Сабақтың тақырыбы: Сын есім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін еске түсіру, тереңдету,бекіту.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын , шығармашылық қабілетін, сауатты әрі көркем жазу дағдысын жетілдіру,есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Өз өлкемізді құрметтеуге,мамандыққа баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат,қайталау
Көрнекілігі: слайд, кестелер, сызбалар.
Әдісі: СТО стратегиялары, жұппен жұмыс, шығармашылық тапсырма.
Көрнекілігі: кестелер, сызбалар
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
Психологиялық дайындық
Өнер алды-қызыл тіл
Анаңдай оны құрметте!
Қажымай,талмай үйрен,біл,
Асылын сөздің өрнекте.
Ана тіл-асыл қазына,
Байлығың-білсең ол сенің.
Жеткізер өмір жазына,
Сонымен өсер өркенің.
ІІ.Ұйымдастыру кезеңі.
1) Кіріспе
-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сын есімді»қайталамыз,оның түрлеріне тоқталып,жаттығуларды орындап сын есімді тауып ажыратамыз.Күш-жігерімізді салып,көңіл-күйімізді көтерейік.Сабақта Қарқаралы өңірінде орналасқан ең биік шың «Жиренсақал» тауына геолог (тау-тасты кезіп қазба байлықтарды іздейді) мамандығы ретінде жұптасып жұмыс жасаймыз ,бір-біріміздің жұмысымызды тексеріп баға қоямызда,мақсатымыз өз қиылымызбен «Жиренсақал »шыңына жету.Ал,жұмысты бастаймыз ба?
-Сын есім дегеніміз не?(Заттың түрін,түсін,көлемін,сипатын,дәмін,исін білдеретін сөздерді сын есім дейміз,олар Қандай?Қай? сұрақтарға жауап береді)
2) Көркем жазу сәті.
Дәптерімізді ашайық ,
Қолға қалам алайық .
Салақтықтан қашайық ,
Көркем етіп жазайық.
IІI. Мағынаны тану
Сын есім (сөздің құрамына қарай екіге бөлінеді)
Негізгі Туынды
Түбір сөзден Жұрнақ жалғану арқылы
жасалған
Қызыл(қарындаш) Тәртіпті(бала)
Үлкен(бөлме) Әнші(қыз)
3) 1-жаттығу
Өлеңді мәнерлеп оқып,талдау жасап жіберу,өлеңнен сын есімді тауып,олардың қайсысы негізгі,қайсысы туынды сын есім екенін айтуып,сөз құрамына талдаймыз.
Негізгі Туынды
көк тәуелсіз, атақты
кең жемісті,шың-құзды
еге жеңісті, жайдарлы,
өрісті, егемен,
ІV. «Есте сақтау» ойыны
4) 2-жаттығу Жұмбақты оқып,жатқа жаз.Шешуін тап
Сырты жасыл,қап-қатты,
Іші қызыл,тәп-тәтті.(қарбыз)-негізгі сын есімдер
Сын есімді тауып,олар заттың қандай белгісін білдіріп тұрғанын айт.Жұмбақтың шешуін табуға қай сөздер көмектесті?
Жұмбақталған зат туралы тағы қандай жұмбақ білесің?
V.Мәтінмен жұмыс
3-жаттығу
Тау жолы.Тар(н.с.е) соқпақпен адамдар ақырын жүріп келеді.Арқаларындаауыр(н.с.е) сөмке,қолдарында ұзын(н.с.е) сапты балғалары бар.Бұлар геологтер.Олар тау-тасты кезіп,пайдалы(т.с.е) қазбалар іздейді.
VІ.Сергіту сәті
VIІ. «Топтастыру» стратегиясы бойынша ой қозғау.
4-жаттығу (ауызша)дидактикалық материал тарату әр оқушыға
VIІІ. Менің бағытым
5-жаттығу
Өлеңнің ішінен түсіп қалған сөздерді орнына қою
Бала тәртіпті ұрыншақ ұстамды ұнамды керіс
ІХ. Үй тапсырмасы: 165бет ,6-жаттығу
Х. Бағалау.Бағаларды сұрау
ХІ.Қортынды –рефлексия
-Сабақта не туралы айтық?
-Қандай жаңа сын есім сөздермен таныстық?(тәуелсіз,егемен , шың-құзды)
Оқушылар, мұғалімдер тақтадағы тауға бүгін сабақта қалайша ұнағанын көрсетеді. ( шыңға-мақсатқа жетті ма)
*Жетпедім десе-таудың етегінде қалады,
*орташа болса-ортасында,
*өте жақсы-шыңға қоясыздар
«Кім жылдам?» ойыны (уақыт қалса)
Төмендегі сын есімдерді жылдың төрт мезгілінің суретінің астына қатыстырып жазу:
Суық, ыстық, ызғар, боранды, батпақты, жаңбырлы, дымқыл, салқын, шуақты, жылы.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі