомобильдермен тасымалданады. Бұл жабдық ауаның қалыпты температурасын ұстап тұруға  мүмкіндік береді. Бұдан басқа, ірі көлемді жүктерді тенттелген фуралармен тасымалдауға болады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар