О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалы техникалқ колледжі
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Джубаева Камшат
Сабақ мақсаты:
а) білімділік: Жаңа материалды түсіндіру. Мұнай кәсіпшілігіне байланысты жаңа техникалық терминдерді үйрету.
ә) тәрбиелік: Туған жерге сүйіспеншілігін арттыру, қазыналы өлкесіне болашақта адал қызмет етуге тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Болашақ қызметтерінде кәсіби ағылшын тілін еркін меңгеруге үйрету, талпындыру, өз бетінше оқуға бағыт беру.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақты өткізу әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: Мұнай және газ скважиналарын пайдалану
Көрнекілік материалдар: Интерактивті тақта, бейнеролик, суреттер
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі: (2 мин)
- Good morning, students!
- Good morning, teacher!
- Who is on duty today?
- Who is absent today?
- What day and date is it today? Today is the 21st of May, Thursday.
- What was your home task for today?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қорытындылау.
Your home task for «Transportation of oil and gas»
Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. How a pipeline is laid?
2. Why is it necessary to provide cathodic protection of a pipeline?
3. What devices are used to monitor the pipelines?
4. Describe 4 common categories of the pipelines.
5. What is the oil speed in a pipeline?
6. How it takes to deliver the oil from A to B, if we know that the distance is 1450 km and the oil speed is 6 km/h?
7. What are the most important oil pipelines in Kazakhstan?
Лексикалық жаттығулар
Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.
1. The oil and gas are transported by the pipelines.
2. Some pipelines are massive steel conduits more than a meter in diametr, while others are plastic tubes a few centimeters across.
3. A mobile assembly line moves across the landscape to lay a pipeline.
4. The sections of pipe are welded and inspected with X-rays before being covered with a protective coating and lowered into trench.
Аудармасы
1. Мұнай және газ құбыр арқылы тасымалданады.
2. Кейбір құбырлардың диаметрі бір метрден асып, үлкен болады да, ал пластикалық құбырлар, өз кезегінде, бірнеше сантиметрді құрайды.
3. Мобильды жинақтау сызығы құбырдың ландшафттық қабаты арқылы орын ауыстырылады.
4. Қорғау қабаты траншеяға енгізілместен бұрын, құбыр секциясы бекітіледі және рентгендік сәулелер арқылы тексеріледі.
Төмендегі сөйлемдерді ағылшын тіліне аударыңыз.
1. Мұнайды тасымалдаудың ең арзан тәсілі – құбыр арқылы тасымалдау.
2. Құбырлар төрт жалпы категорияға бөлінеді: жинақтау, магистральды, газбен қамту жүйелері және жергілікті газүлестіру компанияларының құбырлары.
3. Шикі мұнай, газ және өңделген мұнай өнімдері де автоцистерналар, теміржол, танкерлер мен баржалар арқылы тасымалданады.
Аудармасы
1. The cheapest way of transportation of oil and gas is the pipelines.
2. Pipelines fall into four general categories: gathering lines, trunk lines, gas transmission systems, local distribution companies.
3. Crude oil, gas liquids and refined products are also transported by truck, railway, tanker and barge.
Ok, you've prepared very well for the home task. Have you any questions by this material? If you haven’t, let’s begin our new lesson.
ІІІ. Негізгі бөлім
а) Жаңа сабақты түсіндіру.
Тұйық етістік жаққа, жекеше, көпше түрлерге бөлінбей, мағынасы жағынан іс-әрекеттің, қимылдың атын білдіреді. Тұйық етістік – негізгі to do және ырықсыз етіс to be done категориялары, перфектілі (to have done), перфектісіз (to do) және тек созылыңқы шақ түрлеріне бөлінетін жақсыз етістіктің бірден-бір түрі. Сөздіктегі етістіктер осы түрде беріліп және ол етістіктің бастапқы түрі болып есептеледі. Ол етістіктің де, зат есімнің де белгілерін білдіреді.
Тұйық етістік (инфинитив) қазақ тіліндегі тұйық етістікпен сәйкес келеді. Тұйық етістіктің басты белгісі – "to" демеулігі, ол кей жағдайларда түсіп қалады:
1. Shall, will көмекші етістігінен кейін:
Tomorrow he will receive the workers. – Ертең ол жұмысшыларды қабылдайды.
2. Can, could, may (might), must, should, would (ought етістігінен басқа) модаль етістіктерінен кейін:
Can you tell me about your plan? – Сіз маған өз жоспарыңыз туралы айта аласыз ба?
3. To see – көру, to hear – есту, to lead (let) – бастау т.б. етістіктерінен кейін:
I saw Damir dance. – Мен Дамирдің билегенін көрдім.
4. Сөйлемде екі инфинитив қатар келіп, өзара or (немесе), and (және) жалғаулық шылауымен байланысса, екінші инфинитивтегі to түсіп қалады:
He promised to phone or write. – Ол телефон соғуға немесе хат жазуға уәде берді.
Ескерту: ағылшын тіліндегі мысалдарды қазақ тіліне аударғанда, кей жағдайларда тұйық етістік түрінде болмауы мүмкін.
Тұйық етістіктің жасалуы мен қолданылуы. Тұйық етістіктің негізгі белгісі – "to" демеулігі.
Indefinite Infinitive Active. Негізгі етіс инфинитив түрі – (to ask – сұрау).
Indefinite Infinitive Passive – ырықсыз жалпы инфинитив, инфинитивтің (тұйық етістіктің) жай формасы “to be” мен негізгі мағыналы етістіктің, Past Participle (PII) түрлерінен жасалады:
to be + Participle II (to be asked - сұралу).
Progressive Infinitive. Инфинитивтің созылыңқы шағы инфинитивтің жай формадағы to be етістігімен негізгі мағыналы етістіктің Present Participle (I) – түрінен жасалады:
to be + Present Participle (PI)
to be asking – сұрау (дәл осы сәтте)
Perfect Infinitive Active. Перфектілі инфинитив негізгіетіс түрі to have пен мағыналы етістіктің Participle II түрлерінен жасалады:
to have + Participle II
(to have asked – сұралу)
Perfect Infinitive Passive. Перфектілі инфинитив өзгелік етіс түрі to be етістігінің перфектілі инфинитив формасы мен негізгі етістіктің Participle II түрлерінен жасалады:
to have been + Participle II
(to have been asked - сұралу (сұралған)).
Инфинитив түрлерінің кестесі
Voice Tense етіс шақ |
Non – Perfect Перфектісіз |
Perfect Перфектілі |
||
|
Indefinite тұйық етістік |
Progressive созылыңқы |
Perfect перфектілі |
Perfect Progressive перфектілі созылыңқы |
Active |
To build |
To be building |
To have built |
To have been building |
Passive ырықсыз |
- |
- |
To have been built |
- |
Тұйық етістіктің сөйлемдегі атқаратын қызметі:
1. Сөйлемде бастауыш болады: To rest at the Seaside is pleased. – Жағажайда демалу – жан рахаты.
2. Баяндауыштың құрамында келеді: The first we had to prepare was the home task. – Ең алдымен біз үй тапсырмасын орындауымыз керек болды. The point is to finish the scientific work. – Ең бастысы – ғылыми еңбекті аяқтау.
3. Толықтауыш болады: I asked him to give me the passport. – Мен одан төлқұжатты бере тұруын сұрадым.
4. Анықтауыш болады: My son was the first to congratulate me on my birthday. – Менің ұлым мені туған күніммен бірінші болып құттықтады.
Кейде қазақ тіліне аударғанда Infinitive сабақтас құрмалас сөйлемнің басыңқы сыңары болады: We must take all measures to get home in time. – Біз үйге кешікпей жету үшін, қолдан келгеннің бәрін жасадық. (мақсат бағыныңқылы сабақтас)
Жаңа сабақты бекіту:
1. Тұйық етістік дегеніміз не?
2. Тұйық етістіктің қолданылуы?
3. Тұйық етістіктің жасалуы?
4. Тұйық етістіктің сөйлемдегі атқаратын қызметтері?
Грамматикалық жаттығулар
1. Сөйлемдерді аударыңыз (қажет болған жағдайда политехникалық сөздікті қолданыңыз) және инфинитив рөлін түсіндіріңіз:
1. To assign a numerical value to the inertia of any given body, we choose as a standard some body whose inertia is arbitrary taken as unity.
2. Oxygen is extremely hard to liberate from a compound.
3. The disintegration of radioactive substances is known to be a spontaneous process.
4. We know the electric cell to consist of two plates of conducting material assembled together and immersed in an electrolyte.
5. Atomic energy is likely to become the main source of power-supply in the years to come.
6. Dilute solutions appear to obey laws exactly analogous to the laws of gases.
7. The difficulties to overcome in the manufacture of synthetic camphor seem to be great.
8. There was a time when lightning proved to be a dangerous problem to be solved.
9. Devices for changing ac into dc are needed to charge storage batteries.
10. The weather is unlikely to change for the better in the coming days.
11. I asked him to inform me about the results of the test.
2. Негізгі мәтіннен және қосымша бөлімнен инфинитив мысалдарын тауып, олардың қолданылуын түсіндіріңіз.
V. Үйге тапсырма
Read the rule and make up 15 sentences.
VІ. Бағалау.
THE LESSON IS OVER GOOD BYE!!!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі