Өлең, жыр, ақындар

Менің көлігім

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы
№121 Құсмұрын орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қойшыбаева Ғалия Төкенқызы

Сынып: 6 сынып

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Менің көлігім

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік. Көліктің түрлеріне байланысты жаңа сөздермен танысу, мәтінмен жұмыс жасау, күрделі сан есімдерді қайталау, күрделі сөздерді еске түсіру арқылы білім алушылардың білімдерін тереңдету.

Дамытушылық. Білім алушылардың қазақша сөздік қорларын байыту, ауызша-жазбаша сөйлеу дағдыларын әрі қарай дамыту, ойлау, өз ойын қазақша жеткізе білу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік. Білім алушыларды көлік түрлерін жете түсіне білуге баулу арқылы жол жүру ережелерін сақтауға, қауіпті жағдайларды туғызбауға үгіттеу, тіл алғыш және ұқыптылық қасиеттерін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрсіз Сабақ түрі: Жарыс сабақ.

Сабақта қолданылатын әдістер мен тәсілдер: сұрақ-жауап, қайталау, аудару, мәнерлеп оқу, салыстыру, тексеру, өзін-өзі тексеру, өзін-өзі бағалау, монолог, диалог, суреттеу, мәнерлеп сөйлеу.  

Сабақта қолданылатын жұмыс түрлері: жекелей, жұппен, топппен.

Сабақтың өту барысы 

Ұйымдастыру кезеңі.

Білім алушылармен амандасу, сабаққа деген даярлықтарын тексеру, назарларын сабаққа аудару жұмыстарын жүргізу.

Психологиялық даярлық. 

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

Балаларға шығармашылық тапсырмалар берілген болатын, әр баланың даярлап келген жұмбақтары мен өлеңдерін, мақал-мәтелдері, әңгімелерін тыңдау, мадақтау.         

- Балалар, күнделіктерімізге, жаңа сабақты бастамас бұрын үй тапсырмасын жазып алайық.  “Менің сүйікті көлігім” тақырыбына

эссе жазу.

Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Біз бүгін сабақты жарыс түрінде екі топқа бөліну арқылы өткіземіз. Топ атауларын сіздер таңдайсыздар. Балалар өз топ атауларын атайды.  Бірінші топ – «Тұлпар».  Екінші топ – «Сұңқар».

Тіл дамыту жұмысы. «Тұлпар» тобына сурет беріледі. Автобус суреті. Келесі сұрақтар беріледі, олар әрбір сұраққа толық жауап берулері керек. Тапсырма дұрыс орындалса – жетон ретінде бір смайлик беріледі.

Сұрақтар:  Мынау не? Автобустың көлемі қандай? /үлкен, орташа, кішкентай/ Автобустың түсі қандай? /қызыл, жасыл, көк және т.б. түстер/Автобустың жылдамдығы қандай? /жылдам, баяу, ақырын, қатты, тез жүреді және т.б./Автобусты кім басқарады? /жүргізуші/  Автобусты кімдер қолданады? /адамдар/

«Сұңқар» тобына сұрақтар:

- Мынау не?

- Пойыз неден жасалған? /темірден/

- Пойыздың көлемі қандай? /үлкен, ұзын,орташа, әр түрлі/

- Пойызда, шамамен, неше вагон болуы мүмкін? /жиырма екі, отыз үш – әр түрлі/

- Пойыз қандай жолмен жүреді? /темір жолмен/

- Пойыздың ішіндегі мамандықтар және жұмысшыларды атаңыздар / машинист, машинист көмекшісі, жолсерік, аспаз, еден жуушы және т.б./

Венн  диаграммасын жасату. Салыстыру, өз пікірлерін жеткізу арқылы сөздік қорын және тіл мәдениетін дамыту.

 

Жаңа тақырыппен жұмыс жасау бөлімі.

Жаңа сөздермен жұмыс.

Қазіргі кезде көліктің барлық түрі дамыған. Еліміздің дамығандығы соншалық, әуе жолы арқылы жолаушыларды тасымалдау кеңінен таралған. Ұшақ, тікұшақ және олардың түрлері. Әсіресе жеке компаниялар саны өте көп. Ұшақпен ұшу жылдам. Ұшақтың ішінде ұйықтауға, тамақ ішуге, қағаздар жазуға, компьютермен жұмыс жасауға болады. Баратын жерге тез жетесің. Ұшақтар  кезек-кезек ұшады. Ұшақтың билет бағасы шамамен жиырма бес-отыз бес мың теңге болады.  Ауа райына байланысты ұшақтар анда-санда тоқтатылады. Көптеген адамдар темір жол тасымалын таңдайды. Ұшақта отырып ұйықтасаң, пойызда жатып ұйықтайсың. Қазіргі заманауи пойыздар көптеген жаңашыл өзгерістерге толы. Әрбір вагон ішінде ауа райын, күн мен айды, сағатты уақытылы және дұрыс көрсетеді. Әуе жолы және темір жол арқылы тасымалданатын көлік түрлері өте ерекше. Құсмұрында  автобуспен де, пойызбен де жолаушыларды тасымалдау жұмысы жақсы деңгейде. Жол жүру құны, шамамен, бір мың екі жүз-бір мың бес жүз теңгені құрайды. Пойыздар өте-өте көп өтеді. Құсмұрынды басып өтетін ұшақтар да өте көп. Көлікке отырар алдында барлық қауіпсіздік ережелерін сақтаған дұрыс.

Мәтінмен жұмыс түрлері:

Өзім оқып беремін;Екі топқа теңдей қылып бөліп беру;Әр топтың өздеріне жекеленген тапсырмалар беру.

Сабақтың қорытынды кезеңі.

-Балалар, үй тапсырмасын біз жаздық. Ол түсінікті.

Бүгінгі сабақ барысын екі топтан бір-бір баладан шығып, қорытынды жасасын.

«Тұлпар» тобы

«Сұңқар» тобы. Әр топ өз ойларын айтады.

Бағалау сәті. Мұғалім топ белсенділерінің көмегімен смайликтерді жинап, екі топқа жалпы баға қояды. Ал жеке оқушыларға сабаққа қатысқандарына байланысты, әділ бағасын береді.

- Балалар, сабақ аяқталды, сіздерге көп рахмет. Сау болыңыздар!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер