Өлең, жыр, ақындар

Не? Қайда?Қашан? интеллектуалды ашық сабақ

Ақтау қаласы Н.Марабаев атындағы №7мектеп-лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қойшибаева Айжан Турганбаевна

Сабақтың тақырыбы: «Не? Қашан? Қайда?» интеллектуалды ойыны
Сабақтың мақсаты: оқушылардың танымдық, интеллектуалдық өй-өрісін кеңейту.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың көрнектілігі: интерактивті тақта, қара корап, сұрақтары бар конверттер, күй әуені, суреттер, бейне роликтер.
Барысы: Сәлеметсіздер ме кұрметті жиналған қауым, бүгінгі «Не?Қайда?Қашан?» ойынына қош келіпсіздер. Сөзімді Абай атамыздың қара сөздерінен бастағым келіп отыр. «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен дейді. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай - керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық бермейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.» екен. Бүгінгі ойынымыз да сол себептен «Не?Қайда?Қашан?» деп аталады. 9-10 сынып оқушылары Білсем екен деген типке жатады деген үмітпен, оқушыларды таныстыруға өтуге рұқсат етіңіздер.

«Батылдық – балалық шақта шыңдалады» десек, баланы бала ететін тәрбие құралдарының бірі – сайыс екендігі белгілі. Алдымен сайысқа шығатын топтарды ортаға шақырамыз.
1 топ – «Маңғыстау маржандары» тобы
2 топ – «Киіз үй» тобы
3-топ – Самұрық тобы
4-топ – Жеңімпаз тобы
Жол сілтеген биіктерге ұстаздарым
Іштеріңнен шығар әлі жаңа дарын.
Әділдікті тек алға мақсат еткен
Таныстырам әділқазы алқаларын.
Бүгінгі ойын–сайысымызда өз өнерлерімен, білімдерімен сынасқалы тұрған ойыншыларымызды сайыстың шартымен таныстырып өтейін. Сайыс 8 кезеңнен тұрады:
1. «Өзім туралы» топтардың өздерін таныстыруы. (Аты, ұраны, эмблемасы. Болса слайд түрінде)
2. «Өнер алды-қызыл тіл» атты шешендік өнер 
3. «Зымыран» сұрақтар жарысы. Бұл бөлімде шапшаңдылыққа мән беріледі. Әр сұраққа 1ұпай.
4. Топ басшылар сайысы «Қатені тап»
5. Әуен сұрақ
6. «Ғажайып үштік».
7. «Құпия жәшік»
8. Полиглот
1 бөлім бойынша. 1 топты ортаға шақырамыз.
Өнер қуып сайыскерлер өтсе дейміз
Өнерімен биікке жетсе дейміз.
Бәсекегеке түскен сайыскерлер кезектесіп
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.

жүргізуші:
2 сайыста  әр топтан 1 оқушы экранға қарап таңдаған тақырып бойынша 2 мин әңгімелеу керек.
Тақырыптар: Біздің  елбасы. Тәуелсіз Қазақстан. Менің мектебім.Ақмаржан қала – Ақтау.
жүргізуші:
2 бөлім бойынша, әділқазылар бағасын білсек....
3 бөлім. «Зымыран сұрақтар» сайысы. Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар бөлек беріледі. Жауап нақты әрі тез болу керек. Әр сұрақтың дұрыс жауабы 1 ұпаймен белгіленеді.
1 топ
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. ( қазақ тілі)
2. Қ.Р. ұлттық валютасы теңге қашан енгізілді? (15.11.1993 ж)
3. Түйе атасы кім? (Ойсылқара)
4. Күйді орындаушы адам (күйші)
5. Заттың түр-түсін білдіретін сөз табы (сын есім)
6. Жер бетінің қағаз бетіне өте кішірейтіліп салынған бейнесі? (географиялық карта)
7. Суретші ата? (Ә.Қастеев)
8. Тасбақа қандай сөз?
9. Мақалды аяқта Еңбектің наны тәтті,  
10. Бірге, үшін, кейін, туралы қай сөз табына жатады?
2-топ сұрақтары
1. Әліппенің атасы кім? (Ахмет Байтұрсынов)
2..Жаңа әнұранның сөзін кім жазған?( Ж.Нажмиденов, Н.Назарбаев)
3. Қ.Р. тұңғыш ғарышкері кім? ( Т.Аубакиров)
4. Заттың қимылын білдіретін сөз табы? (етістік)
5. Жаңа жыл қандай сөз?
6. Сегізді төртке бөлсе неше болады?
7. Абайдың нешінші қара сөзінде Ақыл Жүрек Қайрат үшеуі таласып, ғылымға жүгінеді?
8. Өзенде не аулайды?
9. Мақалды аяқта  Адал достық .....
10. Барғым келеді, жазғым келеді қай рай?
3- топтың сұрақтары
1. Рейхстагқа ту тіккен қазақ? (Р.Қошқарбаев)
2. Абылайдың шын аты кім? ( Әбілмансұр)
3. Абайдың анасы кім? (Ұлжан)
4. Орман дәрігері? (тоқылдақ)
5. Жаңа әнұранның әнін жазған кім? ( Ш.Қалдаяқов)
6. Қ.Р. тәуелсіздігі қашан жарияланды? ( 16.12.1991)
7. Түнде аспанда не жарқырайды?
8. БҰҰ қалай оқылады?
9. Мақалды аяқта   Жүз сомың болғанша,
10. ған, ген; қан,кен; ненің жұрнақтары?
4-топтың сұрақтары
1. Алғаш мектеп ашқан қазақтың ағартушы – педагогы?
2. Жер көлемі бойынша Қазақстан нешінші орын алады?
3. Елбасының туған жері?
4. Орта жүздің биі
5. Іс-қимылдың мезгілін- мекенін  білдіретін сөз табы?
6. Етіс түрлерін ата
7. Біз қай облыста тұрамыз?
8. Оқыды, оқып отыр, оқиды қай райда тұр?
9. Мақалды аяқта  Ер ел үшін туады,
10. Еділ бол да, Жайық бол  өлеңінің авторы?

Келесі сайысымыз «Қатені тап, топ басшыларына арналады
1-топқа
Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықта.
Мен үй жинағанда  бірінші шаң сөртемін. Алақай бүгін ұшақпен Алматыда кетеміз. Қазақ  ертегілерің аса қызықты .
2-топқа
9 сыныпта бізге  күніне 7 сабақ болады. Үлкенді силау, кішіге қамқорлықты ету қазақ халқынын ерекше қасиеттері. Аспан шайдай ашты.
3-топқа
Қазақ халқын өмірі төрт түлік малға тығыз байланысты.
Наурыз мейрамға  наурыз айнын 22-сі күнде мерекеленед.
Қорқыт ата VIIIғасырда өмір сүргөн асқан күйші, атақты ақын.
4-топқа 
Асан қайғы  өз заманының асқан ақылгөй.
Ертен   мен ерте  тұрамыз. Бұқар жырауда өлендері ғибрат, үлгі өнегеге толы.
Келесі бөлім, «Ғажайып үштік».
Экранға назар аударайық. Мына портреттегі ақын-жазушыларымыздың аты-жөнін, кім екенін айту керек . Әр сұраққа 1 минут./3-портрет/
Келесі сайысымызға да келіп жеттік  Құпия жәшік ортаға әкелінсін

1. Амариллистер тұқымдатығына жатататын өсімдік, жуаның туысы.Құрамында эфир майы көп. сорттарын 3 топқа — ащы, жартылай ащы және тәтті деп бөледі.  Ол ежелден бағалы дәрілік өсімдік деп саналған. Ол ас қорытуды жақсартады, асқазан шырынының бөлінуін күшейтеді Одан басқа құрамында фитонцид бар, ол ауру қоздыратын бактериялардың өсуін тежейтін ұшпа зат.Оны барлық тамаққа пайдаланады десек те болады. Алайда, ол тағам өнеркәсібінде ғана емес, медицинада да қолданылады. Оның шырыны іш өтуіне, қуыққа әсер етеді. Фармацевтика өнеркәсібінде «Сцилларе» деп аталатын сұйық дәрі шығарылады. Ол қандай өсімдік.?

2. Қазақтар үшін ол ерекше сусын деуге болады. Алғаш қазақ даласына олкеле бастағанда оны аса жақтыра қоймаған. ХІХ ғасырдың ортасына дейін дүниежүзіоның сырын білмеген.  Бұны білмекке құмартқан ағылшынның  кәсіпкері  бір көңілшек қытайға көп ақша беріп оны әзірлеу технологиясын үйренеді. Е ртеде қазақтар осы сусынды «аққұйрық»  деп атаған екен.Ол қандай сусын. Шайдың жабайы өсетін екі түрі бар. Біріншісі, қытай шайы — Оңтүстік-Шығыс Азияның таулы аймақтарында, екіншісі, ассам шайы Үндістанның Ассам ормандарында өседі. Шай ағашы 100 жылдай өмір сүріп, 70 жыл өнім береді. Ол – адам денсаулығына қажетті құндылық .

3. Ол құрылғының шығу тарихы соғыстан кейінгі жылдарымен тығыз байланысты. АТ және Т зерттеу лабораториясы ойлап тапқан. 1947 жылы ол өте қажет еді, бірақ оны өзімен бірге алып жүру қиын болды, себебі оның салмағы 30 - 40 кг дейін жетті. 50 жылдары оның салмағы азайып, 70 жылдары 12-14 кг болды. Қазіргі заманда ол құрылғы кеңінен таралған, салмағы 1 кг-да жетпейді. Мектебімізде ол құрылғыны ұстауға тиым салынған, бірақ ата-аналардың айтуы бойынша ол балаларына қажет. Сұрақ: қандай құрылғы туралы айтылып отыр?
(Ұялы телефон)
2004 жылы ағылшын халқына мынандай сұрақ қойылды. Сiз қай затты жек көресiз, және де бұл затсыз өмiр сүре алмайсыз? 
1-орында ұялы телефон, 3-орында телевизор. 2-орында тәулігіне бірақ рет қолданылатын зат. Сұрақ: 2-орын алған қандай зат?
(будильник-ұйқыдан оятатын) 


7 бөлімге де келіп жеттік. Бұл бөлімде «Полиглот» ойыны
 Полиглот  3 тілде

1. Әттең, даусым тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап-книга)
2. Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп-буква) 
3. Қабағынан қар жауды (ашуланды)


1. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп,қорқып тұрады. (қоян-заяц)
2. Жұқа тақтай бөлшегі
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш-линейка)
3.Бетінен оты шықты(ұялу)

1. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық-кошка)
2 .Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы.(түлкі-лиса)
3. Ит өлген жер (алыс


1. Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық.(қар-снег)
2. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен.(пияз-лук)
3. Көзді ашып-жұмғанша (тез,лезде)

жүргізуші: Осымен 9-10 сыныптар арасында өткен «Не? Қайда? Қашан?» атты ойын - сайысымыз тамамдалды. Төрт топтың жүлдесін анықтау үшін әділқазылар сөз кезегін береміз.
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет.
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек.

Қорытынды. Жеңімпаз топты анықтау. Дипломдармен мадақтау.

Тауды биік деме сен,
Талаптансаң шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң шығарсың-дей келе сайысымызды аяқтаймыз.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз