Өлең, жыр, ақындар

Төрт түлік туралы жырлар

Пәні:                   Ана тілі

Тақырыбы:       Төрт түлік туралы жырлар

Мақсаты:           Төрт түлік мал туралы білімдерін кеңейту.

Міндеттері:        1.  Төрт түлік малдың пайдасын түсінеді.

2.   Төрт түлік малдың адам өміріндегі алатын рөлін, түрлерін анықтай алады.

3. Бірлесіп жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа; төрт түлік малды құрметтеуге үйренеді.

Күтілетін  нәтиже:  1.Төрт түлік мал туралы жаңа  мәлімет  жинақтай алады.

2. Ойын  еркін  және  толық жеткізе  білетін  жеке  тұлға  қалыптасады.

3. Төрт түлікті қалай күту керек екенін үйренеді.

Оқыту технологиясы:   Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; Сыни тұрғыдан сөйлеуге үйрету; Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану; Талантты және дарынды балаларды оқыту; Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу; Оқытудағы  басқару  және көшбасшылық.

Сабақтың  типі:      білім мен білікті   тексеру

Сабақтың  түрі:         аралас  сабақ

Сабақтың  әдісі:     жұппен оқу және талқылау,  бірігіп сурет салу,  автор орындығы.

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:   интерактивті тақта, маркер, А3 форматты қағаздар; слайдты көрсетілімдер, мәтіндік тапсырмалар кестесі, суреттер, киіз үй макеті.

 

Пәнаралық байланыс:  бейнелеу өнері, дүниетану.

Сабақтың жоспары: 

  Блум

 таксоно-

 миясы

         

   Мұғалімнің әрекеті

                            

  Оқушының әрекеті

 

Әдісі

Уақыт

мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсіну

 

 

 

 

 

Қолдану

 

 

 

 

Талдау

 

 

 

 

 

 

 

Жинақтау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

1Ұйымдастыру кезеңі.   Қызығушылықты ояту.

Психологиялық ахуалды анықтау.

-Көңіл-күйлерің қалай?

-Сабақты бастауға әзірміз бе?

-Үй тапсырмаларыңды қолдарыңа алып, шеңбер болып тұрайық.

-Сәлем сөздің анасы,

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

-Сәлеметсіңдерме, балалар!

-Көзімізді бір сәтке жұмайықшы. Жайлауды елестетеміз. (кідіріс жасау)

-Қандай көріністер елестейді?

3- слайд «Жайлау»

-Көздеріңді ашыңдар. Мына жайлаудың суретімен айтқандарыңды салыстырыңдар. Тағы нені атауға болады?

2. Үй тапсырмасын сұрау

-Балалар «Бесік жырын» біз өткен сабақта оқып, талдағанбыз. Үйге қандай тапсырма беріліп еді?

-Шеңбер бойымен 5-6 дан топтасып, орындап келген тапсырмаларыңды талдаңдар. Көңілдеріңнен шыққан тапсырманы оқып беріңдер.

3. Жаңа сабаққа даярлық

 5-слайд - Ж. Жабаев суреті мен «Бесік жырынан» үзінді.

- Жамбыл атамыздың «Бесік жырынан» үзінді оқып берейін.

-Ұйықтасын деп бөбегін,

Домбыраның қос ішегін

Жамбыл бабаң қағады ...

Тербелсін деп бесігің,

Көкте жұлдыз ұйықтады,

Жайлауда жусап мал-дағы,

Мамық жүнді жас лақтан,

Ұйықтап қырда ботақан,

Алтын жалды құлыншақ,

Жұмып көзін бұзауқан,

Сида сирақ қошақан,

Төлдің бәрі ұйықтады,

Ұйықта сен де балақан!

4. Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

-Осы «Бесік жырында» қандай төлдер аталды?

-Бұлар ненің төлдері?

-Қозы ненің төлі? Лақ ненің төлі? Бұзау ше?  Бота ненің төлі? Ал құлын...

-Олай болса, бүгінгі сабақта төрт түлік мал туралы  білімімізді ары қарай кеңейте түсейік. 7-слайд

-Мына киіз үйдің ішінде суреттер бар. Әрқайсысың бір-бірден ала қойыңдар.

Алған суреттері бойынша топтастырып отырғызу.

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс

Төрт түлік туралы жырларды мәнерлеп оқыту.

Сергіту сәті

«Қара жорға» (би ) 8-слайд

Мәтіндік тапсырмалар таратып беру.

 

Топ баяндаушысын «Автор орындығына» отырғызып, баяндату. Слайдтан оларға көмекші құрал ретінде төрт түлік малдың, төлдерінің, иелерінің суреттері көрсетіліп тұрады.

Әр шыққан оқушыға авторлыққа жетелейтін тілектер айту.

 

5. Жаңа сабақты  бекіту

Ой-толғаныс

-Бүгінгі сабақта не өттік?

-Балалар, егер біздің өмірімізде төрт түлік мал болмаса не болар еді?

 

-Төрт түлік мал адамдарда болуы үшін қандай жағдай жасау керек? 16-слайд

 

6. Үйге тапсырма беру

-Балалар, біз төрт түліктің қай түрін өтпей қалдық?

Үйден «Түйе - байлық» тақырыбында эссе жазып келу беріледі. 18-слайд

7. Оқушы әрекетін және сабақ барысын бағалау

Өзін-өзі бағалау: стикерге смайликтің үш бет келбетінің біреуін салу арқылы бағалайды. Оған мына етістіктер көмек береді.

Бағалау критерийлері: 1. Тыңдайды, түсіндіреді, атайды, қолданады, мысал келтіреді, баяндайды, ойды талқылайды, ойлап табады, болжайды, елестетеді, жаңалық айтады.

2. Тыңдайды, түсіндіреді, атайды, мысал келтіреді, ойды таалқылайды, болжайды, елестетеді, жаңалық айтады.

3. Тыңдайды, түсіндіреді, атайды, болжайды, елестетеді.

Топ басшылардың пікірін тыңдау.

 

 8. Кері әсер парағы 19-слайд

  1.Бүгін мен не үйрендім?

2. Маған не ұнады? Не ұнамады?

3. Жаңа сабақ бойынша сұрақ не пікірің...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шеңбер жасап тұрады.

 

2-слайд «Сәлем –сөздің анасы»

 

 

 

 

Сәлемдеседі.

 

 

 

 

 

 

Болжам жауаптар: асқар тау, таза бұлақ, көгорай шалғын, таза ауа, т.б.

 

 

Слайдқа қарап жауап береді.

 

 

4-слайд «Бесік тербеткен ана суреті»

-Үйге баланы қалай жұбатуға болатынын қарастырып келуге берілді.

17 оқушы 3 топ құрайды да тапсырмаларын ортаға салады. Таңдаулысын ортаға шығарады.

 

 

Тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Лақ, ботақан, құлыншақ, бұзауқан, қошақан.

-Бұлар төрт түлік малдың төлдері

- Қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы.

 

 

 

Оқушылар бір-бір суреттен алып, 4 топ құрады да жылқы, сиыр, қой, ешкі суреттері көрсетілген парталарға отырады.

 

«Торы құлын», «Сиыр», «Қой», «Ешкі»

өлеңдерін іштей оқиды, әр топтан бір оқушыдан мәнерлеп оқып  береді.

 

Билейді.

Жұптасып оқиды, талдайды, өз ойларын қоса отырып, бірігіп сурет салады. Әр топ баяндаушы даярлайды.

9-слайд (дыбыстарымен)

  1. Жылқы тобы
  2. Сиыр тобы
  3. Қой тобы
  4. Ешкі тобы

10-слайд  «Автор орындығы»

11-14 слайд суреттер (жылқы, сиыр, қой, ешкі)

 

15-слайд   -бәрі бірге

-Төрт түлік мал туралы

- Ет, сүт тағамдары болмас еді. Жылы киімдер болмас еді. Ерте кездегі адамдардың бір-біріне қатынауы қиын болар еді. , т.б.

-Жылы қора, мая-мая шөп, дұрыс күтім, т.б.

 

-Түйе 17-слайд

 

 

 

 

 

 

Өзін-өзі бағалайды.

 

 

Кері байланыс парағын толтырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Визуалды  оқу

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтық жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағытталған оқу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6-слайд

«Сәйкестендір»

 

 

 

 

Топтастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұппен оқу, талдау. Бірігіп сурет салу.

«Автор орындығы»

 

 

 

 

 

 

 

 

Жинақтау сұрақтары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

 

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

1

 

5

 

 

10

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

1

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз