Бөлім: Прогрессиялар |
Мектеп: №13 мектеп-гимназия |
||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Жумагазинова А.К |
||||||
Сынып: 9 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||
Сабақ тақырыбы: Сандар тізбегі оның берілу тәсілдері |
|||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Тізбек ұғымын біледі. Сандар тізбегі оның берілу тәсілдерін біледі. Сандар тізбегінің берілуінің түрлерін ажырата алады Өмірден мысалдар келтіре алады, есеп шығару дағдылары қалыптасады, логикалық ойлау қабілеттері дамиды. |
||||||
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар: Сандар тізбегі оның берілу тәсілдерін біледі, ажырата алады.Сандар тізбегінің мүшелерін таба алады.Өмірден мысал келтіре алады. |
||||||
Оқушылардың басым бөлігі: Сандар тізбегінің кез келген мүшелерін таба алады,тізбектің формуласын құрастыра алады. |
|||||||
Кейбір оқушылар: Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстарды қосып талдау жасай алады. |
|||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу және түсіну |
||||||
Бағалау критериі
|
Тізбек ұғымының анықтамасын біледі; Сан тізбегінің берілу тәсілдерімен танысады; Сан тізбегінің баяндау тәсілімен берілуін біледі;мысал келтіре алады; Сан тізбегінің графиктік тәсілімен берілуін біледі;мысал келтіре алады; Сан тізбегінің рекурренттік тәсілмен берілуін біледі; Сан тізбегінің аналитикалық тәсілмен берілуін біледі; мысал келтіре алады; Өспелі және кемімелі тізбектерді біледі |
||||||
Тілдік мақсаттар |
Сыныптағы диалог Рекуренттік, аналитикалық сөздерімен таныс болу Бірсарынды Ашық және жабық сұрақтар 7-ге еселік болтын тізбектің бес мүшесін ата 8-ге бөлгенде 3қалдық қалатын тізбектің алдыңғы бес мүшесін және формуласын жаз. «Аналитикалық» тәсілмен берілген тізбекке мысал келтіріп жазып көрсет. |
||||||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, топтық жұмыс, жұппен, жеке жұмыс, Джигсо әдісі, |
||||||
Алдыңғы білім |
Теңдеулер мен теңсіздіктер, олардың жүйелері |
||||||
Жоспар |
|
|
|||||
Сабақтың жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар
|
Ресурстар |
|||||
Басталуы |
Психологиялық ахуал орнату (3мин)«Шаттық шеңбері» Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Әр оқушы тұрған ретімен 1-ден бастап сандарды айтады,бірақ 5-ке –ден еселік сандарды айтпайды, ол сандардың орнына «қол шапалақтайды» |
АКТ |
|||||
Топқа бірігу. (1 мин) / Оқушылардың қолындағы қағазы төрт түсті болады. Оқушылар түсті ажырата отырып топқа бөлінеді Топ мүшелері рөлдер бөліп алады. «Сен маған, мен саған» стратегия /үй тапсырмасын тексеру/ Бағалау: Өзара/Жауабы тақтада көрсетіледі.Әр оқушы оң жақта отырған оқушының дәптерін алып, дескриптор арқылы тексереді. Үй жұмысы бойынша топ басшысы есеп береді./ (бір дұрыс есеп 1ұпай) |
Қызыл «Тізбек» тобы Сары түс «Рекурренттік» тобы Көк түс «Аналитик» тобы жасыл түс «График» тобы |
||||||
|
Өткенді қайталау «Сократ әдісі» ▬ иә; ... жоқ 1) ах+ву=c түрінде берілген теңдеу екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады. 2) x2+5у=3 теңдеу екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу болады. 3) x2+у2=9 шеңбердің теңдеуі . 4) (x-1)2+у2=0 екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу. 5) 5х-2у=7 теңдеуі екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу болады. 6 x2+(у+3)2=25 екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу болады. «Бас бармақ» әдісі бойынша бағалау |
Флипчарт |
|||||
Ортасы |
Жаңа сабақ. Топтық жұмыс: Постер қорғау әдісі бойынша 1-топ: Қызыл «Тізбек» тобы Сан тізбегінің баяндау тәсілімен берілуін түсіндіреді. 2-топ: Сары «Рекуррент» тобы, Сан тізбегінің рекурренттік тәсілмен берілуін түсіндіреді. 3-топ: көк «Аналитик» тобы: Сан тізбегінің аналитикалық тәсілмен берілуін түсіндіреді. 4-топ: жасыл «График» тобы: Сан тізбегінің графиктік тәсілімен берілуін түсіндіреді. Әр топ бір-біріне кері байланыс береді. - Сандар тізбегі дегеніміз - ... - Сан тізбегінің берілу тәсілдерінің түрлерін қалай ажыратамыз? - Оқушы 3,6,9,12,15,18,... тізбек бола алатынын түсіндіреді - Натурал сандардың квадраттарынан тұратын тізбек жазау. an=2n формуласы арқылы тізбектің кез келген мүшесін табу. n=3 болса, онда a2=32=9 Топтық жұмыс. Оқулықпен жұмыс Өзін-өзі бағалау Бағалау критерийі Бір дұрыс жауап 1 ұпай 8 ұпай-«5» 6-7ұпай-«4» 5 ұпай-«3» Дескриптор: 1. Мүшесін жазу 2. Тізбектің түрін ажырату.( Өспелі және кемімелі тізбектерді, бірсарынды) 3. Cан тізбегінің берілу тәсілдерін ажырату Сергіту сәті. Барлық оқушылар орындарынан тұрады. Көзге жаттығу. Жұппен жұмыс. №181. Тізбектің келесі мүшесін табыңдар және формуласын жазыңдар. Бірсарынды тізбектің түрін жаз. №182 Сан тізбегінің алғашқы бес мүшесін жазыңдар: №184 тізбек кемімелі, шектелген Дескриптор - Тізбекті жалғастырып жазу - Түрін анықтау - Формуласын жазу Бірін-бірі бағалау Бағалау критерийі Бір дұрыс жауап бір ұпай «ЖҰЛДЫЗША» беру 10 ұпай- -«5» 8-9 ұпай-«4» 6-7 ұпай-«3» |
Постер қорғау
Оқулық
Флипчарт Компьютер
|
|||||
Аяқталуы
|
Жеке тапсырма. Тест тапсырмасы (5 минут) 1-нұсқа 1. Жалпы мүшесі болатын тізбекті көрсетіңдер. 2. Тізбектің жалпы мүшесін көрсетіңдер: 6; 18; 54; 162;... 3. Жалпы мүшесінің формуласымен берілген тізбекті көрсетіңдер: 4. Өспелі әрі жоғарыдан шенелген тізбекті көрсетіңдер: 5. Кемімелі әрі төменнен шенелген тізбекті көрсетіңдер: вп = 21-п 2-нұсқа 1. Жалпы мүшесі болатын тізбекті көрсетіңдер. 2. Тізбектің жалпы мүшесін көрсетіңдер: 6; 12; 24; 48;... 3. Жалпы мүшесінің формуласымен берілген тізбекті көрсетіңдер: 4. Өспелі әрі жоғарыдан шенелген тізбекті көрсетіңдер:
5.Кемімелі әрі төменнен шенелген тізбекті көрсетіңдер: хп = 3*51-п Бағалау критерийі: Бес дұрыс жауап – «5» Төрт дұрыс жауап - «4» Үш дұрыс жауап - «3» Сабақты қорытындылаймын. Оқушылар бағалау парақшасын толтырып, мұғалімге өткізеді. Оқушылар сабақ соңында өз ойтолғаныстарын білдіру арқылы бүгінгі тақырып бойынша «Аяқталмаған сөйлемдер» бойынша рефлексия жасайды: Бүгінгі сабақта мен: ................................................. үйрендім. Бұған дейін мен: ...................................................... білуші едім. Топпен жұмыс жасау кезінде: .....................................түсіндім. Бүгінгі тақырып бойынша: .............................. түсініксіз болды. Үй тапсырмаларын орындауға бағыттау: Үйгетапсырма: №185
|
Тест сұрақтары
|
|||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? ЖАДАны қолдану |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Өзін-өзі бағалау, топты бағалау, жиынтық бағалау |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
|||||
Оқушылар белсене отырып жұппен жұмыс жасайды. Олар бір-біріне көмек көрсету арқылы есептерді бірлесіп шығарады. Жұппен жұмыс бойынша әр жұп шығарған есептерін басқа жұп алдында саластырып қорғайды. |
«Бас бармақ» әдісі,кері байланыс, өзін-өзі бағалау, топпен жұмыс: ұпайларға жұлдызшалар беру арылы, тест тапсырмасы, рефлексия: «Аяқталмаған сөйлемдер» |
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары
|
|||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1:. 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2:. Сабақ барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымда жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
Жанаргуль ханатовна
Сабақ жоспарыныз өте қатты ұнады
Malikafsiltai
жақсы