Өлең, жыр, ақындар

Мәңгілік елдің жарқын болашағы - БІЗ

Ахметбаева Сандуғаш Болекбаевна
Астана қаласы
«NURORDA» мектеп–лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі


Тақырыбы: «Мәңгілік елдің жарқын болашағы - БІЗ»

3 – сыныптар арасындағы эстафеталық жарыс
 
Мақсаты: оқушылардың дене дайындығын нығайту; спортқа қызығушылықтарын арттыру; достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Жарыс бағдарламасы:
I.    Ұйымдастыру бөлімі
-    Құрметтті оқушылар, ұстаздар, сайыскерлер мен жанкүйерлер! Бүгінгі  «Ел мақтанышы – Елбасы» апталығы аясында 3 - сынып оқушылары арасында  өткізгелі отырған «Мәңгілік елдің жарқын болашағы - БІЗ»    атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер! Оқушылардың дене дайындыған нығайта отырып, спортқа қызығушылықтарын арттыру және достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында өткізіліп отырған спорттық сайысымызды ашық деп жариялаймыз.
-      Бүгінгі жарысымызға бес топ қатысады. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерден өтуі тиіс. Барлық топтарға сәттілік  тілейміз!
Сайыстың әділқазылар алқасы таныстырылады.
-    Спорттық сайыс 5 баллдық жүйемен бағаланады.
-    Енді ортаға сайыскерлерімізді шақырайық.
Эстафеталық  спорт сайысына қатысушы  3 сынып оқушыларынан  құралған 4 топ ортаға шығады.

II. Негізгі бөлім
-  Сайыстың бағдарламасы 5 шарттан тұрады.


Жарыс тапсырмалары:
1.    Топтың аты, ұраны.
2.    «Хоккейші» - теннис добын клюшкамен кедергілер арқылы жүргізу.
3.    «Картоп жинау» - кіші доптарды бірінші оқушы конустарға қойып келеді, келесісі жинап қайтады.
4.    «Кенгуру» - секіртпемен белгілерді айнала секіру.
5.    Кешенді тапсырма - гимнастикалық төсеніште аунау, орындықта етпеттеп жатып  қолмен тартылу, қайтарда жүгіріп қайту.

   III. Қорытынды бөлім
-    Құрметті сайысқа қатысушылар, сіздер бүгін өз күш-жігерлеріңізді, шымыр шыныққан екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Енді әділқазылар алқасына сөз берейік!

Жеңімпаздарды марапаттау.
(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)
       Әділқазылар алқасы қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды атайды. Сайыскерлерді дипломдармен марапаттап, табыстайды.
-       Осымен, эстафеталық сайысымыз аяқталды. Қатысушыларға үлкен алғыс білдіреміз! Сау болыңыздар!

Жарыс көріністері

D:\документы\Ахметбаева С\Көңілді  старт\жарыстар2017-18\3-сынып эстафета\фото\20171128_160341.jpg       D:\документы\Ахметбаева С\Көңілді  старт\жарыстар2017-18\3-сынып эстафета\фото\IMG-20171129-WA0025.jpg  D:\документы\Ахметбаева С\Көңілді  старт\жарыстар2017-18\3-сынып эстафета\фото\IMG-20171128-WA0025.jpg


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз