Өтешова А.Қ.
Шымкент қаласы № 31 В.Терешкова
атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының өлеңдері.
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың көрнекілігі: Махамбеттің суреті, тірек кесте буклет, тест па-рақтары, плакат, көркем әдебиеттер, газет-журнал материалдары, семантика-лық карта, т.б.
Сабақтың типі: Бекіту сабағы.
Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ.
Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу.
Пәнаралық байланыс: тарих, география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқу құрал-дарын даярлау, жаңа сабаққа назарларын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Сұрақ-жауап әдісі бойынша Махамбет туралы не білетіндіктерін сұрай-мын.
Өткен тақырыптарды пысықтау мақсатында Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылық қызметі жайлы тест сұрақтарын таратып беремін.
Тест жұмысы. Жауап кілті тақтаға ілініп, тексеріледі. Бағалау крите-рилері бойынша оқушылар бірін-бірі бағалайды. Бағаларын бағалау кестесіне қояды.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Сабақ жоспары:
Жаңа саақтың тақырыбы мен мақсатын айтып, тақтадағы плакатқа түсірілген тірек кесте бойынша Махамбеттің ерлікке, елдікке шақыратын және Исатайға арналған өлеңдеріне тоқталамын.
Махамбет Өтемісұлының өлеңдері.
Талдау:
Махамбет өлеңдерінің тақырыбы, мазмұны
идеясы, көркемдік ерекшеліктері.
|
Ерлікке, елдікке Исатайға шақыратын арналған
«Мұнар күн» «И. деген ағам бар» «Ұлы арман» «Арғымаққа оқ тиді» «Біртіндеп садақ «Тарланым», «Соғыс» асынбай» «Мінген ер», «Мінгені «Ереуіл атқа ер И-дың Ақтабан-ай» салмай» «Исатай сөзі» «Жалғыз дүние» «Арыстан одан кім «О, Нарын!» өткен?»
|
Күрделі мәселе:
Елдегі әділетсіздік. Батырдың аңғалдығы. Исатай қазасы. |
Әсер етуші факторлар: Халық қамы, ел жағдайы. Үстем тап өкілдерінің зорлығы.
|
Тәжірибе:
|
А) Жаңа сабақты пысықтау үшін: Шаруалар көтерілісінің шығу себептері, көтерілістің мақсат-мұраты ақынның қандай шығармаларында көрінгендігін, сол шығармаларына сүйене отырып талдау жасаймыз.
Ақын шығармаларында Исатай бейнесі қалай сомдалғандығы жөнінде айту. Өлеңдеріне талдау жасай отырып, Махамбет романтизімнің ерекшелік-терін айтып беру.
Жырларда Махамбеттің өз тұлғасы қалай көрінгендігін айту.
М. Өтемісұлы шығармаларының тақырыбы, жанры және маңызы жай-ында айтып беру.
Ә) Тіл дамыту үшін. Және сергіту мақсатында ерлік, батырлық туған жер туралы мақал-мәтелдер айтқызу. Ол үшін арнайы дайындалған семан-тикалық карталарды әр-топқа бір-бірден үлестіріп беремін де, берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тапқызамын.Балалар мәнерлеп оқып, мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп шығады.
Семантикалық карта №1
Мақалдар |
Көлінен безген қаз оңбас. |
Ер үйірін сағынса, айыл-тұрман тағынар. |
Өз жеріңдей қайда бар. |
Сайының тасы болайын. |
Пәлен жерде пайда бар, |
|
|
|
|
Өз елімнің басы болмасам да, |
|
|
|
|
Елінен безген ер оңбас, |
|
|
|
|
Ат үйірін сағынса, Артқы аяғын қағынар. |
|
|
|
|
Семантикалық карта №2
Мақалдар |
Би басына дау келсе, билігі кетер басынан. |
Құс жаңылып торға түсер. |
Ер жарасыз болмас. |
Шешен тар жерде сөз бастайды. |
Ел шарасыз болмас, |
|
|
|
|
Батыр мың қол бастайды, |
|
|
|
|
Ер басына дау келсе, ерлігі кетер басынан. |
|
|
|
|
Ер жаңылып қолға түсер, |
|
|
|
|
Семантикалық карта № 3
Мақалдар |
Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерміз. |
Арыстан болсаң жау үшін. |
Тәуекел ет те тас жұт, |
Арғымақ аттың құйрығы, әрі жібек, әрі қыл, |
Түлкідей болсын әдісің. |
|
|
|
|
Ер жігіттің белгісі, әрі мырза, әрі құл. |
|
|
|
|
Батырсынған жігітті, жау келгенде көрерміз. |
|
|
|
|
Ажал жетпей өлмек жоқ. |
|
|
|
|
ІІІ. Өзіндік жұмыс. Махамбет Өтемісұлының өлеңдерін мәнерлеп оқу, жатқа айту.
IV. Ой толғау мақсатында патриоттық тақырыпта «Бес жолды» өлең жазу.
V. Шығармашылық жұмыс: «Ер қандай болу керек?» деген тақырыпта эссе жазғызу. Шектеулі уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде оқушылар өз ойларын хатқа түсіреді. Уақыт біткен соң жазған эсселерін оқыту, бағалау.
VI. Жаңа сабақты сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытып, бекіту.
VII. Үйге тапсырма беру: Махамбеттің өзіңе ұнаған 10 өлеңін жаттап кел.
VIII. Оқушылардың білімдерін бағалау. Бағаларын күнделіктеріне, журналға қою. Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды мадақтау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі