Атырау облысы Индер ауданы Елтай ауылы.
"Қызғалдақ" мектепке дейінгі бөбекжайы
Тәрбиеші: Аяпбергенова Райхан Балтабаевна
Мақсаты: Әкелер мен балалар арасында жағымды жағдай орнатып, бір–біріне деген сүйіспеншілік пен тығыз қарым–қатынас қалыптастыру. Мереклік көңіл–күй сыйлап, баларды сахна мәдениетіне тәрбиелеу.
Ортаға бүлдірдіршіндерімізді шақырайық!
Фарида Жолдасованың әнімен балалар кіреді.
Жүргізуші: Назар аударыңыздар! Назар аударыңыздар! Балалар бүгін бізде ерекше күн біз сендердің әкелеріңді мерекелерімен құттықтауға шақырдық.
Әкешім асқар тауым мақтанышым
Шуақты ақ ізіңе бақ дарысын
Сана боп ұл-қызыңа қамқор сыйлап
Орындалсын бар тілегіңіздің, батаңыздың.
Бақ сыйлар балғын бала шағымызда
Ақ папа сіз биік нарымызда.
Әкешім 100 жасаңыз, күліп-ойнап,
Аяулы анамызбен жанымызда.
Ортада: «Қошақаным» әнімен Айсана, Шұғыла, Балауса, Айназ, Айзере тыңдайық.
Жарайсыңдар Балалар!
Хор: «Біз өмірдің гүліміз»
Балалардың тақпақтарын құттықтау – тілектерін тыңдайық:
Ортада: Расул, Айзере, Мансур, Санжар, Айсана, Айбибі
Расул: Талай, талай істерде
Үлгі болар біздерге
Әкем менің осындай
Айзере: Аға деген, іні деген
Бір–біріне туысқан
Аға деген, іні деген
Жаралғандай құрыштан.
Мансур: Үнемі ақыл беретін
Мен үшін әкем байтерек.
Әкемнің алып тәрбиесін,
Азамат болып өсемін.
Санжар: Асқар тауым мақтанышым.
Әкешім, әкетайым, ақылшам
Айсана: Қыс келісімен күн қызып,
Машинасын жүргізіп
Барлық көрші баланы
Маған қоса міңгізіп.
Аралайтын даланы
Қыдыртатын қаланы,
Әкем менің осындай.
Айбибі: Күнде мені таңертен
Апаратын бақшаға
Қасымда бірге болатын.
Атам менің жақсы адам
Жүргізуші: Өздерінің әсем билерімен ортаға қыздарымызды шақырайық.
Би: Шырша
Балалар бүгін ортамызға әкелеріміз, аталарымыз және ағаларымыз келім жатыр екен. Қане олармен бір ойын ойнайық.
Ойын: «Кім шапшаң?»
Ата–аналар шар үріп жарысады. Уақыты белгілеу үшін құм сағатты қолднамыз.
Жарайсыздар! Мінекей біздер осындай шапшаң, күшті болуымыз керек.
Хор: «Топ, топ балақан»
Жүргізуші: Кезекті балалардың тақпақтарына береміз.
Ортада: Ерқанат, Әсемай, Шұғыла, Айдын, Әкежан
Ерқанат: Қарағанда басқаға
Қызықты көп айтатын
Күнде ертемен бақашаға
Мені апарып тастайтын
Әкежан: Ақылды қария-ағып жатқан дария
Әсемай: Атаңның баласы болма
Адамның баласы бол
Шұғыла: Әкем меніңардақты
Алтыннан да салмақты
Әке деген дана ғой
Өзі маған пана ғой
Айдын: Адам болатын бала, алысқа қарайды
Әуенді қимылды жаттығу: «Біз көңілді қуыршақпыз»
Жүргізуші: Балалар әкелермен тағы бір ойын ойнаймыз ба?
Балалар: қуана қуана - Ия
Ойын: «Кімнің тұлпары жүйрік»
Ойынға екі, үш бала шығады, олардың әкелері немесе ағалары олардың тұлпары болады. Балалар тұлпардың арқасына отырып. Белгіленген жерге дейін. Бір–бірімен жарысады.
Балалардың тақпақтарын тыңдайық.
Ортада: Айназ, Ислам, Мүслим, Балауса,
Айназ: Әкетайым, әкешім
Жақсы көрем мен сізді
Құрметтеп мәңгі өтемін
Мәпелеген өзімді
Ислам, Мүслим: Өз білмегеніңді кісден сұра,
Үлкені жоқ болса, кішіден сұра
Балауса: Ерте кетіп жұмысқа
Үйге кештеп қайтатын
Болған күндіз құрылыста
Қызықтарды айтатын
Ортада әкелер биі: «Әкемен–қыздары»
Балалардың сыйлығын қабыл алыңыздар! Балалар сыйлықтарын береді.
Жүргізуші: «Енді мына тақтаға назар аударайық»
Балалардың әкелерімен аталарымен түскен суреттерін көрсету.
Бала тәрбиесіне ана – ғана емес, сонымен қатар алып әкелеріміздің тәрбиесі өте маңызды.
Ер баладардың орындауында: «Көңілді би»
Ата–аналарға сөз кезегін ұсыну:
Балалабақша меңгерушісі: Дәмелі Әнуарқызына құттықтау сөз беру:
Асқар таудай әкем – бақытымсың, бағымсың,
Өмірдегі, төрімдегі тағымсың!
Құтты болсынбгінгі мерекеңіз,
Сағынышым, қуанышым, асқар шың.
Тілейміз біз таусылмайтын төзімді,
Тілейміз біз сарқылмайтын сезімді.
Денсаулығың мықты болсын, жан әке
Құттықтайды ұл-қыздарың өзіңді.
Өмір-өзен жақсылығын жалғасын,
Тіршілікте сәттіліктер қолдасын,
Жанұямен мақтанамыз қашанда,
Құрметті ата–аналар! «Балапан» І – кіші тобының ертеңгілігі аяқталды. Балалардың былдырлаған тіліне, қимылдаған әрбір қозғалысына, әкенге қосылып үн қатқандары қандай тамаша. Осындай жақсы кездесулер бола берсін. Сау болыңыздар!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі