Өлең, жыр, ақындар

Қысқы орман

Атырау қаласы А.С.Пушкин атындағы №20 мектеп-лицейі
мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі Жумабаева Майра Сапиевна

Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу – іс әрекеті: Сөйлеуді дамыту
Сабақтың тақырыбы;: «Қысқы орман» .
Оқу-іс әрекетінің мақсаты:Сөздермен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау.

Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну,мағынасы бойынша ақын қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану.Тыңдаған мәтіндегі ақпаратты сурет,сызба белгілер қолданып жеткізу.
Білімділік: Қыс мезгілінің құбылыстары мен қыс табиғатының ерекшеліктері туралы білімдерін нығайту, балаларды жабайы аңдардың қысқы өмірімен таныстыру, өмір сүру жағдайлары туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Сурет бойынша әңгіме құрастыру шеберлігін жетілдіру.
Қойылған сұрақтарға толық жауап беруін қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуін жетілдіру, сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыру, Тілін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту, қоршаған әлемге, тіршіліктің бәріне мейіріммен қарауға тәрбиелеу. Оларды қорғай білуге тәрбиелеу.
Оқу қызметі қарым - қатынасы арқылы балаларды достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар: «Қысқы орман» картинасы, жабайы аңдардың суреттері.
Кубик, костюмдер.

Сабақтың түрі; Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі;
: «Кубизм» стратегиясы: кубиктің қырларына жабайы аңдар суреттерін қою арқылы, кубикті лақтырып, сол аң туралы тақпақ айтқызу.
Мнемо техника арқылы «қысқы орман» өлеңін оқып беру Жаңа сөздер: аюдың апаны, мүлгиді, сілкініп қояды, күртік қар

Сабақтың барысы;Ұйымдастыру ой-шақыру стратегиясы.Психологиялық дайындық (балаларды көңілдендіріп алу).

-Балалар бізге бұгін көптеген апайлар келіп отыр.

  • Қане, амандасайық
  • Салеметсізбе
    Шаттық шеңбер
  • Бүгінгі ашық оқу іс- әрекетімізді шаттық шеңберімен бастаймыз
  • Тәрбиеші:Балалар менің қолымдағы ненің суреті?
  • Балалар: Жүрек
  • Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, қане жүрегімізден шығатын жылы сөздер айтайықшы.
  • Балалар: Аспанымыз ашық болсын
  • Күніміз жарқын болсын
  • Еліміз тыныш болсын
  • Нанымыз көп болсын
  • Ата- анамыз аман болсын
  • Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, қане осы айтқан жылы сөздерді апайларға сыйлайықшы.
  • Балалар сендер бір- біріңнің қолдарыңнан ұстап тұрғанда нені сезесіңдер?
  • Балалар: Жылулықты, достықты, мейірімділікті
  • Қане, орнымызға отырайық.
  • Тәрбиеші: Балалар  мен сіздерге жұмбақ жасырамын.


Жұмбақ:
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
- Дұрыс айтасыңдар,

  • қыс
  •  қыс айларын атап беріңдерші?
  • -Бал-р; желтоқсан,қаңтар,ақпан.
  • -Дұрыс балалар.
    - Балалар қыс мезгілінде табиғатта қандай – өзгерістер  болады?
    - Балалар ;,Қар жауады,боран болады,аяз соғады,күн суытады.
  •  Дұрыс , балалар айналаның бәрін ақ қар басады. Жерді, тауды, тасты, орманды бәрін қалың қар басады. Ормандағы ағаштардың бәрі ақ көрпеге оранғандай болады. Қысқы орманның, балалар, ауасы таза, табиғаты тамаша болады
  • Енді балалар . бүгінгі ашық оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын біз откен тақырыбымызды еске тусірейік.
  • (слайд)
  • Ойын «Жануарды ата» ойынын ойнайық.уш тілде айту керек
  • Мынау қандай жануар?
  • Жылқы ,лощадь,horse (хорс).
  • Мыныу ше?
  • Сиыр,корова,cow (кау)
  • Мынау
  • Ешкі,коза,goat (гоут)
  • Мынау
  • Қой,баран,sheep (чип)
  • Дурыс балалар. Булар қандай жануарлар?
  • Уй жануарлары
  • Дұрыс
  • Енді мынау қандай жануар?
  • Аю,медведь,bear (беа)
  • Мынау ше?
  • Қасқыр,волк, wolf (волф)
  • Мынау?
  • Түлкі,лиса,a fox (э фокс)
  • Мынау?
  • Қоян,заяц,rabbit (рэбит)
  • Бұларды қандай жануарлар дейміз?
  • Жабайы жануарлар
  • Дұрыс айтасыңдар
  • Енді балалар, бүгінгі ашық оқу іс-әрекетіміздің жаңа тақырыбымызбен танысамыз

    Мен қазір сіздерге «Қысқы орман» туралы өлең оқимын:
    «Қысқы орман»
    Қалғиды қысқы орман,
    Мүлгиді қысқы орман,
    Айырылып қалған соң,
    Жаздағы құстардан,

    Ақ желек жамылып,
    Көк моншақ тағынып,
    Ұйықтайды қысқы орман,
    Көктемді сағынып,

    Аюы, қояны ұйқыға тояды,
    Жел тұрса қысқы орман
    Сілкініп қояды.
    Сөздік жұмыс:
    Мүлгиді – ұйықтайды.
    Сілкініп қояды – жел тұрғанда ағаштардың басы қозғалып, басындағы қарлар жерге түседі.
    - Міне, балалар өлеңде не туралы айтылып тұр екен? Дұрыс айтасыңдар қысқы орман туралы, аңдары туралы айтылып тұр екен.
  • Олай болса,бугінгі ашық оқу іс- әрекетіміздің жаңа тақырыбы «Қысқы орман»
    Ал енді балалар қысқы орман туралы сурет қарайық,
  • (слайд арқылы көрсету)
  • Қысқы орман, Ақ қоян, Тиін,Түлкі, Қасқыр, Аю, Кірпі.
  • Слайд  (ағаштар туралы(
  •  
  •  нелерді көріп тұрмыз, қане кім әңгімелеп береді?
  •  Балалар ортаға шығып көргендерін әңгімелеп айтып береді. Орманда ағаштар өте көп. Қар бәрін басып тастады.
    Ақ қоян қардың үстімен жүгіреді. Тиін ағашта секіріп жүр.

    Жеке жұмыс: Қажетінше балаларға байланыстырып сөйлеуге демеу беру.
    Балалар мына суретте жабайы аңдарды көріп тұрсыңдар, ал жабайы аңдар қандай аңдар?
    слайд  (қоян,түлкі,қасқыр,аю,кірпі,тиін
    - Жабайы аңдардың тіршілігі қыста қиындау болады. Тоңады, ашығады. Қыста қоянның түсі ақ болады. Ақ қарда қоянды байқау өте қиын, ол қорғаныш қызметін атқарады. Түлкіде қардың астынан тышқан іздейді, өтірік өлген болып, қулығын асырады. Ал, қасқыр ет іздеп жорытады. Ал аю болса, жаз бойына жинаған майынан қорек алып, қыс бойына ұйқыға кетеді. Кірпі болса, күндіз ұйықтап, түнде қорегін аулауға шығады. Кірпі өте сақ, өзіне қауіп төнсе домалана қалады. Ал, кішкентай тиіндер ағаштан - ағашқа секіріп тыным таппайды. Құйрықтары ұзын, жүндері үлпілдек. Адамға бауырмал, оған қолыңмен нан ұсынсаң, ол төменге түсіп алады.
    - ал, енді  аңдар туралы тақпақ айтайық

  • «Тиінмін».
  •  Каусар
    Мен тиінмін, тиінмін.
    Қысқа жылы киіндім,
    Қоймам толы жаңғаққа
    Іші жылы үйімнің.

  • «Ақ қоян»
  •   Асемжан
    Ақ қоян - ау, ақ қоян,
    Ұзын құлақ, сақ қоян,
    Қаша берсең, орманға
    «Қорқағым» деп ат қоям
  • .
    «Қу түлкі»  
  •  Нұрай
    Түлкі, түлкі қутыңдайсың,
    Айналаңнан тың тыңдайсың,
    Қанша қулығыңды асырсаң да,
    Қасқырдан сен құтылмайсың.

  • «Қасқыр»
  •  Нұрхат
    Қасқыр орманда жортады,
    Аяздан ол қорқады,
    Аспанға қарап ұлиды,
    Малды ауылды ториды.

  • «Аю»  ,
  • Илхам
    Кезген ішін орманның
    Мен аюмын қорбаңмын
    Қалың нудан бал таңдап
    Жүремін мен балпаңдап.

  • «тышқан» ,
  •   Мейрамбек
    Өзің егін екпейсің
    Егістен ұзап кетпейсің
    Мысық қуса жеткізбей
    Ініңе кіріп кетесің.

 

«Кірпі»

Ақтілек

Тұмсығында түймесі,

Деп тұрғандай тимеші

Азулыдан сақтайтын

Кірпінің көп инесі


- Балалар, сендер табигат аясында демалганды жаксы көресіндер ме?

-Сендер қысқы орманда болдыңдар ма?

  (слайд конверт)

- Бүгін бізге ормандағы қорықшыдан хат келді.Ол өзінің кішкентай күшігінің орманда адасып кеткенін,көмек керек екенін жазыпты.

- Күшікке көмекке барамыз ба?

-Иа

1- тапсырма

Қысқы орманға бару үшін қалың киіну керек.Сен орманға бару ушін не киер едің? Суреттердің ішінен таңдап белгіле және ата. Бұлар қандай киім?

-Балалар: -қысқы киім

-Дұрыс

2-тапсырма. Балалар қысқы орманды қазір қалың қар басып қалған.өзендер мұз болып қатып жатыр.Орманға бару үшін бізге қандай құралдар қажет? Суретке қарап таңдап көрсет.Неге бұл заттарды таңдағаныңды түсіндір.Сөйлемді жалғастырып айт.

Омбы қарда шаңғымен... сырғанаймыз

Мұздан коньки... тебеміз

Шанамен жотадан... зулаймыз.

(слайд) аңдардың дабысы
Сергіту сәті:
Біз орманға барамыз,
Жан - жағымызға қараймыз.
Аю шықты қорбаңдап,
Қасқыр шықты ырылдап,
Түлкі шықты майысып,
Қоян шықты секіріп,
Қорықпаңдар балалар,
Өз орныңды табыңдар.

  3-тапсырма

Балалар, біз орманға келіп қалдық. Не көріп тұрмыз?

Орманда қандай ағаштар өседі? Ата

Олардың жапырағы жоқ, қай ағаш екенін қалай танимыз? (Әрине бұтағы мен діңінен)

Көптілділік; шырша-елка-

(слайд)

Сөйлемді аяқта.у арқылы біз  қандай ағаш екенін білеміз.

Егер терек қайыннан биік болса,онда қайың теректен аласа.

Егер емен қайыннан жуан болса, онда қайың еменнен жіңішке

Қай сөз түсіп қалды;

(Күн) .... суытты

(Қар) .... жауды

Өзенде ....( мұз( қатты

Бұталарды .... (қырау) басты

Әліппе дәптермен жұмыс;

4-ші тапсырма «Ненің ізі» ойыны. Қайсысы ненің ізі екенін қосып көрсет.

  • Балалар қараңдар, қар үстінде әртүрлі іздер жатыр.
  • Қане, қарайық, ненің іздері екен, мүмкін күшікті ізінен тауып алармыз.
  • - Балалар, ізі арқылы кушікті тауып алдық. Күшікті тауып бергенімізге қорықшы қуанатын болды.
  • (слайд) күшік
  • (слайд
  • Тіл ұстарту; (к)
  • Шік-шік-шік -- кіп кішкентай күшік
  • Шік-шік-шік -- бұл әдемі үйшік

     (слайд)
- Ал енді жаңылтпаштар айтып үйренейік.
Жаңылтпаштар айтып үйрену.

  1. Түлкі айлалы аң, айлалы аңға айла пайдалан.
    2. Қыста суық түсті, құлағым үсті, үсті.
    3. Мұз – тұз, тұз - мұз, бәріде тұз бен мұз

Қорытындылау: Балалар біздер қай жаққа серуенге бардық?

Орманнан не көрдіңдер?

Кімге көмектестіңдер?

Сендерге серуен ұнады ма?

Міне балалар «Қысқы ормандағы » саяхатымыз аяқталды.Барлықтарыңыз сабаққа жақсы қатыстыңыздар.

Сау болыңыздар!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз