Өлең, жыр, ақындар

Қонақүй - бизнестің бір саласы. Туынды сөздердің жазылуы

Момынова Бекзат Нурлихановна
«Тұран» университеті колледжі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Ашық сабақтың технологиялық картасы

Пәні: Қазақ  тілі және әдебиеті.    
Сабақтың тақырыбы: Қонақүй - бизнестің бір саласы. Туынды сөздердің жазылуы.
Сабақтың мақсаты:
- Specific (спесифик) – нақтылық;
- Measurable (мизербэл) – өлшенбелік;
- Attainable (әттейнэбл) – қолжетімділік;
- Relevant (риливант) – шынайылық;
- Time-bound (тайм баунд) - уақыт уақымында шектеулілік;
білімділік: қонақүй бизнесі арқылы еліміздің туризм саласының  дамуы жайында әңгімелеу. Туынды сөздердің жазылуы туралы түсінік беру.  
дамытушылық: өздерінің білетін қонақүй саласына қатысты сөздер және  сөзтіркестерін қолада отырып, айтылым жасау. Жаңа сөздермен   таныстыра отырып, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
тәрбиелік: қонақүйге  қатысты сөздерді жаттата отырып, мәдениеттілікке, адамгершілікке, инабаттылыққа, ұқыптылыққа, мәдениеттілікке  тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білім және іс-әрекет тәсілдерін кешенді қолдану. Шығармашылықты дамыту және талқылау.
Сабақтың технологиясы: сатылай кешенді талдау технологиясы және  Блум техноманиясы.
Сабақтың өткізілу әдістері: айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалым.
Көрнекіліктер: Қазақстан қонақүйінің суреті,  Бурдж аль-Араб қонақүйінің суреті, Rixos қонақүйінің суреті, үлестірмелі қағаздар, үлестірмелі жаттығулар, ребус.
Сабақтың жабдықталуы:
Оқу көрнекілік құралдары: сызбалар,  кестелер, суреттер, жұлдыздар.
Үлестірмелі материалдар: үлестірлемі қағаздар, мәтіндер, оқулықтар.
ТОҚ: компьютер, экран, диск,  видео, слайд.           
Пәнаралық байланыс: тарих, орыс тілі, қазақ әдебиеті, мәдениеттану, ағылшын тілі, туризм.
Әдебиеттер:
Дюсебаев С., Байтилеуова Г.  Қазақ тілі 11-сынып. А, 2015. 33-45 бет.
ЕШКО журналы №31-32  19-23 бет

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин.   
А) Сәлемдесу, түгендеу;
Ә) Аудиторияның сабаққа дайындығы;
Б)  Студенттердің сабаққа дайындығы.

ІІ. Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру:  10-15 мин.   
Үй тапсырмасы:  үш топқа бөлініп,  қонақүй  туралы  сатылай кешенді талдау жасау.
1 – топ.  «Қазақстан»  қонақүйіне  сатылай кешенді талдау жасау.
2 – топ.  «Бурдж аль Араб»  қонақүйіне  сатылай кешенді талдау жасау.
3 – топ.  «Rixos» қонақүйіне  сатылай кешенді талдау жасау.

Айтылым әдісі:
Берілген тапсырма бойынша оқушылар дайындап келген ақпараттарымен бөліседі, яғни «айтылым» әдісі бойынша ойларын айтып, өз қонақүйлері туралы ақпараттарын айтады. Ақпараттарын айтып болған соң, мәтін топтарға таратылады.
Сатылай кешенді талдаудың үлгісі

 

   Қонақ үй – Гостиница  (Отель)

I. Қонақүйдің   атауы – название отеля.

II. Қонақүй туралы жалпы ақпарат (құрылған жылы, орналасқан орны, жұлдыз саны).

III. Ғимараты туралы ақпарат (ғимаратының безендірілуі, неше қабат).

              

IY.  Қай  қабаттарда не орнасқандығы туралы ақпарат.

Y. Бөлмелер саны (неше бөлме, жай бөлме, люкс-бөлмелер саны, біркісілік немесе екікісілік бөлмелер).

             

YI.  Бөлмелердің жабдықталуы (төсек орын, мұздатқыш,  т.б.)

YII. Конақтарға қызмет көрсету (орналастыру, тамақтандыру, бос уақыттарын ұйымдастыру т.б.)

YIII. Қызмет көрсету сапасы. (Қонақүй – бизнес саласы)

IX. Қызметкерлер, жұмысшылар құрамы.

X. Қосымша ақпараттар.

 

Үй тапсырмасының мәтіндері топқа таратылады.
«Қазақстан» қонақүйін қорғаған топқа «Бурдж аль-Араб»  және «Rixos» қонақүйі туралы ақпарат беріледі.
«Бурдж аль-Араб»  қонақүйін қорғаған топқа «Қазақстан» және «Rixos» қонақүйі туралы ақпарат беріледі.
 «Rixos» қонақүйін қорғаған топқа «Қазақстан» және «Бурдж аль-Араб» қонақүйі туралы ақпарат беріледі.

III. Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі:  7 мин.
Жаңа сабақты түсіндіру:

Бірінші бүгінгі өтетін тақырыпқа байлынысты сөздермен таныс болыңыздар.

Қазақша

Орысша

Қазақша

Орысша

табыс

успех

табыс+ты

успешный

қарқын

темп

қарқын+ды

интенсивно

әлем

мир

әлем+дік

мировой

ұлт

нация

ұлт+тық

национальный

тиімді

выгодный

тиімді+лік

эффективность

сапа

качество

сапа+лы

качественный

сала

отрасль

сала+лы

отраслевой

ақы

оплата

ақы+лы

платный

ілтипат

внимание

ілтипат+ты

вежливо

сенім

доверие

сенім+ді

уверенный, надежный

 

Бұл келтірілген мысалдардан нені байқауға болады?
Әрине, басқа сөздерге жұрнақ жалғанғанда сөздің түпкі мағынасы өзгеріп тұр. Бұндай сөздерді туынды сөз деп атайды.
Туынды сөздердің жазылу емлесі.
Туынды сөз (производая слова) -  түбір сөзге басқа сөз табының жұрнақтары жалғану  арқылы пайда болған сөздер. Туынды сөздер әрқашан бірге жазылады.

 

Мәтінмен, жаттығумен, сөздікпен  жұмыс:
Оқылым әдісі.
4-жаттығу.
  Мәтінді (35-бет, 14-қадам мәтіні)  оқып аударыңыздар. (8 мин)
1-абзац – 2-топ  «Rixos» қонақүйі
2-абзац – 3-топ «Бурдж аль-Араб» қонақүйі
3-абзац – 1-топ «Қазақстан» қонақүйі

Қонақүй - бизнестің бір саласы.

Туризм табысты және қарқынды дамып келе жатыр. Әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша дүниежүзілік ұлттық табыстың 6 пайызын, дүниежүзілік инвестицияның 7 пайызын туризм саласы қамтиды.

Туризмді дамытуға қонақүй саласы да үлкен үлес қосады. Қонақүй туристерді ілтипатты ықыласпен күтіп алып, сапалы қызмет көрсетеді және  оларға барлық жағдайды жасайды.  

Жалпы қонақүй бизнесін туристік бизнестен бөліп қарастыруға болмайды. Қонақүй шаруашылығы халықты жұмыспен қамтамасыз етеді және пайда табу көзі болып табылады.  Қонақүй бизнесі – әрбір мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет түрі.

Жазылым әдісі. Specific (спесифик) – нақтылық мақсат орындалады. (3 мин)
5-жаттығу. Мәтіннен туынды сөздерді теріп жазып, қай сөз табы екенін ажыратыңыздар. (5 мин).
Үлгі: Үлгі: сапа+лы (сапа-качество, сапалы-качественный). (зат есім+сын есім)

Тыңдалым әдісі. (6 мин)
Оқушыларға видеода көрсетілген ақпаратты тыңдау  ұсынылады. Видеоны тыңдау барысында төмендегі сұрақтарға жауап іздейміз.
Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасының аясында түсірілген «Бірге өз ісіңді баста» бағдарламасынан үзінді.
Видеоның алдында берілген туынды сөздерді ауызша аударып өту.
кәсібилік –  профессионализм (кәсіп-профессия)
шыдамдылық – выносливость (шыдам-терпение)
еңбекқорлық-тродолюбивый (еңбек-труд)  
сенімділік – определенность (сенім-доверие, сенімді- уверенный, надежный)
мақсатқа талпыну  - целеустремленность
1-топ «Қазақстан» қонақүйі: Қонақүй бизнесінің дамуына отбасы қалай үлес қосуда?
2-топ «Бурдж аль-Араб» қонақүйі: Бизнеске қалай қолдау көрсетілді?
3-топ «Rixos» қонақүйі: Қонақүй бизнесіне пайда қайдан келеді?

Measurable (мизербэл) – өлшенбелік мақсат орындалады. (2 мин)
3 қонақүй  туралы  мағлұматтарды өлшенбелік мақсаты арқылы салыстырып, дұрысын табыңыздар.

Қонақүйлер

Биіктігі

Қабаты

Бөлме саны

«Қазақстан» қонақүйі

321

60

168

«Бурдж аль-Араб» қонақүйі

102

9

-

«Rixos» қонақүйі

-

25

202

 

Attainable (әттейнэбл) – қолжетімділік мақсат орындалады. (5 мин)
Әр топқа бес тапсырма жазылған үлестірлемі қағаз беріледі. Топ өз таңдаулары бойынша ұнаған яғни қолжетімді деп тапқан 2 тапсырманы ғана орындайды.
1-топ «Қазақстан» қонақүйіне  5-тапсырма.
1-тапсырма. Мәтіннен сан есіммен тіркескен сөздерді теріп жазыңыздар.
Қонақ үйдің биіктігі 321 метр, кезінде ең биік қонақ үй болған. Қазір биіктігі жағынан екінші орында тұр. Дубайдағы ең биік ғимарат қазір «Бурдж Дубай» мұнарасы. Қонақүй 60 қабаттан тұрады. Оған бразилиялық және итальяндық мәрмәр, 8 мың алтын, Оңтүстік Африка мен Үндістанның кілемдер мен еден жабындарын, Ұлыбританиядан жасалған боулингтер, Swarovski кристалдары, 44 мың шыны панельдер қолданылған.

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті санын қойыңыздар.
Қонақүйде барлығы  ..... номер, оның ішінде  ..... жоғары класты, ....... люкс номері  бар. Қонақ үй қазіргі заманғы ....... қабатты ғимаратта орналасқан. Номерлірдің көлемі ......... дейін.

Керекті сандар: 9, 156, 168, 12, 28-ден 34 кв.м.-ге

3-тапсырма. Мәтіннен көптік жалғауын табыңыздар.
Қонақүйде мейрамханалар, кеңселер, конференц-залдар, банкет залдары, фитнес залдары, бассейндер, бильярд бөлмесі, СПА-салоны, сауналар, кітапхана, үш жеке жағажай, су паркі, бақша бар. Burj al arab - әлемдегі бірнеше қонақүйлердің бірі, мұнда тікұшақ қонатын орын бар. Қонақүйде туристердің бос уақытын тиімді өткізулері үшін түрлі спорттық ойын алаңдары бар.

4-тапсырма. Мәтіннен ілік септігін табыңыздар.
Туризм табысты және қарқынды дамып келе жатыр. Әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша дүниежүзілік ұлттық табыстың 6 пайызын, дүниежүзілік инвестицияның 7 пайызын туризм саласы қамтиды.

5-тапсырма. Қонақүй сөзін тәуелдеңіздер.
Менің қонақүй+            Біздің қонақүй+
Сенің қонақүй+            Сендердің қонақүй+
Сіздің қонақүй+            Сіздердің қонақүй+
Оның қонақүй+            Олардың қонақүй+

2-топ «Бурдж аль-Араб» қонақүйіне  5-тапсырма.

1-тапсырма. Мәтіннен туынды сөзді табыңыздар.
«Қазақстан»қонақүйі Алматы қаласының орталығы Достық даңғылы 52/2 нөмері бойынша орналасқан. Ол – республикалық дәрежедегі жоғары  класты қонақүй. Құрылысы 1975 жылы басталып, 1977 жылы  қарашада аяқталуға тиіс еді, бірақ  1 жылдан кейін кешігіп бітті.  Пішіні 50,2*29,6 метр өлшемді эллипс пішіндес.

2-тапсырма. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар.
Қонақүйде шетелдік қонақтар мен туристерге  және жерлілікті  тұрғындарға қызмет көрсетеді.

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер?
1) «Қазақстан» қонақүйі қайда орналасқан?
2) Бірінші «Rixos»қонақүйі қай қалада ашылған?
3) Туризм мен қонақүй байланысты ма?

4-тапсырма. Мәтінде қай қонақүй туралы ақпарат берілген?
Қонақүйде нөмірлер стандартты, люкс, президентті деп бөлінеді. Стандартты нөмірлер ауданы 28 м²  француз немесе екі орынды төсек, спутникті теледидар, мини бар, радио, тікелей телефонды желі, орталық кондиционер, сейф, кілемді төсеніш, жуынатын бөлме, WC және фен бар.

5-тапсырма. Мейрамхана  сөзін тәуелдеңіздер.
Менің мейрамхана+            Біздің мейрамхана+    
Сенің мейрамхана+            Сендердің мейрамхана+    
Сіздің мейрамхана+            Сіздердің мейрамхана+    
Оның мейрамхана+            Олардың мейрамхана+    

3-топ «Rixos»қонақүйіне 5-тапсырма.
1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауын қосыңыздар.
«Қазақстан» қонақүйі 25-қабат..... деп аталғанымен шын мәнінде онда 26-қабат бар. 26-ншы қабаты төбесіндегі -  алтын тәж. Алтын тәж... шығу үшін 26-қабат..... көтерілуіңіз керек.  Мәскеу тарапы..... 25-қабат..... ғимарат салуға рұқсат берілмеген кезде, Д.А. Қонаев рұқсат алып берген.

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сандарды қойыңыздар.
Қонақ үйдің биіктігі 321 метр, кезінде ең биік қонақ үй болған. Қазір биіктігі жағынан 2-нші орында тұр. Қонақүй 60 қабаттан тұрады. Оған бразилиялық және итальяндық мәрмәр, 8 мың алтын, Оңтүстік Африка мен Үндістанның кілемдер мен еден жабындарын, Ұлыбританиядан жасалған боулингтер, Swarovski кристалдары, 44 мың шыны панельдер қолданылған.
Керекті сандар: 60,  2-нші, 44 мың,   321,  8 мың.

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1) «Қазақстан» қонақүйінің 26-қабаты қалай аталады?
2) «Бурдж аль-Араб» қонақүйі неге ұқсайды?
3)  Қонақүйлерге немен баға береді?

4-тапсырма.Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар.
Жалпы қонақүй бизнесін туристік бизнестен бөліп қарастыруға болмайды.

5-тапсырма. Бизнес сөзін тәуелдеңіздер.
Менің бизнес+            Біздің бизнес+
Сенің бизнес+            Сендердің бизнес+
Сіздің бизнес+            Сіздердің бизнес+
Оның бизнес+            Олардың бизнес+

Relevant (риливант) – шынайылық мақсат орындалады. (3 мин)
Топқа «Бурдж аль-Араб», «Қазақстан» және «Rixos»  қонақүйі туралы  сөйлемдер беріледі. Бұл сөйлемдердегі ақпараттардың біреуі дұрыс болса, екіншісі дұрыс емес. Қай ақпараттың дұрыс екендігі анықталады.

Қонақүй туралы ақпараттар

Дұрыс

Дұрыс емес

1

«Қазақстан» қонақүй ғимаратының биіктігі 102 метр.

+

 

2

«Бурдж аль-Араб»қонақүйінің  биіктігі 321 метр.

+

 

3

«Қазақстан» қонақүйінде  1000 орынды мейрамхана бар.

+

 

4

«Бурдж аль-Араб»қонақүйі табиғи  аралда тұр.

 

-

5

«Rixos»қонақүйнің нөмірлері стандартты, люкс, президентті деп бөлінеді.

+

 

6

«Қазақстан» қонақүйі жылына 256 мың адамға қызмет көрсете алады.

 

-

7

«Rixos»қонақүйінде «Барлығы енгізілген» концепциясына сай «кіршіксіз қызмет көрсету» іске асырылды.

+

 

8

«Rixos»қонақүйінде барлығы 200  номер бар.

 

-

9

«Бурдж аль-Араб»қонақүйі 60 қабаттан тұрады.

+

 

10

«Rixos»қонақүйінде 75 елден 1600-ден астам қызметкер жұмыс істейді.

+

 

 

Time-bound (тайм баунд) - уақыт уақымында шектеулілік мақсаты орындалады. (3 мин)
6-жаттығу. Әр топқа  үлестірмелі қағаз беріледі. Торкөздерден сөздерді табу. Сөздерді тігінен, көлденеңмен, жоғарыға қарай, төменге қарай, қиғашынан, оңнан  солға, солдан оңға іздеу керек. Уақыт уақымы шектеулі, 2 минут ішінде қай топ неше сөз табатындықтары анықталады.

1-топ

Н

Ш

А

Р

Т

Ө

С

Е

К

Б

Қ

Ө

С

А

Л

У

А

Ы

Ө

Ж

О

Р

М

Т

Н

Ы

С

Л

Х

Ұ

Н

Н

З

Е

Ы

К

М

А

О

Л

А

А

И

Р

Р

Е

С

П

Л

Д

Қ

Л

Р

Е

О

Ң

А

А

Л

Ы

Ү

А

У

З

Д

У

Ш

С

А

З

Й

С

Т

Е

Ж

И

Һ

А

З

Д

Т

У

Э

Т

А

Ж

Т

Ы

А

Ы

Л

Ю

К

С

К

Ү

З

Е

Т

Ж

Шығатын сөздер: бөлме, орналасу, терезе, нөмер, орын, туризм, шарт, төсек, жұлдызды, қонақүй, сапалы, люск, жиһаз, аула, этаж, холл, күзет, душ, кең, таза.

 

2-топ

А

Ж

О

Ғ

А

Р

Ы

Б

А

Б

С

А

П

А

Ү

Д

М

Ұ

Р

А

Х

Б

А

І

Л

Г

І

Ш

З

С

А

Т

С

Г

Қ

В

Ң

А

А

Ш

Н

А

Ү

Л

К

Е

Н

Қ

Н

Ы

А

Р

У

Ү

Л

Г

І

Л

І

М

Б

А

С

С

Е

Й

Н

Ю

Е

Қ

С

М

Ә

Р

М

Ә

Р

Л

А

Ц

А

И

Н

О

Г

Н

І

Л

О

Й

Т

Ғ

Е

Ш

Ө

К

А

Ф

Е

К

Шығатын сөздер:асхана, ғимарат, бассаейн, сүлгі, ілгіш, ұшақ, жоғары, үлкен, кілем,қала, су, мәрмәр, сапа, арзан, сән, тас, басшы, үлгілі, кафе, көше.

3-топ

Ә

К

Ж

Ұ

Л

Д

Ы

З

Ы

А

Б

К

О

Қ

А

У

Ы

З

Л

З

Ө

Қ

І

Ы

З

П

Т

Б

Ы

А

Л

О

П

М

А

С

С

А

Ж

Т

М

Н

О

Б

Ш

П

Т

Ғ

А

А

Е

А

У

А

А

І

Ұ

А

Р

Ғ

Р

Қ

А

Т

Қ

Ш

Р

Л

Ы

И

У

Ү

Қ

В

Ы

І

Ғ

Ы

Қ

Б

Ш

Й

Ы

М

Л

Н

Ы

К

О

А

Ұ

Л

Т

Т

Ы

Қ

Н

У

Л

Т

Шығатын сөздер: қауыз, массаж, қымбат, жылы, әкімші, ұлттық, бағалы, пішін, зал, жарық, қонақүй, ұшу. Уақыт, табиғат, тұрғын, жұлдыз, ақылы, қол, таза.

IV.  Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру: (3-4 мин)

Ребусты шешу.

 

 

V. Сабақтың қорытындысы: (5 мин)
ОНЛАЙН-ТАПСЫРМА

Soilebala.kz сайтынан онлайн-тапсырма орындату.
Бірінші бағандағы сөздерді  «Қазақстан» қонақүйі тобы, екінші бағандағы сөздерді «Бурдж аль-Араб» қонақүйі тобы, үшінші бағандағы сөздерді «Rixos» қонақүйі тобы аударады.
Нәтижесінде топтың жалпы пайыздық білім қорытындысы шығады.

VI.  Рефлексия: (2-3 мин)  
«Бес саусақ» әдісі арқылы рефлекция жасау.
Бас бармақ – бәрі тамаша өтті.
Балаң үйрек - өзгеге көп көмектестім.
Ортан терек - көңіл-күйім жаман.
Шылдыр шүмек - қиналдым.
Кішкене бөбек – көп нәрсе үйрендім

VII. Бағалау: (3 мин)
Қонақүйлерді бағалау жұлдыздар арқылы бағалайды, сондықтан бүгінгі сабақ та жұлдызды жабыстырмалармен бағаланады. Ең көп жұлдыз жинаған оқушы  жоғары балл алады және топтағы оқушылардың жұлдыздар санын қоса отырып, қонақ үйлерінің жалпы жұлдыз саны шығарылады.
А) үй тапсырмасын орындағаны үшін;
В) сабақтағы белсенділігі үшін;

VIII. Үй тапсырмасы:  
Бесжұлдызды қонақүйлер туралы ақпарат жинау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз