№93 В. Терешкова атындағы жалпы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Қалдыбай Аягөз Ахметқызы
Пәні: математика Мектеп: № 93 жалпы орта мектеп |
||||
Күні: 31.01.17 ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Қалдыбай А.А. |
|||
Сынып: 1 «Б» |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||
Тақырыбы: |
Тура және тура емес теңдіктер |
|||
Оқу мақсаттары |
1.2.2.1 теңдікті, теңсіздікті, теңдеуді білу; дұрыс және бұрыс теңдікті ажырату 1.5.2.2 «+», «-», «≠», «=», «>», «<» белгілерін/ цифрларды /белгісіз санның символын қолдану |
|||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: |
|||
Теңдікті және теңсіздікті, теңдеуді біледі; |
||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: |
||||
Тура және тура емес теңдікті ажырата алады; |
||||
Кейбір оқушылар орындай алады: |
||||
“+”, “-”, “=”, “≠”, “>” , “<” таңбаларын, белгісіз сан таңбасын (□) қолдана біледі. |
||||
Тілдік мақсат
|
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: тура теңдік, тура емес теңдік |
|||
Талқылауға арналған сұрақтар: — Теңдікті жазу үшін қандай белгіні қоямыз? (“=”) — Теңсіздікті жазу үшін қандай белгіні қоямыз? (“≠”) |
||||
Бағалау критерийлері |
Теңдік пен теңсіздікті ажырата біледі; Теңдік пен теңсіздікті жаза біледі. |
|||
Жоспар |
||||
Жоспарланған уақыт есебі |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||
Басы 5 мин |
Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру Шаттық шеңбері Армысың досым, ОМ анықтап алу Бүгін сабақта сендербелгісіз санды көрсететінбелгісін қалай қолданатыныңды үйренесіңдер |
|
||
Ортасы
10 мин
Айтылым
|
Кіріспе тапсырма. Топтық жұмыс. Мысалы, егер оқушыларға 17 + 2; 18 – 4 парақшалары түссе, ол мына үлгіде салыстырылады: 17 + 2 > 18 – 4. Егер 15 – 3; 10 + 2 өрнектері бар парақшалар түссе, олар былай салыстырып жазады: 15 – 3 = 10 + 2. Барлық оқушылар өрнектері бар парақша жұптарын алып, салыстырған соң бір-бірінің жұмыстарын тексереді. Оқушыларға құрастырған өрнектерін қайтадан оқып, олардың теңдік не теңсіздік екенін анықтауды сұраймын. Саябақта. Оқулықта бейнеленген сурет бойын ша велосипедтегі және шанадағы балалардың санын анықтап салыстыруды тапсырамын. Оқушылар тек балалардың санын ғана салыстырып қоймай, бөліктермен қоса санайды. Мысалы,үш бала болды, тағы төрт бала келді немесе жеті бала болды, төрт бала кетіп қалды. Оқушыларға сурет бойынша шағын мәтін құрастыруды тапсырамын. Бұл жұмыс түрі есеп шығаруға дайындық болады. Оқушыларға санды теңсіздіктерді салыстырып, оларды ажыратады. Жауабы: а) 1 + 4 < 3 + 4 — бұл теңсіздік; ә) 5 – 2 < 7 – 3 — бұл теңсіздік; б) 5 – 3 = 7 – 5 — бұл теңдік. Шығарып көр. Топпен жұмыс Санды өрнектерді салыстырып, оларды қандай 3 топқа бөлуге болатынын сұраймын. Оқушыларға бұл тапсырманы қалай орындайтынын айтуға мүмкіндік беремін. Мысалы, олар оны бірінен кейін бірі жалғастырып орындауы немесе барлық тапсырманы жеке орындауы мүмкін. Өзара тексеру жасауға мүмкіндік беремін. Жауабы: үш қате: 20 + 40 = 70 – 30; 15 – 3 ≠ 16 – 4; 11 + 0 = 14 – 0.
Орындап көр. Тапсырманы жұппен орындайды. Сурет бойынша саябақ жолдарының сызбасы қан дай геометриялық фигуралар беретінін айту керек. Санды теңсіздік құрастырып, берілген жолдардың ұзындығын салыстыруды тапсырамын. Жауабы: 20 дм + 20 дм + 20 дм + 20 дм< 30 дм + 30 дм+ + 30 дм; 80 дм < 90 дм.
Ойлан. Оқушыларды топтарға біріктіремін. Бірнеше амалдармен берілген санды өрнектерді салыстыру тәсілін табуды ұсынамын. Оқушылардың топта ақылдасуына мүмкіндік беремін. Олардың жауаптарын тыңдаймын. Екі амалмен берілген санды өрнектердің мәнін есептеу міндетті емес. Салыстыратын өрнектердің құрамындағы бірдей сандарды сызып тастап, қалған сандарды салыстыруға болады. Мысалы, 1 + 2 + 3 * 1 + 2 + 4; 3 < 4, яғни 1 + 2 + 3 < 1 + 2 + 4. Жауабы: 10 + 20 + 40 * 10 + 20 + 50, 40 < 50, яғни 10 + 20 + 40 < 10 + 20 + 50. |
|
||
Сергіту сәті 2 мин |
Билету |
Бейнеролик |
||
Соңы Жазылым.
15 мин.
|
1-тапсырма. Шытырманнан жүріп өт. Оқушылар санды өрнектерді салыстырып, тиісті белгіні қояды. Барлық өрнектердің ішінен санды теңдіктерді тауып, қоршап сызады. 2-тапсырма. Салыстыру белгілерін қой. Санды өрнектерді салыстыр. Теңдіктерді анықтап, « » белгісімен көрсет. 16-6____18-7 10+4+3______10+3+4
17+2____19-0 3+7+0_______6+0+4
18-5____11+4 6-4-2 ________8 – 2 – 5
3-тапсырма. 4 санды өрнек құрастырып жаз. Оларды екі–екіден салыстыр. |
Жұмыс дәптері 25-жұмыс парағы
26-жұмыс парағы
|
||
Бағалау
3 мин |
Бүгін сабақта сендер не үйрендіңдер? Кері байланыс:
ҚОЛЫМНАН БӘРІ КЕЛДІ
Бәрін үлгермедім, бірақ ...
Қолымнан ештеңе келмеді |
|
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі