№16 «жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Cабақтың тақырыбы: Жоғары жылдамдықпен 30 метрге, 60 метрге жүгіру
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Қамбаров Ерлан Үсенұлы
Шымкент қаласы
Мерзімі: 24.04.2013 жыл
6 «А» сыныбы (қыздар)
«Егер күшті болғың келсе – жүгір, егер ақылды болғың келсе – жүгір, егер әдемі болғың келсе - жүгір»
Ежелгі грек мақалы
Cабақтың тақырыбы: Жоғары жылдамдықпен 30 метрге, 60 метрге жүгіру
Сабақтың мақсаты:
Білімді қалыптастыру, оқушыларды біліммен хабардар етіп қана қоймай, олардың денсаулығын нығайту.
Пән бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін бағалау.
Оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздерімен бірге талдап, өздік бағалау әдістерін ұйымдастыру.
Адамгершілік тәрбиесі (Қазақстандық патриотизм, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау, үлкенге сый, кішіге жол көрсету).
Дене тәрбиесі (Жаттығулар арқылы жасөспірімдердің денсаулығын нығайту).
Сұлулық тәрбиесі ( Табиғат пен өнердегі сұлулықты түсінуге, әдептілік ережелерін бойына сіңірген шығармашылық қабілетін мүмкіндігінше дамыту).
Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту, оқу материалының ең бастысын, мазмұнын ажырату, классификациялау.
Әрбір оқушыға көңіл бөлу арқылы дене бітімін дамыту.
Спорттық ойындарға қызықтыра ой қабілетін дамыту және денешынықтыру сабағынан тыс жекелеген спорт түрлерімен айналысуға оқушыларға мүмкіндік жасау, Қазақстан Республикасының спортшы жасөспірімдерін дамыту.
Түйсік, сезім, жүйке жүйесін дамыту.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: Ысқырық, секундомер, секіртпелер, шығыршықтар, доптар
Сабақ өтілетін орын: Спорт алаңы немесе спорт зал
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Математика, Ағылшын тілі
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Кіріспе немесе дайындық бөлімі
ІІІ. Негізгі бөлім
ІV. Сергіту сәті
V. Қорытынды бөлім
Сабақ мазмұны |
Қайталау саны |
Әдістемелік нұсқаулар |
Дайындық бөлімі: 5 минут |
||
Жалпы сапқа тұру, сәлемдесу, кезекші мәліметі, оқушыларды түгендеу, сабақ мазмұнын қысқаша түсіндіру. Назар аударуға арналған жаттығулар «Оңға бұрыл», «солға бұрыл», «кері айнал» |
|
Сапқа тұру, спорттық киімдерге назар аудару
Жаттығуды нақты және бірдей орындау |
Жүру барысындағы жаттығулар А) Аяқ ұшымен Ә) Өкшемен Б) Жартылай отырып В) Толық отырып Г) Оң жаққа, сол жаққа секіру Д) Саптық жүріс |
10 м |
Екі қол жоғарыда Қол белде Қол алдыда, түзу Қол тізеде Жаттығуды нақты және бірдей орындау |
Жүгіру барысындағы жаттығулар А) Жәй жүгіру Ә) Оң жақ қапталға тіркемелей адым Б) Сол жақ қапталға тіркемелей адым В) Тізені жоғары көтеріп Г) Аяқ ұшын жоғары көтеріп Ғ) Өкшені жамбасқа лақтырып Д) Арқамен жүгіру Е) Жылдамдыққа жүгіру З) Тынысты қалыпқа келтіру
|
15 м |
Бір қалыпты тыныс алу Екі қолды алдыға айналдыру
Қолдарды артқа айналдыру
Жоғары секіру Тізе бүгілмейді, қол белде Екі қол артта Сол иықпен қарау Ысқырық бойынша Дем алып, дем шығару |
Жалпы дамыту жаттығулары
|
Әр жаттығуды 3-4 рет |
Жаттығуларды орындау барысында көз бір нүктеге қарайды
Жаттығу барысында көз ашық, бас толық еңкейеді, толық айналдырамыз.
Жаттығу барысында алақан бүгулі, шынтақ түзу
Жаттығу барысында кеудені оң, сол жаққа барынша еңкейтеміз
Жаттығуды санақ бойынша санау
Жаттығу барысында тізе бүгілмей санақ бойынша саналады
Жаттығу барысында тізе бүгілмейді, санақ бойынша жүргізіледі |
Негізгі бөлім: 20 минут |
||
Жоғары жылдамдықпен жекелеп жүгіріп секундомер бойынша нақты көрсеткіштері жазылып алынады. Бірінші 30 метрге сосын 60 метрге. Кейінірек екі топқа бөлініп барынша жылдамдықпен жүгіріп жарысады. |
|
30 метрге 6-сынып қыздары үшін жоғары 4,9 сек. Орта 5,2 сек. Төмен 5,9 сек 6-сынып қыздары үшін 60 метрге жүгіру Базалық деңгей 9,6 орындай алатын мүмкіндігі 9,4 секунд |
Сергіту сәті: 15 минут
Оқушыларды екі топқа бөле отырып түрлі тапсырмалар беру арқылы дененің шапшаң қимылдауына, жылдам ойлай алу қабілетін дамытуға баулу. Ол үшін екі топқа бөлінген командалар арасында жарыс ұйымдастырып ойындар мен математикалық есептер, ағылшын сөздерін қазақшаға немесе керісінше тәржімалау, сөзжұмбақтар шешкізіп, секіртпе мен шығыршықтарды пайдаланып сабақты басқа пәндермен байланыстыра қызықтырып өткізу.
Қорытынды бөлім: 3-5 минут
Жалпы сапқа тұрғызып сабаққа үздікәрі белсене қатысқан оқушыларды бағалау.Жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді айтып, үйге тапсырмалар беру. Оқушылармен қоштасу.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі