Өлең, жыр, ақындар

Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабағында формативтік бағалау әдісін қолдану

Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназияның
бастауыш сынып мұғалімі Терезенова Бекзат Ордабековна 

Тақырыбы

Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабағында формативтік бағалау әдісін қолдану.

Жалпы мақсаты

Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабағында «Дана үкілер» әдісін қолдануының тиімділігін көрсету.

Оқудың нәтижесі

 - Мұғалімдер қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабағында  «Дана үкілер» әдісін қолдануының тиімділігін түсінеді.

 -Топпен жұмыс барысында қарым-қатынасты қалыптастыруға бейімделеді.

 - Кері байланыс жасау дағдысын қалыптастырады.

Негізгі идея

«Дана үкілер» әдісін қолдануының тиімділігін түсіндіру.

Көрнекі құралдар

 - «Дана үкілер» әдісі туралы түсінік беру. (Power Point)

 - «Черодей» киносының бейнежазбасы.

Өтілу тәртібі

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалімдер дайын тұрған топқа бөлініп отырады. Назарларына «Черодей» киносының бейнежазбасы ұсынылады.

 

Тақырыпты ашу

 

Сұрақ қою әдісін қолдану.

1. Осы бейнежазбадан не байқап тұрсыздар?

2. Егер сізде сиқырлы таяқша болса сіз қандай тілек тілер едіңіздер ?

3. Сіз жаңа жылда қандай сыйлық алғыңыз келер еді,кішкентай парақшаға жазуыңызды сұраймын.

Құрметті әріптестер сіздерді бүгінгі жұмысымыздың тақырыбы «Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабағында «Дана үкілер» әдісін қолдануының тиімділігі»  

Теориялық бөлім

 

Алдарыңызда  жатқан «Ең бағалы сыйлық» атты мәтінмен танысуларыңызды сұраймыз.

1. Енді осы мәтінді «Дана үкілер» кестесіне саламыз.

Осы кесте бойынша «Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері» бойынша, мәтіннен негізгі жаңа ұғымдарды табуларыңыз керек ,бұған 5 мин уақыт беріледі.

Практикалық бөлім

 2. Құрметті әріптестер,аталған кесте бойынша әр бөлікті ашуға тырысамыз.Әр топқа жеке берілген тапсырма бойынша ашамыз.5-топқа тапсырманы таратып , ауызша жауабын тыңдау.

 3. Постер бойынша тапсырма.Жазылым тапсырмасы арқылы орындау.

 4. Постерді бағалау.

Рефлексия

Кері байланыс кестесін толтыру.

Көрсеткіш кестесін тарату.

Мұғалімдер толтырады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз