ОҚО «Түлкібас» ауданы Састөбе поселкесі МКҚК «Қарлығаш» балабақшасы
Тәрбиеші: Исабекова Бибинур Бейсенбаевна
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні: 20.02.2018ж
Білім беру саласы: «Таным»
Білім бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: «Бауырсақпен көңілді саяхат»
Мақсаты: Балалардың алған білімдерін тиянақтау.геометриялық пішіндерді ажырата отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуге, заттарды салыстыруға ,кеңістікті бағдарлай білуге үйрету есте сақтау, қабылдау, ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту.
Әдіс тәсілдері: Сұрақ жауап; «Бауырсақ» ертегісінің желісі бойынша саяхат, дидактикалық ойындар, тапсырмалар, үлестірмелі материалдары. Математикалық монтесори материалдары.
Көрнекіліктер: «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлері, жұмсақ ойыншықтар, ертегі желісіне жасалған алаңқай табиғаты.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс -әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңбері Үлкенге де «сіз» |
Балалар шеңбер құрып, сөздерді қайталап, сәлемдеседі.
|
Ұйымдастырушы ізденушілік
|
Балалар сендер саяхатқа шыққанды жақсы көресіңдер ме? Ал,саяхатқа қандай көлікпен баруға болады? Сендер саяхатқа жалғыз барғанды ұнатасыңдар ма, әлде достарыңмен бе? Олай болса мен сендерге жұмбақ жасырамын. Оны біз танимыз. Егер тапсаңдар, сол досымызды ертіп аламыз. Қашып кеткен атадан. Шешуі: (бауырсақ) Дұрыс айтасыңдар.олай болса біз «Бауырсақпен көңілді саяхатқа шығамыз» Бауырсақ: Сәлеметсіңдер ме балалар! (Бауырсақ ертегісі туралы сұраймын) Ал,балалар,саяхатқа пойызбен баруды ұсынамын,пойызға отыру үшін бізге не керек? Балаларға геометриялық пішіндердің суреті бар карточкалар,яғни билеттерді таратып беремін.Кімнің билетінде қандай пішіннің суреті бар? және түсінің қандай екенін сұраймын. Музыка әуенімен саяхатқа аттанамызБалаларға оң және сол жақ қолдарын бұлғап отыруға тапсырма беремін. Пойыздан түсіп орманға келгенімізді хабарлаймын.Балалар бауырсақтың алдынан бірінші кім шығады? Иә домалайды,домалайды.Алдынан қоян шығады.Қоян қайда тіршілік етеді? Қоян не дейді? Ал бауырсақ не деп жауап береді? Қоян бізге тапсырма дайындап қойыпты. Егер біз тапсырманы орындасақ бауырсақты жемеймін дейді. Конверттегі сұрақты оқимын. -Мына жерде неше шырша өсіп тұр? -Ал олар бірдей ма? -Иә биік,орташа және аласа
-Ал шыршалардың астында не өсіп тұр? -Иә олар қаншау екен?,санаңдаршы, -Үлкен шыршада неше саңырауқұлақ өсіп тұр? -Ал кішісінде? -Ал олар тең болу үшін не істеуге болады Ойын: «Жасырынбақ» -Ал ендеше алып қосып көрелік. Ал,қоян бауырсақты жібересің бе? Қоян:Иә Одан домалап,домалап,кірпіге жолығады. Мен сені жеймін дейді. Ал қоян не дейді? Кірпі : Маған өлең керек емес, менің тапсырмамды орындасаң,мен сені жемеймін,жіберем, дейді. Ал балалар тапсырманы орындап бауырсақты аман алып қаламыз ба? «Не артық» дидактикалық ойыны. Пішіндерді атап салыстыру. Ал кірпі біз сенің тапсырмаңды орындадық,бауырсақты жібер. Кірпі:жарайды. Домалап,домалап келе жатып аюға тап болады.Алдынан аю шығады. Аю:Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін Бауырсақ: Мені жеме мен саған өлең айтып беремін дейді. Аю:Жо-жоқ қоян .Маған өлең керек емес .Менің тапсырмамады орындасаңдар бауырсақты жіберемін, дейді.Ал балалар,бауырсақты құтқарамыз ба? Балаларды 3 топқа бөліп тапсырмаларды беру,түсіндіру. 1. «Сыңарын тап»! ойыны. 2. «Қатарды аяқта!»ойыны 3. «1 ден 5ке дейінгі сандармен тізбек құру.» жарайсыңдар олай болса келіңдер. Ал балалар аюдың тапсырмасын орындадық,бауырсақты жібересіз бе аю? Аю:жарайды,жіберемін.Бауырсақ домалап келе жатып алдынан не шығады? Түлкі қандай? Түсі қандай Түлкі:Сәлем бауырсақ! Жүзің қандай шырайлы, Маған қатты ұнайды Қарнымның ашып тұрғаны Сені жеп алсам болғаны.-дейді Бауырсақ не дейді? Түлкі :маған ән керек емес,менің сұрақтарыма жауап берсең мен сені жемеймін дейді. -Балалар бауырсақты құтқарайық Түлкінің сұрақтарына жауап берейік 1. Екі қоянда қанша құйрық бар? 2. Шеңберде неше бұрыш бар? 3. Таңертең балалар балабақшаға келеді. 4. Жазда қар жауады? 5. Үстелде неше аяқ бар? 6. Күндіз ай жарық шашады 7. санамақ білесіңдер ме? 8. 1-5ке дейін тура және кері санай аласыңдар ма? Ал түлкі жібересің бе бауырсақты? Түлкі:ия жіберем Бауырсақ: Алақай! Алақай. Балалар жарадыңдар сендер.Бауырсақты құтқардыңдар.Енді Бауырсақ атасы мен іәжесіне барады.Бауырсақ сендерге рахметін айтып жатыр. Біз өйткені бауырсақты маман алып қалдық. |
- иә
- машинамен, автобуспен,пойызбен, Ұшақпен, кемемен. - Достарымызбен
-Бауырсақ
Сәлем бауырсақ
-Билет керек.
Балалар өз билеттеріндегі суреттерді атап көреді.
-қоян Орманда
-Мен сені жеймін -Мені жеме мен саған Өлең айтып беремін.
-үшеу -жоқ Біреуі үлкен, Екінші орта Үшінші кіші Саңырауқұлақтар -төртеу -үшеу -біреу -Үлкен шыршадағы бір саңырауқұлақты алып кіші шыршаға беру керек. -Тең бірдей болды.
Мені жеме мен саған өлең айтып беремін дейді.
-Иә Балалар сұрақтарға жауап береді.
Иә құтқарамыз.
Балалар тапсырманы орындайды.
Түлкі -қу Қызғылт сары
Мені жеме мен саған өлең айтып беремін дейді.
2 Жоқ -иә -қыста жауады. -4 -Түнде -Иә -Санап береді. |
Рефлексиялық түзетушілік |
Ал енді тобымызға оралайық. - Біз қайда саяхатқа бардық? - Орманда не көрдіңдер? Иә біз пішіндерді атадық, түстерді ажыраттық, санадық, сұрақтарға жауап бердік. Жарайсыңдар! Бүгін сендер өте ақылды,тапқыр болдыңдар.Достарыңа көмектесіңдер.әрқашанда осындай ақылды, білімді,әдемі болып өсе беріңдер. |
Бауырсақ ертегісіндегі аңдарды атайды. - Балалар Сұрақтарға жауап береді. Балалар өздерінің жасаған істеріне қуанады, достық сезімдері қалыптасады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ертегі желісі бойынша саяхаттауды,тапсырмаларды орындауды біледі.
Түсінеді: Жалпы қарапайым математикалық ұғымдары қалыптасады.
Бір, көп, биік, аласа, оң жақ, сол жақ, уақытты, кеңістікті бағдарлау.
Орындайды: Заттарды салыстыруды, санауды, атауды біледі. Бауырсаққа көмектесе отырып, достық, адамгершілік қасиеттері дамиды.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі