Өлең, жыр, ақындар

Ғажайып көрмеге саяхат

№30 «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасы
«Құлыншақ» ересек тобы.
Тәрбиеші: Қаттыбек Г.Қ.

Білім саласы: Әлеумет, таным, қатынас, денсаулық, шығармашылық. 

Бөлімі: Кіріктірілген  оқу қызметі. 

Мақсаты: ЭКСПО көрмесіне саяхатқа шығу арқылы жыл бойы алған білімдерін қорытындылау, кеңістікті бағдарлау ұғымдарын еске түсіру. Көрменің біздің еліміз үшін қажеттілігі мен маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру. Еліміздегі жаңалықтардан құр қалмауға, шығармашылыққа баулуға, Отанымыздың жеткен жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.

Билингвальдық компонент: Көрме-выставка, астана-столица, қала-город.

Сөздік жұмысы: ЭКСПО. 

Көрнекілігі: ЭКСПОНЫҢ белгісі, Астана қаласы, Бәйтерек, үлестірмелі материалдар. Батик технологиясымен сурет салу.  

Алдын-ала жұмыс: балалармен дәстүрден тыс сурет салып дайындап қою. Ата-аналармен ЭКСПО көрмесін ұйымдастыру.

Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі оқу қызметімді күнделікті айтатын мақал-мәтелмен бастайық.  

Бал-р: Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергені. 

Тәрбиеші: Ендеше бізге келген қонақтарға әдептілік танытып амандасып, шаттық шеңберін құрайық. 

Шаттық шеңбері. 

Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.

Саламатсыздар ма!

Здравствуйте! 

Тәрбиеші: - Балалар біздің электрондық поштамызға мынандай бір жұмбақ хат келіпті. Мұнда хаттың қайдан және кімнен келгені белгісіз. Хаттың сыртында мынандай жасырынған сурет бөлшегі бар екен, бұл не болуы мүмкін?

Бал-р: Бұл Бәйтерек ғимаратының суреті ғой.

Тәрбиеші: Бәйтерек еліміздің қай қаласында орналасқан?

Бал-р: Бәйтерек  Астана қаласында орналасқан.

Тәрбиеші: Бәйтерек еліміздің қай қаласында орналасқан?

Бал-р: Еліміздің бас қаласы Астана қаласында орналасқан. 

Тәрбиеші: Демек бұл хат Астанадан келген болып тұр ғой. Ал хатттың қай шетінен жасырынған суретті көруге болады? Бұл не болуы мүмкін? Менде есіме түсіре алмай тұрғаным?

Бал-р: Бұл белгі ЭКСПОНЫҢ белгісі. Біз оны қала көшелерінен,теледидардан жаңалықтардан естідік. 

*Мен әкемнің қолынан осы көрменің билетін көрдім, біз жақында Астана қаласына осы көрмені көруге барамыз. 

Тәрбиеші: Бұл хат..... балалар бұл біз күткен хат емес пе? Қанекей есімізге түсірейікші, біз ЭКСПО көрмесіне қандай жұмысымызды жіберген едік?

Бал-р: Біз ЭКСПО көрмеге өз қолымызбен, мата бетіне салған суретімізді жіберген болатынбыз. 

Тәрбиеші: Балалар мүмкін сол жұмысымызды қабыл алған болу керек. Хатты оқып көрейік.. «Саламатсыздар ма №30 «Алпамыс»б\б  «Құлыншақ» тобының балалары. Біз сіздерді Астана қаласында өтетін көрмені көруге шақырамыз. Сіздердің жасаған жұмыстарыңыз бізге қатты ұнады. Біз сіздерге сол үшін ЭКСПОНЫҢ билеттерін беріп жібердік. Бұл билетпен сіздер пойыз көлігіне отырасыздар, сіздерді осы пойыздың бекеттері көптеген қызықты тапсырмалар тапсырады. Егерде сіздер сол тапсырмаларды дұрыс орындасаңыздар, сіздерге жұлдызшалар беріледі, ал егер дұрыс орындамасаңыздар пойызымыз одан әрі жүруін тоқтады. С\Н «ЭКСПО» көрмесінің ұйымдастырушылары.   

Тәрбиеші: - Балалар Астана қаласына көрмені тамашалауға барамыз ма?

Бал-р: Әрине барамыз.

Тәрбиеші: Қызықты тапсырмаларды орындап жұлдызша алуға дайынсыңдар ма?  

Бал-р: Әрине дайынбыз. 

Тәрбиеші: Бәрекелді ендеше жолға шығайық. Пойыз ішіне отырып жайғаспас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсірейік. 

Астана қаласына аттанайық.  

***Музыка. Пойыз жүреді. 

1-ші «Әлеумет» бекеті. Тапсырма:«Кім шапшаң». 

*ЭКСПОНАТ деген сөзден алынған. Қазақша сөзі жәдігер дегенді білдіреді. *ЭКСПО –әр ел өз елінің қол жеткізген жетістіктерін,жәдігерлерін көрсететін көрме.* 

*ЭКСПО-да әр ел өздері ойлап тапқан дүниесін көрсетеді.

*ЭКСПОда әр ел өз  ғалымдарының,өнертапқыштарының жұмыстарын көрмеге әкеледі.

*ЭКСПО көрмесінің пайдасы әр шет мемлекеттер бір-бірімен тәжірибе алмасады. 

Міне, балалар сендер бұл  бекеттің тапсырмасын дұрыс орындадыңдар, өйткені біз жұлдызша алдық «Ж».                                                   Біздің пойызымыз келесі бекетке жүргелі жатыр. 

***Музыка. Пойыз жүреді. 

2-ші «Тіл дамыту» бекеті. Тапсырма: «Ала бұзау» әңгімесіндегі жануарлар неге сөйлемейді?»

Тәрбиеші: - Балалар біз тіл дамыту оқу қызметінде немен таныстық?

Бал-р:  - Көптегентақпақ өлеңдер жаттап, ертегі, әңгімелер айтып танысқан болатынбыз.

Тәрбиеші: Суретке қарай отырып, «Ала бұзау»әңгімесін есімізге түсіру. Қанекей кім айтып береді?

Бал-р: Бұзауын іздеп Али тоғайғабарды. Ол тоғайдан көптеген жануарлардың,жәндіктердің,құстардың жүргенін естіді. Достар, қалай ойлайсыңдар Али тоғайдан қандай жануарларды көрді?

- Али олардың жүргенін қалай білді?

Бал-р: Жануарлардың шығарған дыбысын есту арқылы.

- Жануарлар, жәндіктер, құстар қандай дыбыс шығарды?

Бал-р: А-А,У-у, Ыссс, Ызззз, Ырррр, Куку-кук, Шиқ-шиқ. Мөөө. 

Бал-р: Достар, неге осы жануарлар мен жәндіктер сөйлемейді?

Бал-р: Себебі олар адам емес. Сөйлеу адам миының ойлау қабілеті арқылы жасалады. Жануарларда ми болғанменен олардың ойлау қабілеті болмайды. Сондықтан да сөйлеу тек адамға тән қасиет.

Тәрбиеші: Ия балалар тек сөйлеу адамға тән қасиет, сондықтанда тек қана адамзат атауының өз ұлт өкіліне қарай ана тілдері болады. Сондақтан да біздің ана тіліміз қалай аталады?  

Тәрбиеші: Ия балалар бұл бекеттің де  тапсырмасын дұрыс орындадық себебі біз тағы бір жұлдызшаны алдық. «Е»

Келесі бекетке аттанайық. 

***Музыка.Пойыз жүреді.

3-ші «Сауат ашу» бекеті. Тапсырма: «Кім жылдам» Бұл бекеттің сұрақтарына жылдам жауап беру.

- Балалар, дыбыс дегеніміз не?

*Құлақпен естілетін үн дыбыс дейміз. Дыбысты естиміз және айтамыз. 

- Балалар осы айтылатын дыбыстар нешеге бөлінеді?

*Дыбыстар дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді. 

– Дауысты дыбыстарды атаңдаршы? Оларды қандай дыбыстармен белгілейміз?   

*Дауысты дыбыстар олар: А, Ә, Е, О, Ө, Ұ, Ү, Ы, І. Оларды қызыл түспен белгілейміз.   

– Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? Және оны қандай түспен белгілейміз? -

- Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? 

*Дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болып екіге бөлінеді.  

- Жуан дыбыстарды атаңдар?

*Жуан дауысты дыбыстар: А, О, Ұ, Ы.

*Жіңішке дауысты дыбыстар: Ә, Е, Ө, Ү, І.

- Балалар осы дыбыстардан біз не құраймыз?

*Дыбыстардан сөз құраймыз. 

- Сөздерден не құраймыз?

*Сөздерден сөйлем құраймыз.

– Сөз бен сөйлемді  қағаз бетіне не арқылы жазамыз?

*Сөз бен сөйлемді  дыбыстың таңбасы әріп арқылы жазамыз.

– Келесі тапсырма: «Кім зерек» 

* Балалар оқиды, сөздердің қалай айтылғанын дәлеледеп береді.

– Келесі тапсырма: «Кім алғыр» Алдарындағы көрсетілген карточкадағы суреттің тек бас әріптерін алып жасырынған сөзді табу, дыбыстық талдау жасау және оқу.

Балалар бұл бекеттің тапсырмасын дұрыс орындадық себебібіз тағы бір жұлдызшаға ие болдық. Ол «Ң».

Келесі бекетке аттанайық

4-ші бекет. «Денсаулық» бекеті. Тапсырма: «Полиглот»

-Полиглот деп кімді айтамыз балалар? 

*Полиглот деп көп тілді білетін адамды айтады. 

- Суретте көрсетілген баланың дене мүшелерін орыс тілінде айту. Бас - голова, көз - глаза, мұрын – нос, ауыз - рот, иық - плечо, қол  - рука, аяқ - нога.

- Адамның денсаулығы мықты болу үшін не істеу керек?

*Дұрыс тамақтану керек.

*Дене тазалығын сақтау керек

*Жаттығу, спорт түрлерімен шынығу керек. 

СЕРГІТУ ЖАТТЫҒУЫ.

Балалар бұл бекеттің тапсырмасын дұрыс орындадық, себебі біз тағы бір жұлдызшаға ие болдық. Ол «І». Келесі бекетке аттанайық.

***Музыка. Пойыз жүреді.

5-ші «Математика» бекеті. Тапсырма: «Пішіндерді жұмыр денені оң жаққа, бұрышты денені сол жаққа апару»

Бал-р: тапсырманы орындайды. 

Тәрбиеші: Дияс жұмыр денемен бұрышты дененің айырмашылығы неде?

Бал-р: Жұмыр пішіндер домалағыш келеді,ал бұрышты дененің бұрыштары домалауға кедергі келтіреді. Себебі олардың бұрыштары бар.

Тапсырма: «Топтастыр және белгіле» 

Бал-р: тапсырманы орындайды.

Тәрбиеші: Айару сен қандай жиынтықтарды қоршадың? Қай жиынтық көп,қайсысы аз? Жиынтық дегеніміз не? 

Бал-р: Мен жеміс пен көкөніс жиынтығын қоршадым. Жиынтық-деп ортақ белгісі  бар заттардың топтамасын айтамыз.

Тапсырма: «Кім шапшаң». Яғни түсіп қалған сандарды жазу.

Тапсырма:«Жасырынған санды тап». Балалар бұл бекеттің тапсырмасын дұрыс орындадық, себебі біз тағы бір жұлдызшаға ие болдық. Ол «С».

- Ой балалар әр бекеттегі тапсырманы орындаймыз деп біз Астанаға да келіп қалыппыз.

Мұғалім: Саламатсыңдар ма балалар!Астана қаласына қош келдіңіздер! Мен ЭКСПО көрмесінің ұйымдыстырушы директорымын. Сіздердің дәстүрден тыссалған суреттеріңіз өте керемет екен. Біздің көрмеге келген қонақтарды, әсіресе балаларды қатты қызықтырды. Біз сіздерге сәтілік тілеп  бұдан да жоғары жұмыстар күтеміз. Ендеше көрмені тамашалауға қош келіпсіздер.Слайд «ЭКСПО»Балалар көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады. Бұл көрмеде әр мемлекет өз елдерінің түрлі саласында қол жеткізген табыстары мен жетістіктерін үш ай бойы көрсетеді.

Көрме: Ата-аналардың жұмысын тамашалау.  

***Музыка. Пойыз жүреді. Топқа оралу. 

Қорытындылау:

- Балалар біз бүгін қайда бардық?

*Астана қаласына ЭКСПО көрмесін тамашалауға бардық.

– Астана қаласына  қандай көлікпен бардық?

*Астана қаласына пойызбен бардық.

- Пойыз бекеттерінде біз қандай тапсырмаларды орындадық?*

*Дыбыстарды айттық

*Сөздерді оқыдық

*Сөздерге дыбыстық талдау жасадық.

*Жасырынған сөзді таптық. 

*Пішіндерді ажыраттық.

*Аз жиынтықты қоршадық. 

*Заттарды санмен сәйкестендірдік.

*Түсіп қалған сандарды ретімен орналастырдық.

*Жасырынған сандарды есептеу арқылы шығардық. 

Тәрбиеші: Балалар енді тапсырмаларды орындап алған жұлдызшамызға назар аударайықшы. Недеп жазылған екен: «ЖЕҢІС!» Балалар бүгін өздеріміз әңгіме еткен ЭКСПО көрмесіне өз білімділігімен асқан тапқырлықпен жасаған жәдігерлерін әкеледі екен. Ол үшін адам баласы көп білім алуы қажет. Міне сендерде мектепке кетіп барасыңдар. Біз сендерден болашақта осындай көрмеге қоятын жақсы дүниелер ойлап табады деп сенім артамыз және сенеміз. Иә балалар сендер балабақшадан алған білімдеріңді бүгін жеңіске жеткіздіңдер. Сендерді алда мектеп қабырғасында бұдан көптеген жеңістер күтіп тұр. Сендерге әрдайым жеңіс тұғырынан көріне берулеріңе тілектеспін. Қанекей бізге келген қонақтармен қоштасайық.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз