Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шырын ауылы
«Шырын орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
педагог-психологы Махпирова Дилбирим Талипжановна
Психологиялық сабақ (11 сынып)
Тақырып: «Өмір - шексіз керуен»
Мақсаты: оқушыларға өмір және өмір құндылықтары туралы түсінік бере отырып, өмірді бағалай білуге үйрету
Міндеттері:
- өмір және өмір құндылықтары туралы түсінік беру;
- өмірді бағалауға үйрету, өмірдегі кездесетін қиындықтарды уақытша деп түсінуіне ықпал ету;
- адамгершілікке, сүйіспеншілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Әдістері: сұхбат, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, бейнематериал бойынша жұмыс.
Көрнекіліктер: интерактив тақта, плакаттар, ватман, нақыл сөздер.
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы назарын аудару. Тыныштық сәті. Жағымды музыка қойылады. «Нұрға бөлену» тыныштық сәті өткізіледі
«Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.
2. «Өмірдегі мен үшін маңызды нәрселер» оқушылар парақтарға өзі үшін маңызды деп есептейтін құндылықтарды жазады (отбасы, жұмыс, бауырлары, достары, ақша, туған туыстар т.б.). Жұппен жұмыс жасауға болады. Жазған постерлерін қорғайды, пікірлерімен бөліседі.
3. Өмір туралы дәйек сөздерді, мақалдарды мысал келтіру және талқылау жұмыстарын жүргізу. Әр оқушы белгілі бір дәйексөзді таңдап алады және өз ойларымен бөліседі.
а) Өмір - бұл қазір. Ол «кеше» немесе «ертең» емес.
б) Өмірге наразылық танытқанша, мәнді өмір сүруге ұмтылыңыз
в) Бұл өмірде жалғыз бақыт – тоқтаусыз алға қарай талпыну.
г) Егер өміріңізде қиындық орын алса, оның себебін өзіңізге түсіндіріңіз – сонда жүрегіңіз тынышталады.
4. Жағдаятты тыңдап көріңіздер.
«Баяғыда бір өте зұлым, қатыгез, улы жылан болыпты. Бірде ол бір данышпанды кездестіріп,оның мейірімділігіне қайран қалып,өзі де мейірбан болып өмір сүруге бел байлапты. Бірақ оның енді улы емес екенін естіген халық оған тас лақтырып, мазалап есін шығарыпты. Бұл кезең жылан үшін өте ауыр кезең болыпты. Сосын жаңағы данышпан жыланды көріп,оның жалынышты назын тыңдаған соң айтыпты: Қымбаттым мен сені адамдарға енді қиянаттың өтіп оларға ауыртпалық тигізбеуін сұрадым, бірақ мен ешқашан саған дауыс шығарып оларды қорқытпа деп өтінген емеспін» деген екен.
Имандылық жағы: Адамға немесе қасыңа өзің үшін тұра алатыныңды және зұлымдыққа қарсыласса алатындығыңды көрсетіп дауыс шығарудың еш артығы жоқ. Зұлымдыққа зұлымдықпен жауап қайталамай, оған қарсы тұруға үйренуге болады.
Оқушылар пікірін тыңдау. Оқушылар ой-пікірлерімен бөліседі, қорытындылайды.
5. Психологиялық жаттығу «Мен келешекте»
Мақсаты: Болашақты жоспарлау, қиялдау арқылы құрастыру және оның осы шақпен байланыстыру.
Жағымды музыка қойылады. Оқушылар көздерін жұмады, мұғалім дауысын тыңдап отырады. «Келешегіңізді елестетіңіз, сіз үлкен өмірге қадам бастыңыз. 5 жылдан кейін сіз қалай өзгердіңіз? Сіздің өміріңіз қалай өзгерді? Қандай мамандық иесі болдыңыз? Қай жерде жұмыс істейсіз? Сіздің қасыңызда кімдер бар? Сіз отбасылы болдыңыз ба?»
Соңында оқушылармен әңгіме жүргізіледі. Әр оқушы пікірін тыңдап төменгі сұрақтарды қоюға болады.
1. Сізге болашағыңыз қалай көрінеді?
2. Болашақта қандай мақсатыңыз бар?
3. Нені армандайсыз?
4. Болашақтан қорқасыз ба?
Кейін жаттығуды ортақ талдауға көшу керек: не ұнады, не ұнамады. Жаттығуда қандай әрекеттерді орындау жеңіл және қиынға түскендігі туралы айтып береді.
6. Оқушылар назарына бейнефильм ұсынылады
«Ник Вуйчич- интервью». Оқушылар бейнематериалды тамашалап болғаннан кейін ойларымен бөліседі. Мұғалім оқушы жауаптарын тыңдап, оларды толықтырып, қорытынды шығарады.
Соңында рефлексия жүргізіледі.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі